Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылар туралы хикаялар – 9

23.08.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
196
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қажылық және қажылар туралы хикаялардың тоғызыншы топтамасы келіп жетіп отыр. Мархаба!

Сүзік ата

Сүзік ата кесенесі Сайрам ауылының оңтүстігіндегі Сүздік ата төбесінде орналасқан. Толық аты – Әзіреті Әлі Қожаұлы Әзіреті Мұстафақұл қожа. Бір жазбаларда Мұстафақұл Хани (Ғани) деп те жазылады. ХІІ ғасырда өмір сүрген. Ахмет Ясауидің қыздан туған жиен-немересі. Сайрамдағы шайық Мұсаның баласы. Ел арасына Қарашаш атанған, шын аты Айшаның ағасы. Сайрам қаласында өмір сүріп, осы жерде қайтыс болған. Мұстафақұл қожаның Сүзік ата деген лақап аты да ел арасында сақталған. Ел аузындағы  әңгімелерге қарағанда, бала кезінде үлкен бабасының қасында маужырап, момын болып, ұялыңқырап тұрады екен. Сонда Ахмет Ясауи немере-жиеніне сүйсініп: «Кел, шырағым, менің сүзігім!» деп шақырса, кейде еркелетіп, «Менің сүзігім» деп атайды екен. Сол бойы ел «Сүзік ата» атаған. Яғни, «Сүзік» сөзі қасы-көзінің сүзіліп, ізеттілік, инабаттылық, әдептілік сақтауына орай айтылған.

Тарихи деректерде Сүзік ата діни ғұлама кісі, Алланың әмірін, пайғамбардың жолын берік ұстанған. Ислам дінінің қазақ даласына тарауына зор еңбек сіңіріп, насихатшы болған. «Әз Әулиелер» кітабында намаз оқу, зекет беру, ораза ұстап, қажыға бару сияқты парыздарды орындаған деп жазылады. Сондай-ақ Ташкент қаласында да Сүзік ата кесенесі және мешіті бар. Бір зәулім көше сол әулие атымен аталады.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Сатыбалды ишанның туған жеріне оралуы

ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдары қажылықа барып қайтқан Сатыбалды ишан Сайрам қаласындағы мешітте имам, медреседе ұстаз болып қызмет атқарады. Жергілікті өзбек халқы оның лауазымына құрмет көрсетіп «Қыпшақ имам» деп атап кетеді.

Сайрамда қырық жылға жуық өмірін өткізген Сатыбалды ишан алдымен ру-тегі айтылатын заман кезінде өзбектердің айтуымен «Қыпшақ ишан» атанып, атақ-даңқы Қазығұрт, Сайрамнан асып, атажұртына да жетеді. Қыпшақ деген сөзді естіген оның руластары «Бұл кім өзі?» – деп, оның тегін білгілері келеді. Жетім қалып, жоғалып кеткен Сатыбалдының жетіліп, Сыр, Сайрам елінде осыншалық атаққа ие болғанына біреуі сенсе, бірі сенбейді. Дүрліккен ел не болса да оны тауып, ата-тегін сұрастырып, «шынымен елден кеткен бала болса, үйірге қосу әрекетін істейік» деп, іздеу салады. Сұрау салғанда Қыпшақ ишан бірде Ташкентте болса, бірде Шыршықта болып, оны іздеген адамдардың жолығу мүмкіндігі көпке дейін болмайды.

Сырттағы әйгілі Қыпшақты іздеу ісіне сол кездегі Торғай елінің төре басқармасы Сүлейменнің арнайы жасақталған адамдары мен тілмаш Сүйін Орысұлы деген азамат құлшына кіріседі. Оқыған, көзі ашық Сүйін сол кездің заңына сәйкес алдымен хат жібереді. Хат Ташкент өңірінде жүрген Сатыбалды қолына тиеді. Ол хатқа «Мен әкемнің қазасына бара жатырмын. Келген жерлеріңде ешқайда кетпей күтіңдер. Екі-үш күнде қайта ораламын», – деп, жауап жазады. Содан Сүйін мен Сатыбалды сол кездегі Түркістан өлкесінің орталығы Ташкент қаласында кездеседі. Сөйтіп, Сайрамдағы түбі торғайлық қазақты, ишан-діндарды Сүйін тілмаш ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Арғын-Қыпшақ елінің игі жақсыларының арнайы жұмсауымен «Елге дін, ислам ғылымын үйрететін адам керек», – деп, туған жеріне шақыртады: бір қызға үйлендіреді. Сөйтіп, ишан үш әйелінен (Өзбек қызы Ханиссадан соң, әйгілі Нұрақ қалпенің қызын алған екен) алты ұл, үш қыз көрген екен. Олардың бәрі оқымысты болыпты. Ал Файзолла есімді баласы атақты ақын болған деседі.

Ысқақ қажы

Ысқақ қажы Бәйбекұлы 1856 жылы туылып, 92 жасында 1948 жылы дүние салады. Оның қасиеті қажылық сапардан оралған соң көбірек білінген тәрізді.

Парызын өтеп елге қайтқасын ол туған-туысқандарының күнкөрерлік ауқаты болғандықтан, дүние ісіне, күнделікті күйбең тірлікке араласпай, біржола діни жолға ден қойған, діни білімін жетілдірудің амалын ойлаған. Ұзақ жылғы өмірі ел арасында өтіп, халыққа тигізген шарапаты арқасында ауыл ішінде ғана емес, аймаққа белгілі, қасиеті мол әулие адам ретінде танылады.

Қажының ел ішіндегі абыройының артуы Қазан төңкерісіне дейінгі елдің көшпелі өмір кешкен кезінде, ел арасында дәрігерлік көмектің атымен жоқ кезіне сәйкес келеді. Сол кездегі ел ішінде жиі кездесетін түрлі ауруларға, қарақұрт, шаян, жылан щаққан адамдарды дұға оқу арқылы тез сауықтырып жіберіп отырған. Ел ішінен тысқары жерлерден даңқын есітіп, айлап, апталап жүретін алыс жерлерден зарығып іздеп келген ауруларды да емдеп, дертіне шипа беріп, жазып қайтару арқылы әулиелігі аты алыс жерлерге тарап кеткен. Бұған қоса қажының көріпкел әулиелігі, өмірді алдын ала болжап отыруы сияқты қасиеті де болған. Қажы атын естіп, арнайы келе жатқан адамдардың қашан және қанша адам келетінін алдын ала біліп отыратын болған. Ондайда: «Ертең немесе арғы күні үш мүсәпір мейман келе жатыр. Үйлеріңді, дәмдеріңді даярлап отырыңдар» – деп келіндеріне ескертіп отырады екен.

Ел аузынан, шежірелерден жиған

Абылайхан Қалназаров

Таңбалар: қажықажылық
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстанға келесі жылға 4 мың қажылық орны бөлінді
Жаңалықтар

Қазақстанға келесі жылға 4 мың қажылық орны бөлінді

11.11.2025
Рұқсатсыз қажылыққа барғандарға айыппұл салына бастады
Жаңалықтар

Қажылыққа дайындық басталды

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Солақай адамға оң қолмен тамақ жеу міндетті ме?

Солақай адамға оң қолмен тамақ жеу міндетті ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00