Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда пансионатта оқыған жасөспірімдер заңсыз діни рәсімдер жасалғанын айтты

17.02.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
153
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Имамдарды жолатпай, жұма намаз жабық түрде оқылды». Алматыдағы пансионаттардың бірінде тұрған жасөспірім мекеме ішіндегі астыртын әрекеттерді айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қайырымдылық қорына қарайтын жатақханада тіпті шетел азаматтары діни тақырыпта емтихан тапсыртқан.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат көздерінде құзырлы органдардың дәл осындай балалар пансионатына қатысты қылмыстық іс тергеп жатқаны айтылған еді.

«Ол жаққа барғалы имамдарды көрген жоқпын», – дейді жасөспірім.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

Ол есімін жария ету тұрмақ, түрін көрсетуге қорыққан жасөспірім даусын да өзгертуді сұрады. Алайда ол пансионат қызметкерлерінің жасырын әрекетін жасырмай айтып берді. Сөзіне сенсек, пансионат ұстаздары жабық әрі жүйелі түрде діни жоралғылар өткізген. Тіпті өзге тілде дәріс берген кездері де болған.

«Жұма күні тексеріс келді. Ол күні жұма намазы оқылмады. Бізге тексеріс жайлы алдын ала ескертті. Кітаптарымызды сөреге салып, тығып қойдық», – дейді жасөспірім.

Жасөспірім «жағдайды бірден ата-анама айтуға о баста батылым бармады» дейді. Алайда кейін шындықты жасырмай, іс насырға шаппай тұрғанда мекемеден біржола кетуді жөн санапты. «Пансионаттың балаларды шетелге жіберетіні туралы айтылғанда» сенбедік. Бірақ мына азаматтың айтуы бойынша, оның тұңғыш ұлы да, тіпті өзі де ұстаздардың сөзіне еріп, баласын жат елге аттандырыпты.

«Басында баламды «ең мықты университетке оқуға түсіреміз» деп сендірген. Оған еш арам ойымсыз, қуандық. Кейін ұлым да, бірге кеткен 70 бала да университетте емес, медресе атын жамылған мекемеде тұратыны белгілі болды. Онда баскөз болған «ұстазсымақтар» оларға күш қолданған», – дейді ата-ана.

Құзырлы органдар дерегінше, мұндай пансионаттар Алматыда ғана емес, елдің өзге өңірінде де бар. Жалпы саны 90-нан асады. Және барлығы бір қайырымдылық қорына қарайды. Бұған дейін олар Мүфтиятпен меморандум жасасу арқылы жұмыс істеген.

«Дін және заң бойынша заңсыздықтар табылып жатқаннан кейін ҚМДБ өзара жасалған, «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесімен жасасқан меморандумды тоқтатты», – деді ҚМДБ Алматы қаласы бойынша пәтуа бағытына жауапты маман Елбек Тасболатұлы.

Дінтанушының айтуынша, медресе атын жамылғандар имамды жолатпай, «үй ішінен үй тігіп» өз ережесімен жүруінің өзі қоғамға төнген қауіп.

«Дер кезінде мына дертті емдемесе, «сүлейменшілерді» қолға алмаған жағдайда олар да күш жинаған кезде шынайы бетпердесін көрсетеді. Біріншіден, Діни басқармаға бағынбағаны үлкен қауіп төндіреді. Екіншіден, өздерінің жасырын құлшылығы шариғатқа қайшы болғандықтан ол да бір қауіп», – деді теолог Руслан Қайыргелді.

Қаңтар айында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға тәртіп сақшыларының пансионаттар маңында жүргені таспаланған. Полиция департаментінің өкілдері сол кезде тексеру жүргізіліп, оқиға орнынан «Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдар табылғанын» хабарлады.

«Пансионаттың ішінде жасөспірімдер заңсыз діни жоралғылар және ұжымдық дұғаларға қатысқан. Ал келіспеген кішкентай балаларға қысым көрсеткен. Тамақ, су бермей, кей кезде қол көтерген. Осы деректер белгілі болғаннан кейін полиция тарапынан іс-әрекет жасалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу басқармасында», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция өзге ақпар тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайтынын мәлімдеді. Бүгінде егжей-тегжейлі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын ғана айтты.

Не арқылы: almaty.tv
Таңбалар: Алматы
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мүфтият Алматыда ауызашар берді
Жаңалықтар

Мүфтият Алматыда ауызашар берді

11.03.2026
Жарапазан байқауы қорытындыланды
Жаңалықтар

Жарапазан байқауы қорытындыланды

20.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Діни экстремизмнің қаупі қандай?

Діни экстремизмнің қаупі қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120853 бөлісті
    Бөлісу 48341 Твитерге 30213
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1595 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00