Жексенбі, 11 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балғабек Мырзаев: Ақпараттың көптігінен теріс бағытқа түсіп кетіп жатқандар бар

09.07.2023
- Сұхбат
0
69
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаев ақпарат кеңістігі кеңейген сайын интернет пайдаланушылардың саны да күннен-күнге артуда дейді. Қазіргі таңда діни мәліметтерді табу еш қиындық тудырмайды. Сондықтан теріс ағымға түсіп кетіп жатқандар азаймай тұрғандығын айтады.

– Әлеуметтік желілердегі діни контенттердің қазіргі жағдайы қандай?

– Қазір әр адамның қолында құрылғысы бар. Ақпарат алу еш қиындық тудырмайды. Бірақ ол ақпарат қаншалықты сенімді көздерден алынды, оның пайдасы мен залалын қаншалықты ажырата алып жатырмыз деген сұрақ туындайды. Бұл әлеуметтік желіні пайдаланатын әр адамға ақпараттың пайдасы мен залалын таразылау жауапкершілігін жүктейді.

Таяқтың екі ұшы болады демекші, ақпарат ағыны арасында деструктивті ағымдардың идеяларын насихаттайтын топтардың да бар екендігін ұмытпау керек. Интернеттегі діни контент қоғамға немесе жекелеген тұлғаларға бағыт-бағдар беріп отыратын керекті дүние. Сондықтан оны қоғамның сұранысына сай дайындай білу және пайдалана білу өте маңызды.

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

06.05.2025
Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

01.05.2025

Жалпы бүгінгі қоғамда дінді ұстанатын, дінді ұстанбайтын, дінге сенбейтіндер немесе дінге қалай сенетінін білмейтіндер, сондай ақ радикалдар мен фанаттар сияқты әртүрлі топтар бар және олардың діни қажеттіліктері де сан қилы.

– Ал діни тақырыптардағы контенттерді кім бақылап отыруы керек?

– Діни материалдардың қандай аудиторияға бағытталатыны және оны кімдер айтуы орынды болатынына дейін уәкілетті органдар бағыттап отыруы керек. Әлбетте, дін саласындағы мемлекеттік саясатты білу әрбіріміздің міндетіміз, алайда соған бағынғысы келмейтін немесе тыңдағысы келмейтін азаматтар мен ағымдар да бар.

Мысалы, радикалдық бағыттағы адамға дінді ұстанбайтын адамның айтқан сөзінен әсер аз болады. Оған талай мәрте өзім де куә болдым. Ал оның алдына Құран мен Сүннет ілімін жетік меңгерген адам шығып, радикализм мен терроризмнің теріс әрекеттерін аят-хадистермен түсіндіріп берсе, ол райынан қайтуы әбден мүмкін.

– Ақпарат кеңістігінде жастарымыздың радикалды жолға түсіп кетпеуі үшін не істеуіміз қажет?

Осы бағытта еліміздің дін саласында қолданылатын заңнамаларын түсіндіру жұмыстарында діни контеттің рөлі айрықша. Түрлі мақала, шағын пост, аудио-бейне жазбалар мен қысқа метражды фильмдер, баннерлер мен жарнамалар арқылы біз өз азаматтарымызды діни тұрғыдан қателесуден сақтандырып отырамыз. Арнайы лекторлар қоғамның түрлі топтарымен тікелей эфир арқылы кездесулер өткізіп, оларға заңның алдындағы жауапкершіліктерін қаперлеріне сала отырып, азаматтарға бағыт-бағдар береді. Яғни осындай жұмыстар азаматтарымыздың радикалдық ағымдарға кетіп қалуының алдын алуға себеп болады. Сонымен қатар діни білімін жетілдіріп отырады.

Өз кезегінде мұндай діни контенттерді дін саласындағы мамандар мен зерттеушілер қоғамның дамуы мен талаптарына сай жаңаша форматта әзірлеуі керек.

– Күмәнді діни контенттің қоғамға қандай залалы бар?

– Қазіргі кезде ақпараттың көптігінен әлеуметтік желілерде теріс бағытты ұстанушылардың тұзағына түсіп кетіп жатқандар бар. Сөйтіп ойда жоқ жерден өмірін ойран етіп жатады.

«Дінді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің», – демекші, қазіргі таңдағы дінді өз мүддесі мен мақсатына қол жеткізу үшін құрал ретінде пайдаланатын «уағызшылар» көп. Ал жастар діни материалдардың дұрыс-бұрысын ажырата алмай әлеуметтік желілерде сағаттап уақыт өткізуі өз кезегінде адасуға алып келеді. Олар аталған парақшаларға тіркеліп қана қоймай, өз достарына да таратады. Сондықтан жасөспірімдер діннің сыртқы формасына ғана емес, ішкі мәніне, құрылысына сыни көзбен мән беруі керек деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда еліміздің жас азаматтарының басым көпшілігі үшін радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшырау қаупі зор. Жастардың радикалды діни ағымдардың ықпалына еріп кетуі олардың жеке көзқарасының әлі де толықтай қалыптаспағандығы және жас санаға оңай әсер ете алу жағдайына байланысты.

– Жастарға теріс діни ағымға түсіп кетпес үшін қандай кеңес берер едіңіз?

– Радикалды контенттер көбінесе әсерлілікке негізделген. Әлеуметтік желілерде таратылатын контенттертің тым көптігіне байланысты желі қолданушыларын ерекше, сирек кездесетін мәтериалдар қызықтырады. Осы тұста радикалдардың тарапынан шығатын контенттің қаупі жоғары екенін ескеру қажет.

Сондықтан да дінге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда интернет арқылы емес, ақпараттарды Қазақстанда тіркелген діни ұйымдардың мекемелерінен немесе олардың ресми сайттарынан алған дұрыс.

Сұхбаттасқан – Балжан Әбдіраш

 

Таңбалар: Балғабек Мырзаевдіни контентрадикализм
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Отандық дінтану ғылымындағы жаңа белестер
Жаңалықтар

Отандық дінтану ғылымындағы жаңа белестер

25.04.2025
Ағымдар ақиқаты

Радикалды идеология – тұрақсыздық факторы

15.02.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Нұр-Мүбарак» университетіне түсу емтихандары басталды

"Нұр-Мүбарак" университетіне түсу емтихандары басталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74136 бөлісті
    Бөлісу 29654 Твитерге 18534
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2461 бөлісті
    Бөлісу 984 Твитерге 615
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    543 бөлісті
    Бөлісу 217 Твитерге 136

Соңғы жарияланымдар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою