Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бірлік қайда болса, елдік сонда

01.05.2023
- Мемлекет және дін
0
345
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

1 мамыр – халқымыз үшін маңызы мен мәні тұрғысынан ең басты мерекелердің бірі. Өйткені қоғам өміріндегі кез келген істің берекелі де баянды болуы ауызбіршілік пен ынтымаққа келіп тіреледі. Онсыз жасампаздық та, өнер де, мәдениет те, тіл де, дін де өміршең болмас еді. Тіпті ынтымақ пен келісімсіз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізді де, Отанымыздың келешегін де баянды қыла алмас едік. Біз осы бақытымыз бен құндылықтарымыздың барлығына бас қосқан бірлігіміз бен тізе қосқан тірлігіміз арқасында жеттік.

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген ұстанымды ту көтерген халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап ұлтаралық және дінаралық татулық пен толеранттылықты ел дамуының басты желкені қылды. Келісім жоқ жерде келешек, бірлік жоқ жерде болашақ болмайтынын ұғынған жұрт үшін бұдан өзге жол да, бағыт та жоқ еді. Қонақжай қазақ жерін мекендеген әрбір ұлт өзінің тілі мен дінін, мәдениеті мен дәстүрін еркін ұстанып, заман ағымына сай дамытуға алғашқы күннен мүмкіндік алды. Күні кеше 1 мамыр мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: Бірлік. Тұрақтылық. Даму» тақырыбында өткен ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ынтымақ пен келісімнің арқасында жеткен табыстары мен бейбітшілігін тағы бір шегелеп айтты.

– Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек. Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік! – деді Президент.

«Біз бәріміз – бір отбасымыз. Бұл – артық айтқандық емес. Бұл – біздің шынайы болмысымыз» деген ол ел халқының бірлігін арттырып, ауызбіршілігін нығайтатын факторлардың бірі – мемлекеттік тіл екенін де тағы бір еске салды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

– Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі… Мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді, – деп атап көрсетті Президент.

Мемлекет пен дін қатынасында еліміз әу бастан зайырлы сипатты таңдады. Бұл – осы жерді мекендеген барлық діни сенімдерге еркіндік беретін мемлекеттік басқару моделі. Тарихи жағдайларға орай талай дін өкілдерінің басы қосылып, тағдыры үндескен бүгінгі еліміз үшін зайырлылық пен толеранттылықты ұстанудан өзге бейбітшілік жолы жоқ. Осы орайда елімізде 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің орны ерекше. Қазақ елін достық бесігі ретінде әлемге танытқан форумның соңғы өткен ҮІІ съезінде Қасым-Жомарт Кемелұлы әлемдегі ең беделді рухани көшбасшылардың басын қосып, диалог құру – біз үшін зор мәртебе екендігін айтты.

– Бұл съезд бүгінде жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог алаңына айналды. Бүгінгі форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі, Қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық – олардың бәріне ортақ сипат. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы барлық әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті, – деді съездің ашулында.

«Бірлік қайда болса, ерлік сонда.

Еркіндік қайда болса, елдік сонда» деген нақылды ұрпағына қалдырған ата-бабамыз бүгінгі біздің буыннан дәл осындай татулық пен келісімнің үлгісін көруды армандаған шығар. Бұл сенімнің үдесінен қаншалықты шыға алдық, оны уақыт көрсетер. Дегенмен, бүгінде Қазақ елін әлем жұртшылығы «бейбітшілік бесігі» ретінде танитыны бесенеден белгілі. Біздің міндетіміз – осы татулығымыздың тұнығын лайламай, тұрақтылығын бұзбай, одан әрі нығайту, бірлігімізді арттыра беру. 1 мамыр секілді елдік маңызы бар мерекелердің артықшылығы мен құндылығы осындайда көрінсе керек.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: 1 мамырбасты тақырыпбірлікҚазақстан халқының бірлігі күніынтымақ
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Моласындай бақсының…»

«Моласындай бақсының...»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00