Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Маскүнем ананың өкініші

12.09.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
109
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жәмила бүгін ерте оянды. Ол өзінің ауруханаға қалай келгенін есіне түсіруге тырысты. Өкінішке қарай, бойындағы әлсіздік, мең-зең күйі төсектен тұрып, кеудесін көтеруге мұршасы келмеді.

Алып қалаға 17 жасында арман қуып келген бойжеткен қазір екі қабатты зәулім үй, қымбат көлік, сұлулық салонның, шағын дүкеннің қожайыны. Бақуатты, кәсіпкер әйелдің өмірінің мәні – ұлы Мәди. Баласы 8-сыныпты бітірген күні ол күйеуімен ажырасты. Әрі қарай өткен өміріндегі елеулі оқиғаларды есіне түсіре алмаған маскүнем әйел өзінің Психикалық сауықтыру орталығына жедел жәрдем көлігі жеткізіп, бірнеше күннен бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқанын дәрігерден естіді. Алкогольді сусынның қымбат түрлерін ғана тұтынатын Жәмила психологтың «Сіз қашаннан бері ащы суды тұтынасыз? Сізге ұзақ уақыт бойы тәуелділіктен емделу керек. Психотерапиялық емді бастаймыз»  деген сөзін тыңдағысы келмеді.

– Бұл орталыққа тағы келемін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Күйеуім мен құрбым өмірімді талқандап кетті. Жан досым мен өмірлік серігімнің сатқындығына шыдау мүмкін емес. Кәсіпкерлікте жолым болғанымен, бақытты болу маңдайыма жазылмапты. Шаңырағым шайқалды. Он жыл отасқан ерім ұлым екеумізді тастап кетті. Жанымды жегідей талаған реніш пе, өкініш пе, кейде жаным кеудеме сыймай кетеді. Өмірден түңілгенде тоңазытқыштағы вискиді ішіп, өз ойыммен алысып, ұйықтаймын. Жүректегі дерттің емі виски болды. Оны ішу  күнде әдетке айналды. Бірақ мен көшеде теңселіп ішіп жүрмеймін. Күндіз көлік жүргіземін. Алақаныма салып өсірген жалғыз ұлым бұзақылық жасап, полиция ұстап әкетті. Баламның басының дауға қалғаны жаралы жүрегімді тіліп өтті. Менің жалғызым осылай жарқын өмірін күл етті, болашағына балта шапты. Бұл проблемаларды ешкімге айта алмаймын. Дос күледі, дұшпандарым қуанады. Тағы да виски ішіп, үйден бірнеше күн шықпадым, әрі қарай есімде жоқ, – деп Жәмила көзінің жасын сүртті.

Қазір Алматы қаласында 4628 адам наркологиялық динамикалық бақылауда тұр. Олардың 3627-сі ащы суға тәуелді. Ал 922-сі қыз-келіншектер. Олар маскүнемдіктен толық айығып кеткенше дәрігерлердің бақылауында болады. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша, ішімдікке тәуелді қыз-келіншектердің саны 2022 жылмен салыстырғанда биыл азайыпты.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

– Маскүнем әйелдер емделмейді деген қате пікір. Себебі, мен араққа құмар бірнеше бұрымдыны емдедім. Ел арасындағы «қымбат спиртті сусынды ішкен адам оған тәуелді болмайды» деген жалған сөзге сенуге болмайды. Қымбат болсын, арзан болсын, тіпті сыра, шарап ішсе де, адам өзінің қалай тәуелді болып қалғанын білмейді. Ең бастысы, оны ащы суды ішуге не итермеледі? Соның себебін анықтау керек.

Біздің орталыққа емделіп жатқан әйелдер әртүрлі мамандық иелері. Тігінші, жұмысшы, педагог, жұмыссыздар да бар. Кейбіреулер тұрмысы нашар адамдар арақтың құлына айналады деп ойлайды. Бұл да қате пікір. Біздің науқастар маскүнемдік дертінің тұзағына түскенін мойындағысы келмейді. «Мен алқаш емеспін, көшеде аунап жатқан жоқпын» деп өзін ақтайды. Өкінішке қарай, мас күйде көшеде жатқан адам ғана маскүнем деп қателеспеңіздер. Тәуелділік адамның санасын улап, миын айналдырып алады, – дейді Сапар Рахменшеев.

Орталық директорының айтуынша, емнің нәтижесі болу үшін ең алдымен науқастың осы кеселден емделемін деген ниеті болуы керек. Отбасы немесе балалары үшін шипа іздеп келген науқастың бұл шарғалаңнан шығуы екіталай екен. Әйелдердің араққа құмар болуының себебі әртүрлі екенін айтады. Бала кездегі психикалық соққылар, отбасындағы кикілжің немесе көңіл көтеру үшін ащы сусындарды жиі тұтыну тәуелділікке жетелейді.

– Біздің психологтар, психиатрлар науқастың ішімдіксіз өмір сүре алмайтын халге жеткенін және тез арада емдеуді бастамаса, денсаулығы зардап шегетінін түсіндіріп, соған көзін жеткіземіз. Өйткені көптеген науқастар өзінің тәуелді екенін естігісі келмейді. Ал әйел маскүнем болу үшін қанша литр ащы сусын ішу керек екенін дөп басып айту мүмкін емес. Ол әр адамның ағзасына байланысты. Дегенмен әр аптаның сенбі, жексенбі күндері ащы суды ішуді әдетке айналдыруға болмайды. Бұл әдеттің нәтижесінде ауруға айналмасына кепілдік жоқ, – дейді қаланың бас психиатры.

Арақ, сыра, шарап, коньяк, вискиді жиі тұтыну адам ағзасына қауіпті. Маскүнемнің жүйке жүйелері, асқазан, бауыр қызметі, қан айналымы нашарлайды. Дәрігер әйелдерге де, ер азаматтарға да ішімдікті ішпеуге және спортпен шұғылдануға кеңес береді.

Жазира БЕГАЛЫ,

Алматы қаласы

Бөлісу3Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ақырзаманның белгілері бар заманда тұрамыз

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00