Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сергей МОРОЗОВ: Исламды қабылдап, бірқұдайлық сенімді толықтай таптым

19.12.2022
- Сұхбат, Таңдаулы
0
261
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов Ислам дінін қабылдады. «Спорт-экспресс» басылымына берген сұхбатында ол не себепті христиандықты тастап, мұсылмандыққа келгені туралы айтып берді. Біз осы сұхбаттан үзіндіні назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Өткен жылдың желтоқсан айында сен исламды қабылдадың. Мұндай шешімге қалай келдің?

– Бұл бірден қабылданған шешім емес. Бірнеше жылға созылған ізденістен кейін болған шешім. Айналамдағы адамдардың бәрі мұсылмандар. Олар кейде амалдарымен, кейде сөзбен үлгі көрсетіп, Исламға келуіме себепші болды. Ислам діні – ойланатын адамдарға арналған.

– Ата-анаң бұл шешіміңді қалай қабылдады?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

– Бәріне күтпеген жағдай болған шығар деп ойлаймын. Себебі мен ешкіммен ақылдасқан жоқпын, ешкімге ескерткен де емеспін. Бұған дейін православ дінін ұстандым, үнемі шіркеуге жексенбілік сыйынуға барып жүрдім. Ол кезде іздеген сұрақтарыма жауап таба алмайтынмын. Қазір Исламға келгесін, әлхәмдулиллә, барлығына жауап тапқандаймын. Өмірдің мағынасын түсінгендей болдым.

– Бұрын қандай сұрақтарға жауап таппағаныңды айта аласың ба?

– Қазір хейттер ағылады деп ойлаймын… Кез келген діннің басты мақсаты не? Басты мақсаты – бір Құдайға табыну. Мен христиан дінінде де бір Жаратушыдан басқаға басымды иген емеспін. Алайда шын мәнінде ол дінде басқаша екен. Бәлкім біреулер үшін бұл күтпеген жаңалық шығар, біреулерге бәлкім ақиқаттың есігін ашармын. Исламда сен тек бір Аллаға сыйынасың. Әркім оны өз тілінде әртүрлі атайды. Исламнан мен бірқұдайлық сенімді толықтай таптым.

Христиан, яһуди діндеріне де Жаратушы Құдай тарапынан қасиетті кітаптар берілген. Олар да алғашқыда бірқұдайлық сенімде болды, алайда уақыт өте келе қасиетті жазбаларды өз ыңғайларына қарай өзгертіп алды. Ал Исламды Алланың өзі қорғайды және ниеті дұрыс құлдарын түзу жолына бастайды. Бұл дінде өзіңді басқаша сезінесің. Дұрыс жолда екеніңді білесің…

Мен бұрын да өзімді дұрыс жолдамын деп есептейтін едім. Кейін исламға келіп, намаз оқи бастағанда мұнда бәрі өзгеше екенін сезіндім. Бойыңа сабырлылық, сенімділік дариды. Исламда тек Мұхаммедке сену керек деген нәрсе жоқ. Мұсылмандар барлық пайғамбарды құрмет тұтады. Ибраһимді, Мұсаны, Исаны пайғамбар деп санайды. Мұнда ешқандай проблема жоқ. Біз барлық қасиетті кітаптарды және барлық пайғамбарды жақсы көреміз.

– Исламды қабылдағаннан кейін жаңа есім алдың ба?

– Жоқ, алмадым. Егер есімің дінге қайшы келмесе, алудың қажеті жоқ.

– Биылғы алғашқы Рамазаның қалай өтті?

– Аллаға шүкір, Рамазанды ойдағыдай өткіздім. Оны қатты күттім, аздап қобалжыдым. Рамазаннан кейін жекпе-жек өтетін болғандықтан, қасиетті айдың ортасынан жатығуды бастауға тура келді. Шын айтсам, бұл Рамазан айы болғандықтан жаттығу жасағым келмеді, тек құлшылық қылғым келді. Алайда жекпе-жек күнін белгілеп қойғандықтан, залға оралуға мәжбүр болдым. Бірақ оразамды үзбей, сәресінен бұрын және ауыз ашқаннан кейін жаттығу жасадым.

Алла жазса, келесі Рамазанға дайындығым бұдан да жақсырақ болады деп ойлаймын. Тіпті сол айда жекпе-жек болады десе де, мен одан 100 пайыз бас тартамын, тек құлшылық жасаймын.

Таңбалар: аралас жекпе-жекисламИсламды қабылдау
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам – рационалды дін
Видео

Ислам – рационалды дін

16.01.2026
Ислам адам құқығын шектей ме?
Сұрақ-жауап

Ислам адам құқығын шектей ме?

01.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар әлі қылмыскерлердің қолында

Кентауда жас жігіттің көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер табылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00