Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Екі дүние есебі

11.04.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айы есіктен кіргелі ел-жұрт елең-алаңнан тұрып, ауызда­рын бекітіп, мұсылманға парыз етілген ораза амалын орындап жатыр. Арасында елдің ертеңгі тұтқасы болар жастардың қарасы қалың. Бұл – жақсылықтың нышаны. Себебі олардың материалдық дүниенің ғана соңынан қумай, рухани жетілуге де ден қоюы саналы да саламатты қоғам құруға бет алған елдің белгісі болса керек.

Біз бұл мақаламызда рухани тақы­рыпты қаузап көреміз. Атап айтқанда, таяқтың екі ұшы болатынындай, дүние тіршілігі де тек байлыққа талпыну емес, оның екінші жағы – рухани кемелдікке жетуге бағытталғаны жайында сыр шертпекпіз.

Есепшот

Бүгінде көпшілігіміздің банкте есепшотымыз бар. Бұл сөзді естігенде көз алдымызға ақша, тиын-тебен келе­тіні рас. Алайда дүниелік есепшоттан маңызы кем емес тағы бір үл­кен есепшоттың барынан біз көбіне бейхабармыз. Ол – ақыреттік есеп-қисабымыз. Шын мәнінде, әрбір адам балиғат жасына толған шағынан бастап оның «ақыреттік есепшоты» ашылады. Мұны діни терминге салсақ, «амал дәптері» деп айтамыз.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Банктерде біреудің есепшоты болуы мүмкін, біреулерде мүлдем болмаған да шығар. Ал ақыреттік есепшот жер басып жүрген әрбір пенде баласында бар.

Бұл есепшотқа жинайтын біздің жиған-тергеніміз сауап деп аталады. Өмірде нәпақа табатын жұмыстардың ұзын-саны көп болса, сауап теретін амалдардың қатары тіптен шексіз. Ең қарапайымы – жолдағы өзгелердің жүруіне кедергі болатын кесекті алып тастаудан бастап, мұқтаждарға қайырымдылық көмек беру секілді ізгі істердің бәрі – мұндай түрдегі нәпақаны дорбалап та, долларлап та жинайтын амалдар.

Ал егер сіз жаман істерді жаса­саңыз, онда «ақыреттік есепшотыңыз» ортайып, арты шығынға батуға әкеп соқтырады. Сонымен, шығын дегеніміз не?

Шығын

Өкінішке қарай, сіздің есепшо­тыңыздағы тірнектеп жиған тиын-тебеніңізді шетінен жымқырып, азайтып тастап отыратын бір пәлекет бар. Ол – өзіңіздің жасаған күнәларыңыз. Дүниелік тілмен айтсақ, ол – шығын.

Сіз неғұрлым көп шығын жа­са­саңыз, есепшотыңыздың да жылдамырақ жұталуына себепші боласыз. Тіпті ондағы көп жыл бойы маңдай термен тапқан азғантай қорыңыз түгелдей таусылып, қарызға белшеңізден батуыңыз да ғажап емес.

Ал бұл өмірде дәулеті асып-тасып жатқанымен, ақыреттік қарызға белшесінен батып жүрген бейбақ жандар қаншама?! Әзірге оларды дүниелік байлығы қолдап-демеп, көтермелеп, атақ-даңқын аспандатып жүр. Ал ертең теңгең мен тиының жүрмейтін кез келгенде олар не істейтінін ойланды ма екен? Банкроттың көкесі сол кезде болар…

Банкрот

Біз көбіне банкрот деген сөзді – ақшаның таусылуы, тақырға отыру, бизнестің тығырыққа тірелуі деген ұғымдарда қабылдап жатамыз. Ал шын банкрот дегенің басқа екен.

Бір хадисте пайғамбар сахабалардан: «Банкротқа ұшыраушы кім екенін білесіздер ме?», деп сұрайды. «Банкротқа ұшыраушы – ақшасы да, мүлкі де жоқ адамдар», деп жауап береді серіктері. Сонда пайғамбар: «Шын мәнінде, менің үмбетімнен кейбір адамдар (яғни мұсылмандар) ертең Алланың алдына намазымен, оразасымен, зекетімен келеді. Бірақ олар соған қарамастан, біреуді жамандаған, біреулер туралы ғайбат сөйлеген, басқаның мүлкін тартып алған, адамның қанын төккен, біреуді ұрып-соққан, сол себепті ақыретте жиған сауаптарын өзінен жәбір көрген адамдарға береді, егер сауаптары жетпей қалса, сол адамдардың күнәларын мойындарына артып алады да, тозаққа тасталады. Міне, шын банкротқа ұшыраушылар осылар», деді.

Біз бұл мысалдан ізгі қоғам құру үшін тек құлшылық ету жеткіліксіз екенін көреміз. Айналаңа зияныңды тигізбеу, елге, жұртқа пайдалы адам болу – ең басты міндетіміз.

Депозит

Бүгінгі банктер өз клиенттерін депозиттерімен қызықтырады. Шо­тыңа ақша салып, кейін оны арты­ғымен қайтарып алу кімге ұнамайды дейсіз? Осы жерде біз үшін «ақыреттік депозиттің» де бар екенін айтпай кетуге болмас.

Біздің рухани есепшотымызға жинайтын сауаптарымызды бірнеше есеге арттырып отыратын бір мезгіл бар: ол – қасиетті Рамазан айы. Бұл айда жасаған әрбір игі амалға басқа уақыттарға қарағанда еселеніп сауап жазылады. Хадиске құлақ түрелік. Пайғамбар: «Ұлылығы шексіз Алла тағала: «Құлым ас-ауқаттан, сусыннан және нәпсінің қалауларынан тек Мен үшін бас тартады, сондықтан оның сауабын Өзім беремін. Әрбір жақсылыққа он есе сауап жазамын», – деп айтты», десе, Имам Мүслімнің xабарында: «Алла елшісі: «Адам баласының барлық амалдарының сауабы еселенеді. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», деген.

Ендеше бұл депозиттің де игілігін неге көрмеске?

Несие

Бүгінде қаражаттан тарлық көрген адамның бәрі банкке жүгіретін болды. Бір қарағанда керек кезінде қажетіңе жарайтын керемет мүмкіндік. Бірақ сол қаражат кейін қалтамыздан пайызымен қоса шығатыны туралы көбіміз ойлана бермейміз.

Ал сіз несиені алушы емес, беруші бола алатыныңызды ойладыңыз ба? Нақтырақ айтқанда, «Аллаға берілетін несие» жайында естігенсіз бе?

Құранда: «Кім Аллаға көркем қарыз берсе, сонда Алла ол үшін көп есе арттырып береді», делінген («Бақара» сүресі, 245-аят). Яғни бұл жерде несие беруші – сізсіз. Алла – оны үстемелеп қайтарушы. Мұнда қарыз деп өмірдегі ізгі амалдар айтылып отыр. Аяттың мәні – кез келген ізгі амал қайтарымсыз қалмайды және ол көп есе арттырылып беріледі. Ендеше, біз ең әуелі Аллаға берілетін «несие» жайында көбірек ойлануымыз керек екен.

Мәшһүр ғалым Хибатулла Тарази дүние мен ақырет – адамның екі көзі іспетті екенін айтады. Оның пікірінше, өмірге тек ақырет көзімен қарап, Алла тағаланың дүниелік парыз қып берген істерін (жұмыс істеу, үйлену, бала тәрбиелеу, қоғамға пайда келтіру, т.б.) аяқ асты еткендер мен айналасына тек дүние көзімен қарап, байлыққа ғана құмартып, ақыретін, екінші дүниені ұмытқандар  бір көзі жоқ жандар секілді. Бұл ертеңгі күні әрбір пендені қиындыққа ұрындырары хақ.

Иә, екі дүниені тең ұстағанға не жетсін!

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ақыретбасты тақырыпдүниеЕскендір Зұлқарнай
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
ҚМДБ: әл-Ақсада мұсылмандарға күш көрсеткен тараптың әрекетін қатаң айыптаймыз!

ҚМДБ: әл-Ақсада мұсылмандарға күш көрсеткен тараптың әрекетін қатаң айыптаймыз!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00