Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Гүлмира МҰХАНҚЫЗЫ: Біздің қор осы уақытқа дейін 800-ден астам үй берді

04.03.2023
- Сұхбат
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде «Харекет» қайырымдылық қоры туралы көбі біледі. 2017 жылы құры­лып, ресми түрде тіркелген ұйым өмірде қиын жағдайға тап болған отба­сыларға, үй-күйсіз жүрген, ата-анасынан айырылған балаларға, қарттарға, жал­ғыз­басты аналарға көмектесіп келеді. Мысалы, жақында үйі өртеніп, далада қал­­ған бүтін бір отбасына жаңа баспананың кілтін табыстады. Осылайша, қайы­рымдылық қоры бес жылдың ішінде 800-ден астам отбасына баспана бақытын сый­лаған. Қордың негізін қалаушы Гүлмира Мұханқызы бұл игі іске халық зор үлес қосып отырғанын айтады.

– «Харекет» қайырымдылық қоры ту­ралы көбіне «Өнер қырандары» теат­ры­ның актерлері ел алдына шығып, ақ­п­арат беріп жатады. Соған қарап, қор­ды өнерде жүрген азаматтар ашқан екен деп ойлайтынбыз. Бұған жұрт ал­дына көп шықпауыңыз себеп шығар. Қайырымдылық қорын ашуға не түрт­кі болды?

– 2002 жылы белгілі бір себептермен Түр­кістаннан Алматы қаласына көшіп кел­ген болатынмын. Екі бөлмелі пәтер сатып ала­мын деген жоспарым болды. Алдын ала ке­лісіп, қаражаттың бір бөлігін төлеп қой­ған едім. Алайда сол пәтер аламын деген ақ­шамды ұрлап кетті. Содан 10 жыл бойы Алма­тыда пәтер жалдап тұрдым. 2012 жылы Аста­надан үй алып, көштім. Осы уақыттарда ден­саулығым біраз сыр беріп, ауырып жүр­дім. Өзім сондай күйде жүріп, оқырмандарға біл­ген дүниемді айтқым келген болар. Әлеу­мет­тік желіден парақша ашып, Абай ата­мыз­дың, Әйтеке бидің сөздерін, жетімдерді жы­латуға болмайтыны жайлы хадистер жа­зып, салып жүрдім.

Бір күні аяқастынан «Жолдасым екеуі­міз бір қызымызбен он жыл бойы пә­тер ала алмай жүрсек, көпбалалы отба­сы­лар қашан үй алады екен?» деген ой келді. Қа­расам, бес мыңдай оқырманым бар екен. «Бәрі мың теңгеден жинаса, бір баспананың бағасы шығады ғой» деп ойладым. Былай қа­рап тұрсақ, бұл адамның қалтасына аса ауыр емес. Осы ойымды Facebook-тағы па­рақ­шама жазып, «Бәріміз мың теңгеден жи­нап, бір жетімге үй алып берсек қалай қа­райсыздар?» деп ой тастадым. Бәрі қол­дай­тынын айтып, келісе кетті. Сол постым­ның ас­тына бес жүз адам пікір қалдырыпты. «Ке­ре­мет идея екен. Шот ашыңыз» деп жаз­­ған­дар болды.

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

06.05.2025
Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

01.05.2025

Бірақ басында маған оңай болмады. Өйткені сөз жүзінде бәрі қолдаған­мен, іске келгенде жағдай басқаша болып жа­та­ды ғой. Содан біраз жүрдім. Артымнан қан­шама халық еріп жатқаннан кейін түрлі адам болады. Сол сәтте «Дінге кір келтіріп ала­мын ба?» деген ой да мазалады. Қаражат жи­нап жатқан соң, жекеме «Алаяқ емессіз бе?» деп жазғандар да бар. Түрлі сөздер жа­ны­ма батып, жылаған кезде үміт үзбей, Жа­ратушыдан көмек сұрап, тілеумен бол­дым. «Шешінген судан тайынбас» демекші, ақы­ры осындай тәуекелге бел буған соң ая­ғына дейін апаруды ойладым. Бұл істі жүйе­леп алу керек деп, қор ашу туралы ше­шім қабылдадық. 2017 жылдың 7 қазанында қор­дың құжаты қолымызға тиді. Осылайша, бірінші баспанаға алты айдан кейін қол жетті.

Алғашқы баспананы 2017 жылы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Сәтбаев қа­ласынан алып бердік. Баспананы сый­ла­ған сәтте «Өнер қырандары» театры сол жер­де болып, бірге табыстаған болатынбыз. Театрда сахнасында жетім-жесірге көмек­тесу жайлы қойылым қойып, жұртшылыққа осы тақырыпты насихаттап жүргенінен ха­ба­рым бар. Содан «Осы игі істі бірге жал­ғас­тырсақ» деп ұсыныс білдірдім. Мадияр Се­рікбаев пен қасындағы жігіттер бірден қол­дады. Содан бері бірге жұмыс істеп келе­міз. Танымал адам болса, көбі сенім артады. Жыл­дан-жылға қатарымыз толығып жат­қа­нына қуанамын.

Көмек сұраған отбасылардың жағ­дайын барып көрген соң шешім қа­был­даймыз. Айына тұрақты түрде 30 бас­пана алып берсек деген мақсатымыз бар. Не­гізі, бір айда 60-70 үй сыйлаған кездеріміз де болған. Нақтырақ айтсам, 2020 жылдың жел­тоқсанында 60 баспана берсек, 2022 жы­л­дың наурызында 70 отбасына баспана кілтін табыстадық. Құдайға шүкір дейміз, ба­с­ында бір баспана сыйлау арман еді.

– Айына 60-70 баспана сыйлау таң­ғаларлық дүние ғой. Бұл қаражат­тың бәрін халық жинап бере ме?

– Иә. Үй сатып алып жатқан қаражаттың бә­рін өмірдің түрлі қиындығына тап болған адамдардың өміріне бейжай қарамайтын жа­нашыр жұрт жинап беріп отыр. Бұл осы уа­қыттың ішінде халықтың сеніміне ие бол­ғанымыздың белгісі деп ойлаймын. Қиы­ндықта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ғарып, бірігіп әрекет етсек қана мақса­ты­мызға жете алатынымыз анық. Осы орай­да біздің тұрақты салымшымыз болып, үй­сіз жүрген жандарға көмек қолын созып жат­қан халқыма алғыс айтқым келеді.

– Бұған дейін қай салада жұмыс іс­те­діңіз? Мамандығыңыз туралы біле отыр­сақ.

– Мамандығым – есепші. Қазір Алматы қа­ласында тұрып жатырмын. 2018 жылы Алма­тыға көшуге тура келді. Өйткені бас кең­семіз осы жақта.

– Қордың құрылғанына бес жылдан асып­ты. Қазір кеңселеріңіз, қызметкер­леріңіз бар ма?

– Карантинге дейін қызметкерлеріміз бол­маған еді. Ол уақытта еріктілермен жұ­мыс істедік. Карантиннен кейін қорқып, адам алу керек деген шешімге келдік. Өйт­кені ертең еріктілер ауырып қалса, жауап беруі­міз керек. Сөйтіп, әр өңірден бір адам­ды жұмысқа алдық. Әр жерден жауапты бір адам­ды қоймасақ болмайды. Өйткені құ­жат­пен жұмыс істейміз. Баспана табыстау оңай шаруа емес. Оның артында қаншама жұмыс атқарылады.

Қазір кеңсеміз, бухгалтер, заңгер ма­ман­дар мен қызметкерлеріміз бар. Үйді таңдап, құ­жаттарын жинауымыз керек. Қазір біле­сіз, алаяқтардың дәурені жүріп тұр. Үйін біреу­дің атына жазып қойып, өтірік «үйім жоқ» деп көмек сұрауы мүмкін. Біз оның бә­рін бүге-шігесіне дейін тексереміз. Соның бәрі жұмыс.

– Алаяқтардың арбауына түсіп қал­ған жағдай болды ма?

– Алғашқы жылдары бір жағдай болған. Еріктілер үстіртін ғана тексерген болар. Бір от­басына үй алып бердік. Шындық кейін ашыл­ды. Сөйтсек, оның басқа адамның атын­да үйі бар екен. Үй берген адам бізге шы­ғып, «Біз бердік қой, неге сіздер де үй бер­діңіздер?» деді. Біз «Неге өз атына жазып бер­мейсіздер?» дедік. Өйткені өзін тек­сер­генде атында үй болмаған еді. Бұл жағдай бізге жақсы сабақ болды. Ол кісінің 12 ба­ласы бар еді. «Балалардың біреуіне үй бердік деп есептейміз» дедік.

Қазір бәрін жан-жақты тексереміз. Бала­ларын, туыстарын да қараймыз. Бәрін зерт­теп, Халыққа қызмет көрсету орталығына бара­мыз.

– Бір үйді орта есеппен қанша тең­ге­ге аласыздар?

– Қазір жер үйлер, облыс аумағындағы үй­лер 10 миллионның көлемінде. Алматы, Аста­на жақта 15 миллион болып жатыр.

– Жақында қор 817-баспананың кіл­тін иесіне табыстады. Жалпы, сіз­дерге көмек сұрап хабарласатындар көп болар. Бірінші қандай отбасыларға кө­мек көрсетесіздер?

– Жағдайына қараймыз. Бізде кезек де­ген жоқ. Бүгін хабарласып тұрса, жағдайы өте ауыр болса, бір айдың ішінде үй алып беру­ге тырысамыз. Бізге маңыздысы – оның жағ­дайы. Мысалы, бес-алты баласы бар от­ба­сының жағдайы 3 баласы бардан жақ­сы­рақ болуы мүмкін. Өйткені Үкімет көмек­те­седі. Үлкен балалары болса, олар жұмыс іс­­­тейді дегендей. Ал күйеуі қайтыс болып, кіш­кентай балаларымен жұмысқа шыға ал­май отырған әйел болса, оған бірінші кө­­мекке барамыз. Себебі бұл – қызыл сы­зық­тағы адамдар.

Жалпы, адамдардың жағдайын 3 сызыққа бөліп, қарастырамыз: са­ры, жасыл, қызыл. Тұрған жеріне барып, жағ­дайды көріп, тексерген соң қай сызықта еке­нін анықтап кетеміз. Қызыл сызықта де­ге­німіз өте қиын жағдайда деген сөз. Айы­на кем дегенде 10 баспана береміз. Жаңа айт­қанымдай, 30 баспана тұрақты түрде та­б­ыстасақ деген мақсат бар.

Қасиетті Рамазан айында міндетті түрде «30 күнде 30 баспана» акциясы жүреді. Бұл – қор ашылған екінші жылдан бастап қолға алын­ған жоба. Қазір Құдайға шүкір, бұл жо­ба «Харекет» қайырымдылық қорының не­гізгі жұмысына айналғандай. Жалпы, бұл ак­цияны жылына 2-3 рет ұйымдастыруға тырысамыз.

– Жер бетінде қанша адам болса, сон­ша тағдыр бар дейді. Сан түрлі сы­нақ­пен бетпе-бет келген жандардың өмі­рі кейде жүрекке салмақ түсіретін шы­ғар…

– Иә. Ондай жағдай көп қой. Әрқайсы­сы­ның өмірі кімді болсын, бейжай қалдыр­май­ды. Жақында алты баласымен кон­тей­нер­ді паналаған көпбалалы анаға төрт бөл­мелі баспана сыйладық. Сол ананың қуа­ныштан жылаған көз жасын куә болдық. Мұндай жағдай көп кездеседі. Тағдырдың қанша соққысын, қиындығын көрсе де, жақ­сылықтан үмітін үзбеген жандар бар. 817-баспана шаңырақтары өртеніп, далада қал­ған, алты жаннан тұратын отбасына бұйыр­ды. Аналары бірнеше жанды асырау үшін таңның атысы, күннің батысы қара жұ­мыс істеп, қуықтай жерде күнелтіп жүр­ген. Сол пәтер дымы қалмай жанып кетті. Балаларының ақыл-есі даму жағынан артта қал­ған екен. 60-тан асқан апаның пәтер жа­ғалап жүргеніне 23 жыл болған. «Өз пә­терім­ді көре алмай көрге кетіп қала­мын ба?» деген ой мазалап жүргенде анамызға үй­дің кілтін табыстадық. Сенер-сенбесін біл­мей, көз жасына ерік берді.

Содан кейін Текелі қаласында тағ­дыр­дың сан түрлі сына­ғы­на мойымай, әр таңға шүкір етіп отырған отбасын көр­дік. Ол отба­сын­­да үш жарымжан тұратын еді. Көп­­шіліктің көмегімен Асқар Ахме­тов­­тің отбасына да баспана берілді.

22 жыл бойы көше сыпырып, қала­ның та­­­залығына үлес қосып жүрген, бір мүгедек ба­ласы бар Қызылорда қаласының тұрғыны Жа­нат Қуанышбаеваға да баспана бақытын сый­ладық. Содан кейін жертөледе кү­нелт­кен Мариямкүл Балабаеваның да тағ­дыры өте ауыр еді. Бір баласы аштықтан ше­тінеп кетіпті. Екі баласының ақыл-есі да­мымаған. Өзі 4 баланың анасы. 2 жыл бұ­рын жол­да­сынан айырылған екен. Аш­тық пен тоқтық­тың қадірін біліп, сабырмен күн кешкен жан­дардың өмірі енді тек қуа­нышты сәт­терге толсын деп көптің кө­ме­гімен бас­па­на сыйладық. Өмірдің бір қал­тарысында өз жыртығын өзі жамауға дәр­мені жет­пей, қоғамнан жырақтап қалған мұқ­­таж жандарға қолымыздан кел­генше кө­мектесе береміз.

Қарағандыда үш баласы бар ке­лін­шек болды. Өзі жетім өскен екен. Ба­лалар үйінде жүргенде, он алты жа­­сында бір малшылар ұрлап әкет­кен. Содан ұрып-соғып әбден қорлап, он сегіз жылдай ұстаған. Қорлықта жү­ріп үш еркектен үш бала туыпты. Сол қыз­ды көргенде көз жасымды тоқтата алма­дым. Жүректі ауыртатын көрініс еді.

Бізге ол туралы мәлімет жетіп, құт­қа­рып алып шықтық. Бұл іске Қараған­ды облыстық әкімшілігі көмектесті. Сол қыз­ға Қарағандыдан екі бөлмелі пәтер та­быс­тап, жұмыс тауып бердік. Жасы қырыққа ке­ліп қалған әйел болса да, жасқаншақ, қор­қақ болып қалған. Айналасындағы бәрі­нен қорқады. Бейімделуі қиын болды. Пси­хологтер көмектесіп жүріп, осы өмірге әрең «алып келдік». Үлкен қызы он сегізге толған еді. Сол қызды тұрмысқа бердік. Жақсы той өт­ті. Ол кісіге жарқын болашақ сыйладық деп ойлаймын.

– Бұл іске кінәлілер жазасын алды ма?

– Сол мәселені сұрап едім, өкінішке қа­рай нақты жауабы айтылмады. Менің тү­сін­генім бойынша, мал ұстайтын өте бай адам сияқты.

– «Харекет» қорының алдағы жос­па­ры туралы айтсаңыз.

– Алдағы уақытта демеушілермен, құ­ры­лыс компаниялармен келісіп бес қабатты үй­лер салсақ деген ниетіміз бар. Енді бұдан да көп игі істер атқарсақ дейміз. Қазір «Ха­ре­кет» қорында өзгеріс пен жаңалық көп. Кө­мек беремін деген адам саны көбейіп жат­қаны қуантады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Қайнар көзі: turkystan.kz
Таңбалар: қайырымдылық
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Адамның ниеті маңызды
Ғибратты әңгімелер

Адамның ниеті маңызды

06.05.2025
Сіз олардың қиналғанын күтпеңіз!
Ғибратты әңгімелер

Сіз олардың қиналғанын күтпеңіз!

05.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлемнен тағы бір тіл жойылып кетті

Әлемнен тағы бір тіл жойылып кетті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73923 бөлісті
    Бөлісу 29569 Твитерге 18481
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2457 бөлісті
    Бөлісу 983 Твитерге 614

Соңғы жарияланымдар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою