Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала тәрбиесіндегі әйелдің орны

12.04.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
440
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әр халықта «ана тілі» деген қасиетті ұғым бар. Ана тілі – рухани тәрбие бастауы. Барша құндылықтарды халық тіл арқылы жеткізеді. Ал ана тілі – ең алдымен бесік тербеткен әйелдің тілі.

Қазақ әйелі бесікті қандай жырмен тербетті? Бесік жырын қазақ «әлди» дейді. «Әлди» – «Алла» деген сөздің өзгерген түрі екенін тілтанушылар әлдеқашан дәлелдеген. Бесікті Алла атымен тербетуді қазақ әйеліне ешкім үйреткен жоқ. Перзентіне имандылықты ана сүтімен сіңіру үшін ойлап тапты.

Біздің әжелеріміз бесік тербеткенде:

Алла деген ар болмас,

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Алланың жолы тар болмас.

Алланы айтқан адамдар

Ақыретте қор болмас, – деп, Йасауи хикметтерімен тербететін. Қайырмасында «Лә илаһа илла алла, Мұхаммед Расулалла» деп шаһадат кәлимасын айтып отыратын. Қазақ арасында ең кең тараған бесік жырлары діни жырлар екен.

Бөбегім менің, бал бөпем,

Тәңірім болсын жар, бөпем.

Иманды боп өссін деп,

Иллалла деп тербетем.

Қазақтың имани құндылықтармен көмкерілген қанша мақал-мәтелін, аңыз-әфсанасын, жыр-дастанын, ертегісін, шешендік сөзін, даналық нақылын, тұрмыс-салт өлеңдерін әйелдер шығарғанын тап басып айту қиын. Бірақ әлдиден эпосқа дейінгі рухани мұраларда қазақ әйелінің қолтаңбасы сайрап жатқаны айқын.

Рухани тәрбиенің негізі – біз үшін ұлттық құндылықтарға негізделуі керек. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі заман талабы. Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра отырып дамыту. Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы – адамның рухани байлығын арттыру. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталған. Адам бойына жинайтын ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, сенімділік қасиеттерін тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дәстүрлі рухани құндылықтарды қашанда ұрпақтан ұрпаққа әйел-аналар жеткізіп отырған. Сондықтан да атамыз қазақ: «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлағатты сөз қалдырған.

Бүгінде әйел-аналар тәрбие ісінің алдыңғы сапында. Әркім өз отбасының тәрбиесін түзеп, ғасырлар сынынан өткен. Ал бүгінгі жастар алдында айтары бар аға буын, берері мол қазыналы қарттары бар бақытты ұрпақ екенін сезініп, кешегі «елім» деп ерлікпен өткен ұлт зиялылары қалдырған мол мұрадан тәлім ала білсе, рухани ізденістерінде ұлттық бағдардан жаңылмас еді.

Рухани құндылықтар тек сөзбен ғана берілмейді. Ол адамның өз болмысы, өз тұлғасы арқылы да қалыптасады, дамиды, өзгелерге беріледі. Тәрбие дегеніміз отыра қалып насихат айту емес. Ол – ең алдымен өз болмысыңмен үлгі болу. Осыны жақсы түсінгендіктен қазақ әйелі рухани құндылықтарды өз бойына жинақтау арқылы өзгелерге үлгі болды.

«Жақсы әйел – үйдің тіреуі» деген нақылды Қорқыт атамыз бекер айтқан жоқ. «Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті», «Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас» деген ғибратты да Қорқыт ата қалдырған. Қазақ әйелі өзгені құрметтеді, сол арқылы өзі де құрметке ие болды.

А. СЕЙДУӘЛІ,

Түркістан облысы дін істері

басқармасының «Дін мәселелерін

зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы

Таңбалар: бала тәрбиесіТәлім-тәрбие
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бала тәрбиесі – келешектің іргетасы
Видео

Бала тәрбиесі – келешектің іргетасы

29.10.2025
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны
Ислам

Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

12.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жыл басынан бері 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам портал арқылы көмек алды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00