Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

30 күн тәтті жемеу оң нәтижеге жеткізеді

27.09.2023
- Жаңалықтар
0
146
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құрамында қанты көп тәтті тағамдар көп адамның күнделікті тағамында жиі кездеседі. Тәттіге деген құмарлық денсаулыққа кері әсерін тигізетінін жұрттың бәрі біледі. Бірақ бас тартуды жөн көрмейді. Мамандар ұсынуы бойынша 30 күнге тәттіден бас тартсаңыз, ағзаңыздан қандай өзгеріс байқауыңыз мүмкін екенін оқып көріңіз.

Қандағы қант деңгейі тұрақтанады. Көп мөлшерде қант қолдану қандағы қант дейңгейінің бірден өзгеруін тудырады. Ал ол қант диабетінің дамуына ықпал етуі және энергетикалық өзгеріспен қамтамасыз етуі мүмкін. Тәттіден бас тарту қандағы глюкоза деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі.

Ауыз қуысы жағдайы жақсарады.Тәтті өнімдер тісжегі және басқа да ауыз қуысы проблемаларының дамуын ынталандыруы мүмкін. 30 күн бойы рационнан тәттіні алып тастау тістер мен тіс еті жағдайын жақсартуы мүмкін.

Семіздік қаупі азаяды. Мөлшерден тыс қант тұтыну семіздік қаупінің артуымен байланысты. Тәттіден бас тарту салмақты бақылауға және зат алмасудың бұзылу қаупін азайтуға көмектеседі.

Энергияны және зейін қоюды жақсартады. Қантты артық жеу шаршаңқылық және ашуланшақтық сезімін тудыруы мүмкін. Тәттіден бас тарту энергия деңгейі мен зейін қоюды жақсартады.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Тәттіге деген қажеттілігіңізді түсінуге көмектеседі. Тәтті тағамдарсыз 30 күн жүру өз қажеттеліктеріңіз бен қантқа деген тәуелсіздігіңізді жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл болашақта дұрыс әдеттер қалыптастыруға ықпал етеді.

Тәттіден бас тартуға көмектесетін кеңестер

Тәтті жеуді азайту үшін тамақтану мәзіріңізге күрделі көмірсулар қосыңыз. Күрделі көмірсулар жылдам көмірсулар сияқты энергиямен бірден қамтымайды, себебі ұзақ қорытылады. Алайда, баяу қанттарға бай өнімдер ұзаққа дейін тоқтық сезімін береді. Яғни, мұндай тамақтардан соң бірнеше сағат бойы тәттіге тартпайды. Мұндай өнімдерге жармалар, кепкен жемістер, жаңғақтар және шемішке жатады.

Қантқа тәуелділіктен арылуға жеміс-жидектердің мөлшерін көбейту көмектеседі. Олар фруктозаға бай болғандықтан пайдалы тәтті алмастырушы болып табылады. Жиі цитрус, киви, алма, алмұрт, қаражидек, таңқурай, құлпынай, банан және ананас жеңіз. Ал жүзімнің құрамында фруктозамен қатар глюкоза болғандықтан, оны көп жеудің қажеті жоқ.

Қанттан жылдам бас тарту үшін ағзаңызды хром микроэлементінің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіңіз. Себебі қандағы осы минералды қоспаның жетіспеушілігі – тәттіге тәуелділіктің бір себебі. Хромды биологиялық белсенді қоспа (денсаулыққа байланысты кез келген дүкенде сатылады) ретінде қабылдауға болады немесе мына азық-түліктерді жеу арқылы алуға болады: брокколи, картоп, күркетауық еті, мандарин, апельсин, бауыр, бұршақтылар, жұмыртқа, қарақұмық.

Күнделікті тамақтану үлесіңіздегі ақуыз үлесін көбейтіңіз. Тамақтағы ақуыз тәттіні азайтуға қалай көмектеседі? Протеиндер қандағы қант деңгейін тұрақтандырады, сол арқылы тәттіге құштарлығыңыз азаяды. Ақуыздың көп мөлшері балықта, теңіз өнімдерінде, тауық және бөдене жұмыртқасында, сүзбеде және етте бар. Тәтті бірдеңе жегіңіз келген кезде қандай да бір протеинге бай өнім жеп жіберіңіз.

Үйдегі барлық тәттіден арылыңыз.Бұл әдіс кондитерлік тәтті тағамның орнына пайдалы бірдеңе жеуге итермелейді. Үйде ешқандай тәтті болмаса, қарныңыздың ашқанын басу үшін үйде бар пайдалы тағамды ғана жеуге мәжбүр боласыз. Супермаркетке барғанда тәтті сататын бөліміне бармаңыз.

Жұмысқа барарда жүрек жалғауға тіскебасар салып алыңыз. Бұл мақсатқа тек пайдалы тағамдар таңдаңыз: жаңғақтар, кепкен жемістер, балғын жемістер, тұтас дәнді нан, мюсли батончигі, қара өрігі бар табиғи йогурт, сүзбешелер.

Тәттіге тәуелділіктен арылу үшін ащы тағам жеңіз. Тәтті жегіңіз келген кезде грейпфрут, қара шоколад бөлігін немесе балдыркөк қосылған көкөністі салат жеңіз.

Таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз. Ол толыққанды және тойымды болуы керек. Таңғы асыңыз тойымды әрі құнарлы болса, түске дейін тоқ жүресіз, сондықтан тәтті жегіңіз келмейді.

Кәмпит немесе торт тілімін жегіңіз келгенде 1 стақан су ішіңіз. Тәулігіне 6 стақан су ішуге тырысыңыз. Ол қарынды толтырып, аштық сезімінен арылтады.

Не арқылы: baq.kz
Таңбалар: денсаулық
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Денсаулықтың қадірі
Ғибратты әңгімелер

Денсаулықтың қадірі

21.11.2025
Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі
Жаңалықтар

Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00