Жұма, 20 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылыққа бару үшін қажылық визасын алу міндетті ме?

20.12.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
313
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қажылыққа бару үшін қажылық визасын алуға қатысты пәтуа шығарды. Онда былай делінген:

«Қажылық визасы – заманның талабына сай әрі көпшіліктің мүддесі мен қажеттіліктеріне орай Сауд Арабия Королдігінің қойған талабы және заңы.

Қажылық визасы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), сахабалардың заманында болмағанымен, бұл – заман талабына сай дербес мемлекеттердің ішкі заңы әрі мұсылмандардың мүддесі үшін қойылған талап[1]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

فما رَأى المُسلمونَ حَسنًا؛ فهو عندَ اللهِ حَسنٌ

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026

Ұлттық құндылықтар жат діни идеологияларға қарсы иммунитет бола ала ма?

19.03.2026

«Мұсылмандар жақсы деп санаған іс – Алланың құзырында да жақсы»[2], – деген.

Сауд Арабия мемлекеті қажылықты ұйымдастыру үшін «Рұқсатсыз (визасыз) қажылық орындауға болмайды» деген арнайы заң қабылдады. Оған қатысты ережелер мен шарттарды бекітті. Осы заңға сәйкес Сауд Арабия үкіметі және өзге мемлекеттер белгілі шарттар аясында рұқсатпен ғана қажылықты орындап келеді.

Сондықтан төмендегі шарттарға байланысты қажылық визасынсыз және заңсыз жолмен қажылыққа баруға болмайды:

  1. Басшыға бойсұну. Басшы шариғатта Алланың харам еткен нәрсесіне бұйырмаса, оған бойсұну – міндет. Алла Тағала Құранда былай дейді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ

«Уа, иман келтіргендер! Аллаға бойсұныңдар, елшіге бойсұныңдар  және өз араларыңдағы әміршілеріңе (басшыларыңа) бойсұныңдар»[3].

  1. Мұсылмандар келісім мен шарттарды орындауға тиіс. Мұсылман адам қандай да бір елге барған кезде, сол елдің қойған талабы мен шарттарын орындауға міндетті. Алла Тағала Құранда:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَوْفُوا بِالْعُقُودِ ۚ  

«Уа, иман келтіргендер! Келісімдерді (уәде-серттерді) толық орындаңдар!»[4] – деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

المسلمونَ على شروطِهم

«Мұсылмандар шарттарын орындауға тиіс»[5], – деп айтқан.

  1. Бұл мұсылмандардың мүддесі үшін қойылған талап. Егер әлемдегі екі миллиардқа жуық мұсылманның кем дегенде (шамасы жететін) 60 миллионына қажылық жасауға рұқсат етілсе, онда әл-Харам мешіті, Арафат тауы, Мина жазығы сынды қажылық рәсімін орындайтын жерге адам сыймай кептеліске ұшырап, қажыларға лайықты қызмет көрсетілмей қалады. Оның салдары қажыларға үлкен зиян тигізумен қатар қайғылы жағдайдың орын алуына алып баруы мүмкін. Сол үшін Сауд Арабия мемлекеті қажылықты тек рұқсатпен ғана орындауға арнайы заң қабылдаған. Мұның негізгі мақсаты қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі бір-біріне зиян тигізбей құлшылығын атқару.
  2. Қауіп-қатерге бас тігу. Талапқа қарсы келіп, біле тұра қажылыққа туристік визамен барған адам, күнәһар болады әрі жергілікті биліктің қажылыққа қатысты бекіткен заңын бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Ал заңды бұзып, жауапқа тартылған адам қажылық парыздарын орындай алмаса, мысалы, Арафат тауында тұра алмай қалса, онда қажылығы дұрыс болмайды әрі оның қазасын өтеуге міндеттеледі.
  3. Біреудің ақысына кіру. Сауд Арабия мемлекеті Қажылық және ұмра министрлігі квотаға сай қажылардың тұрақтайтын орнын, ішіп-жейтін асын, жүретін көлігін әзірлейді. Рұқсатсыз барған адамдар сол бөлінген орынға орналасып, тамағын жесе, кісі ақысына кірген болып саналады.

 

ШЕШІМ:

  1. Қажылыққа тек қажылық визасымен және заңды жолмен бару – міндет. Оны қолдан жасау – харам.
  2. Қажылық визасынсыз (туристік, студенттік, жұмыс т.б.) қажылық жасау – күнә.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

[1] https://www.dar-alifta.org/ar/fatawa/13056/%D8%A7%D9%84%D8%AD%D8%AC-

[2] Ахмад, №3600. Табарани, №8582. 9/118.

[3] «Ниса» сүресі, 59-аят.

[4] «Майда» сүресі, 1-аят.

[5] Әбу Дәуід, №3594. Ибн Хиббан, №5091.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: басты тақырыпқажылыққажылық визасыҚМДБпәтуа
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты
Жаңалықтар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

19.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Мемлекет және дін

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Ержан хазрет» мешіті жамағатымен жүздесті

"Ержан хазрет" мешіті жамағатымен жүздесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121224 бөлісті
    Бөлісу 48490 Твитерге 30306
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00