Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылар туралы хикаялар – 8

15.08.2023
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
184
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қажылық және қажылар туралы хикаялардың сегізінші топтамасы келіп жетіп отыр. Мархаба!

Машрабтың Нұриддин қажыны шайтаннан арашалауы

Баба Рахым Машраб жастайынан ел аралауды әдет еткен көрінеді. Орта Азия, Қазақстан, Түркістан, Үндістан, Ауғанстан, Қытай елдерінің көп жерлерін аралап зиярат еткен. Ғазалдар мен көңілге қонымды өлеңдерін айтып ел назарына түскен екен. Ол бірде Қашғарда болып, сол елге танымал ғұлама Апақ қожа есімді ұстаздан сабақ алады.

Бірде Апақ қожа көпшілікке қарап: «Достарым, Ташкентте жеті мәрте қажылық сапарын шеккен Нұриддин қажы ажал құрсауында жатыр. Бірақ шайтан оның иманына қастық жасап тұр. Нұриддинге үстемдік жасап отыр. Араларыңызда барып Нұриддинді шайтан азғыруынан араша алатын адам бар ма? Алла жарылқап, Нұриддин қажы шайтанның шеңгелінен құтылса», – дейді. Ешкімнен жауап болмаған соң, қожа бұл сөзін үш рет айтады.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Үшінші қайталағанда Баба Рахым Машраб орнынан тұрып:

– Егер Әзіреті бұйырса, мен барайын, – дейді.

Сонда Әзіреті:

– Құтқара алатыныңа сенімді болсаң, неге үшінші айтқаныма дейін дауыс бермедіңіз? – деп сұрайды.

Баба Рахым Машраб:

– Әуелі ақсақалдарға қарадым. Екіншісінде қарасақалдыларға көзімді салдым. Содан соң кезек өзіме келгендігін түсіндім. Сондықтан үшінші қайталағанша барып дауыс бердім, – дейді.

Баба Рахым Машраб Нұриддин шайықтың қасына барып, оны шайтанның зұлымдығынан құтқарады. Қайтып келген Машраб көпшілікке қарап:

Құдай рақым етпесе,

Тәспі-тағаттан не пайда?!

Жүректе иман болмаса,

Қайыр-садақадан не пайда?! – деген екен

«Өліп-тірілген» қажы

Ел Ысқақ қажы Бәйбекұлын «өліп-тірілген» қажы деп атайды. «Әз Әулиелер» кітабына қарағанда, оның тарихы былай екен:

Қажы жастайынан ауыл молдасынан оқыған, оқуға алғыр, өте зерек бала болады. 12-13 жастан бастап намаз оқып, ораза ұстайды. Діни кітаптарды жинақтап, көп оқитын болған. Баласының діндарлығына, иманжүзділігіне тәнті болған анасы қамқорлық жасап, ерекше аялаған.

Бір күні кенеттен ауырмай-сырқамай баласы Ысқақ қайтыс болады. Ағайын-туыс, ел-жұрт жиналып көңіл айтады. Ертеңіне баланы ақ жуып, арулап қоймақшы болады. Сонда анасы баласының өлгеніне сенбей, бір нәрсені сезгендей, жұртына: «Қадірлі ағайын, ел-жұртым, осы баланы дүниеге әкелген менмін ғой. Алланың маған көрсеткені рас болса, мен баламнан күдер үзе алмай отырмын. Маған үш күнге шейін рұқсат беріңіздер. Мен жанында өзім ғана боламын. Егер осы мерзімде тірілмесе, ризалығыммен Алланың ақ жолына табыс етейін, тек тілегімізді беріңіздер» деп, өтініш айтып жалынады.

Ел сыйлы ананың сөзінен аса алмай, тілегін береді. Ана күні-түні ұйықтамай, бел шешпей баланың қасында болады. Ақыры үшінші күн дегенде баладан тірлік нышаны сезіліп, сәлден соң кәлимаға тілін келтеріп, басын көтереді. Бас жағына анасы қойған құран кітаптарды оқи бастағанда, анасы онымен тілдесіп, Алланың рақымына шексіз ризалығын білдіріп, тәубасына келіп барып, қуанышын елге жариялаған екен. Осы оқиғаға байланысты Ысқақ қажы «өліп-тірілген» әулие атанған.

Жастайынан діни оқуға ден қойып, көз ашқан, мұсылмандықтың жолын берік ұстаған бала өліп-тірілгеннен кейін Меккеге барып, қажылық парызын орындауды армандайды. Осы мақсатына жету үшін сол кездегі жол қиындығы мен қаражат тапшылығына қарамастан, жиырма жасында Ақмола қаласына баратын кірекештерге ілесіп кетеді. Ақмола уезінен қажыға баратын 12 адамның бірі болып тіркеліп, сол топпен айлап жүріп Меккеге барып, қажы болып оралады.

Ел аузынан, шежірелерден жиған

Абылайхан Қалназаров

Таңбалар: Абылайхан ҚалназаровҚажыларқажылық
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Нанжемес
Ғибратты әңгімелер

Нанжемес

24.11.2025
Отырарға барсаң, ақынмын деме!
Ғибратты әңгімелер

Отырарға барсаң, ақынмын деме!

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Мүлдем жоқ болуы мүмкін». Кенесарының бассүйегі қазір қайда?

"Мүлдем жоқ болуы мүмкін". Кенесарының бассүйегі қазір қайда?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00