Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тәкаппар болу – Аллаға қарсы шығу

28.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
387
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамның бойында жақсы қасиеттермен қатар теріс мінез-құлық та қатар жүреді.  Бірақ кейде адамдар оны шатастырып алып жатады. Соның бірі – тәкаппарлық. Бірі оның жаман қасиет екендігін мойындамаса, бірі біле тұра арыла алмайды. Осы тұрғыда дін саласындағы мамандар тәкаппарлық жайында не айтатынын ортаға салдық.

Тәкаппарлық – өзін басқалардан үстем, жоғары көру дегенді білдіреді. Ондайлар өзін жоғары көру арқылы жүректері рахаттанады екен. Тәкаппарлық – жаман мінез, харам.

Жалпы, ол араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. «Үлкен», «ұлы болу» деген мағыналарды білдіреді. Қазақ тілінде «менмендік», «өркөкіректік», «кеудемсоқтық», «паңдық» деп те айтылады.

Белгілі дінтанушы Абдусамат Қасымның айтуынша, тәкаппарлықты жүрегінен шығару үшін кімнің ұлы екендігі бір Аллаға мәлім екенін біл дейді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

– Кімнің Алланың қасында артық болмағы өмірінің соңғы сәтінде білінеді. Ақырыңның қалай болары белгісіз. Осыны біл. Сонда, бәлкім, ақтық сәтіңнің қаупі сені Алланың құлдарына тәкаппар болудан тыяр. Қазіргі таңдағы иманың мен өзіңе деген берік сенімің болашақта өзгеріп кетуі мүмкін екендігін жоққа шығара алмайсың. Өйткені Алла тағала жүректерді құбылтушы. Ол қалаған пендесін тура жолға салады, қалаған пендесін адастырады, – дейді дінтанушы.

Дінтанушының айтуынша, тәкаппар болу жаратушысын, Раббысын ұмытудың бір белгісі. Қазіргі кезде көбінесе адамдар осы жаман ауруға шалдыққан.

– Хадис шәрифте: «Көңілінде (жүрегінде) түйірдей тәкаппарлығы болған адам жаннатқа кірмейді» делінді. Қарапайымдылық – өзін басқалармен бірдей көру, басқалардан бір саты жоғары немесе төмен көрмеу деген сөз. Қарапайымдылық – адам үшін ең жақсы мінездердің бірі. Хадис шәрифте: «Қарапайым болғанға сүйінші болсын» делінді. Қарапайым адам өзін басқалардан төмен көрмейді,- дейді.

Республикалық бас мешіттің бас имамы Қанат Қыдырмин өркөкіректік – адамды өзгелерден жоғары ұстауға итермелейтін ішкі сезім, жағымсыз мінез-құлық дейді. Ол Алла тағала сүймейтін, адамдыққа жат сипаттардың бірі екен.

– Алайда, мұны адам тез байқап, бірден Алладан кешірім тілеумен жуып-шайып отырса, оның зияндылығы жоқ. Исламда менмендікті жоюдың маңыздылығы сонша, ол туралы қанша айтылса да артықтық етпейді. Өйткені ақыреттегі мәңгілік бақытты ғұмыр осынау озбыр мінезден аулақ болғандарға бұйырмақ. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! Өйткені сен ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында жеккөрінішті жаман қылықтар саналады», – деген аят түсіріп, мұндай мінезді жақсы көрмейтіндігін білдірген, – дейді имам.

Имамның айтуынша, адам баласын екі дүниеде бақытсыздыққа апаратын қасіреттің бірі – тәкаппарлық. Қатерлі дертке айналған бұл індет қаншама адамның жүрегін жаулай алмағандығын айтады.

– Бұрынғы өткен ислам ғалымдары әлем жаратылғалы алғашқы күнә осы тәкаппарлықтан басталды деп пайым жасайды. Бұған дәлел ретінде «Бақара» сүресінің  34-аятында былай деп жазылған: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды».  

Демек, бұл жаман қылық адамға ібілістен жұққанын көреміз. Өз Алласына бас имеген Ібілістің ісі ең үлкен күнәге теңелді. Сол себепті Жаратушы иеміз тәкәппарлыққа құлшынған Ібіліске лағынет етті. Ал осы тағылымды мысал, мұсылман мүміндер үшін сабақ болмақ. Алланың алдында өзінің қауқарсыз, көкірек көтеретіндей де қарымы жоқ екенін біле тұра адамдар ібілістің ізін басуы үлкен күнә. Олай болса, біз де Алланың адал құлы ретінде бойымыздағы өзімізді тамұққа жетелейтін тәкаппарлық атты кеселден аулақ болуымыз қажет, – деді Қанат Қыдырмин.

Негізінде адам дүниеге тәкаппар болып туылмайды. Адам туғанда таза, пәк күйінде болады. Тәкаппарлық – жүре пайда болатын мінез. Бір-екі белесті бағындырған кезде, бір жұмыстарың өрге домалаған кезде, жолың ашылып, армандаған армандарыңа, алға қойған жоспар, мақсаттарыңа жеткен кезде, бір кісілерде тәкаппарлық мінез пайда болады. Бәріне өзім жеттім, өз қолымды өз ауызыма өзім жеткіздім деп, көкірегін ұра бастайды. Негізінде олай емес екенін, Алланың берген бағы, сыйы, несібесі екенін ұмыт қалдырмайық, ағайын!

Балжан ӘБДІРАШ

 

Таңбалар: тәкаппарлық
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Мен деме…

12.04.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлттық және діни бірегейлікке жетелейтін мәдени құндылықтар

Ұлттық және діни бірегейлікке жетелейтін мәдени құндылықтар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00