Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазан – кешірім айы

30.03.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
449
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан – Алланың мейірімі төгілетін ай. Бұл айда Алла Тағала шынайы тәубе етіп, кешірім сұраған пенделерінің қате-кемшіліктері мен күнәларын кешіріп, мейіріміне бөлейді. Осыған қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйінші хабар жеткізген.

Егер ренжіскен адамдар болса, осы айдың құрметі үшін Алланың разылығын көздеп, бір-бірін кешіріп, татулық пен достық жолын ұстануы қажет. Кімде-кім ренжіткен досын немесе туысын кешірсе, Алла сол адамның дәрежесін арттырып қояды. Бұған байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Өзгелерді кешіргеннің Алла Тағала даңқын арттырады. Ал кімде-кім Алланың разылығы үшін кішіпейілдік танытса, Алла Тағала оны міндетті түрде жоғарылатады».

Кешірім жасау – мұсылманға тән жақсы мінездің бірі. Қазақ халқында мынадай жақсы сөз бар: кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік. Иманды, парасатты адам өзгелердің ерсі, дөрекі әрекеттеріне әдепсіз іспен жауап бермейді. Дөрекі қарым-қатынасқа көркем мінезбен жауап беріп, кешірім жолын ұстанады. Яғни дөрекі мінезді адамның деңгейіне түспей, парасатты, байыпты, иманды қалпында қалады.

Ораза – адамның мінезін жақсартатын, әрдайым кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелейтін теңдессіз құлшылық. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей, егер бізге біреу келіп, дөрекілік танытып, ұрыс-керіс бастап, жаман қылық танытатан болса, ондай адамға «мен оразамын» деп айтуымыз қажет. Біз осындай жауабымыз арқылы мәселені көркем түрде шешеміз.

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026

Жақсылық жолын ұстанған мұсылман баласы айналасына шуағын шашып, келмегенге барып, бермегенге беріп, қиянат жасаған адамды кешіріп, мейірімділік танытады. Сол үшін Алла оның дәрежесін арттырады. Осыған қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай сүйінші хабар жеткізген: «Мына үш мінез кімде болса, Алла Тағала сол адамды мейіріммен жәннатқа кіргізеді». Осы хадисті естіген сахабалар Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол қандай мінез?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Саған бермегенге сен бер, өзіңе келмегенге сен бар, қиянат жасағанды кешір» деп жауап береді. Жәннатқа кіру оңай іс емес. Ол үшін көп адам жасай бермейтін істі сіз бен біз амалға асыруымыз тиіс. Сонда ғана Алланың мейірімінен үміт етеміз.

Құранның бірнеше аяттарында Алла Тағала өзінің сүйіспеншілігіне бөленген, тақуа құлдарының сипаттарын айрықша атап өткен. Сондай тақуа пенделердің бойында болатын сипаттардың бірі біз сөз етіп отырған көркем мінездің белгісі – кешірімді болу. Бұл туралы Алла Құранда «Әли-Имран» сүресінің 133-134-аяттарында былай баяндайды: «Раббыларыңның жарылқауы мен кеңдігі жер мен көктей болған жәннатына асығыңдар. (Бұлар) тақуалар үшін әзірленген. Олар (тақуалар) кеңшілікте де таршылықта да Алла жолында мал сарп ететін жандар. Сондай-ақ олар – ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді».

Құрандағы Жүсіп пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) оқиғасын баяндайтын болсақ, ағалары көреалмаушылық жасап, оны құдыққа тастап, әкелері Жақыпқа (оған Алланың сәлемі болсын) «оны қасқыр жеп қойды» деп өтірік сөйлейді. Кейін бұл жағдайдың анық-қанығы расталған кезде Жүсіптің (оған Алланың сәлемі болсын) ағалары өз қателіктерін мойындап, әкелеріне кешірім сұрап барғанда Жақып пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) балаларына: «Сендер үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Өйткені Ол өте кешірімді, ерекше мейірімді» («Жүсіп сүресі», 98-аят) дейді.

Жақып пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) балаларын кешіріп қана қоймай, олар үшін Құдайдан жарылқау тілейді. Бұл Жақып пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) қаншалықты кешірімді екенін байқатады. Мұндай қасиет оның ұлы Жүсіп (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарда да бар еді. Ол өзінің бауырлары тарапынан қандай әділетсіздік көрсе де ең соңында оларға: «Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді кешірсін. Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі» («Жүсіп» сүресі, 92-аят) деп, ағаларының жасаған зұлымдықтарын кешіреді. Соңында Алла оның дәрежесін арттырады.

Қасиетті Рамазан айында ренжіткен адамдарды кешіріп, Алланың мейірімінен үміт етейік.

Ерденбек ИХСАНОВ,

«Орал» облыстық орталық

мешітінің наиб имамы

Таңбалар: басты тақырыпкешіріморазаРамазан
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Діни басқарма «Дін мен дәстүр» мүшәйрасын жариялады

Діни басқарма "Дін мен дәстүр" мүшәйрасын жариялады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120919 бөлісті
    Бөлісу 48368 Твитерге 30230
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00