Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Уақыт неге тез өтуде?

24.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
965
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дүниені жоғалтсаң, орнын толтыруға болады, алайда уақыттың орны толмайды. Ақын Мұқағали атамыз айтқандай:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой…

Өтеді барлығы да.

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына

Таң нұрына, адамның тағдырына.

«Көктемнің бір күні – жылға азық», – дейді халқымыз. Сол сияқты жастықтың бір күні – сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Адам баласы бұл дүниеде екі нәрсенің қадірін білмейді. Ол екі нәрсе: денсаулық және бос уақыт», – деген екен.

Уақыт бәрін өзгертеді; махаббатты, сезімді, ойды, арманды, бақытты, заманды, көңіл күйді, дертті, адамды. Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара. Ең қиын жоғалту – уақытты жоғалту. Ақша – қымбат, өмір – қымбаттырақ, ал уақыт – одан да қымбат. Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Ешнәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын, алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал өткен уақыт қайта айналып келмейді. Мысалы, Абай атамыз:

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман… – десе, Шығыстың шайыры Ахмад Шауһи:

Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескертемін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған… – дейді.

Әнастан жеткен риуаятта Алла расулы (с.ғ.с.) айтады: «Уақыт тым тез жылжымай, ақырзаман келмейді. Жылдың ұзақтығы айдай, ай аптадай, апта күндей, күн сағаттай, сағат оттың жанып біткеніндей тез өтеді».

Аталарымыз айтқан:

Уақыттан асқан билік жоқ,

Уақыттан озған жүйрік жоқ,

Адамға Алла бұйыртқан

Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.

Уақытты бағалай алмайтын адамды Абай атамыз: «Білмеген – соқыр, қайғысыз отыр, тамағы тойса – жатуға», – деп теңеген екен.

Әбіш Кекілбаев: «Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бір-ақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын», – деп бекер айтпаған.

Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл».

Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек уақыт – адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді.

Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат құндылық болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады.

Қорыта келе Абайдың 15-қара сөзінде: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса, жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен есеп ал», – деп әдемі келтірген.

Қ. САЛЫҚБАЕВ,

Түркістан облысы Дін істері басқармасы

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы,

Р. Нарбек

Таңбалар: Өміртіршілікуақыт
Бөлісу23Твитерге15Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шыншыл достардың рухы бір
Ғибратты әңгімелер

Жұмақтың өзі өлімді талап етеді

17.07.2025
Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Зират басындағы құлпытасқа QR-код орнату сынақ ретінде жасалған

Зират басындағы құлпытасқа QR-код орнату сынақ ретінде жасалған

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00