Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан – конфессияаралық келісім отаны

06.12.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
602
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлем елдерінде ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке мен бірліктің арқасында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан елдердің саны аз екендігі баршаға мәлім. Соның ішінде 130-дан астам ұлыс пен 18 конфессия өкілдері тұратын қазақ елі бейбіт тыныштықта өмір сүріп келеді. Осы қырынан Қазақстан бүгінде әлем елдеріне үлгі және өнеге болатындығы анық.

Қазіргі таңда елімізде түрлі сенім өкілдері өмір сүреді. Бұл этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие болғандығын паш етеді. Қазақстан көне заманнан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороостризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргенін, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болғандығын көрсетеді.

Елімізде тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан да мәнді өсуі байқалды. Діни бірлестіктер саны ұлғайып, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады. Сондай-ақ жаңа ғибадатханалар салынуда – мешіттер, шіркеулер, синагогалар бой көтерді. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Бұл үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, ар-ождан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Қазақстан тек ел ішіндегі татулық пен рухани жандануды қалыптастырумен ғана шектеліп қоймай, әрқашан да күллі әлемдік қауымдастықты ғаламдық деңгейдегі сындарлы үнқатысуға шақырып келеді. Осындай саясатқа ұласып отырған әлемдік маңызға ие бастама – Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу идеясы. Бұл форум арқылы Қазақстан жер-жаһанның түрлі конфессиялары мен мәдениеттері өкілдерінің басын қосып, бейбітшілік пен өзара төзімділік қағидаларын насихаттайтындығын олараға өз ауыздарымен айтқызды.

Осы орайда, дана халқымыздың «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл сөзі еріксіз еске оралады. Қазіргі жаһандану кезеңінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес үшін барша қазақстандықтар үшін ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау мейлінше өзекті болып отыр. Басқа мемлекеттерге көз салып қарасақ, түрлі арандатушылық мен діни қақтығыстардың болып жатқандығын аңғаруға болады. Бұл мәселенің негізі ынтымақ пен бірліктің сақталмауынан болып отыр. Сол себепті этносаралық және конфессияаралық келісімде ынтымақ пен бірлікті сақтау әрбір қазақстан азаматы үшін міндет болып табылады.

Қорыта айтқанда, қазақ елі – әртүрлі дін өкілі мен әралуан мәдениеттің тоғысқан аймағы. Әлемдік аренаға Қазақстан конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтқан тәжірбиелі ел ретінде танылды. Бұның өзі үлкен еңбектің арқасы екендігі анық. Осындай бейбіт елде тыныштықпен өмір сүріп жатқан қаншама ұлт-өкілдерінің ризашылығын көруге болады. Сол себепті, осындай тыныш заманда конфессияаралық қарым-қатынасты әрі қарай жақсарту үшін әрбіріміз өзіндік үлес қосайық!

Н.Әмзеев «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»
бөлімінің маманы
Раушан НАРБЕК

Таңбалар: конфессияаралық келісімұлтаралық татулық
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025
Толеранттылық туы биікте желбіресін
Видео

Толеранттылық туы биікте желбіресін

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?

Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00