Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елімнің бақыты – егемендік

16.12.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
384
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін еркіндіктің аспанкөк байрағы желбіреген кең байтақ Қазақстан жерінде Тәуелсіздік күні мерекеленуде. 1991 жылдың 16 желтоқсанында біз үшін, қазақстандықтар үшін жаңа тарих, жаңа дәуір басталды.

Бұл күні Жоғары кеңестің сессиясында көп ғасырға созылған бодандықтан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Ол кездегі толықсыған сезім еліміздің арманында ала алмай жүрген асуына шыққандағы асып-тасып тұрған сезім еді.

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде әлемдік жылнама көптеген саяси оқиғаларға толы болса, ал оның аяқталар тұсы адамзат тарихына Орталық Азияда және басқа да өңірлерде дербес тәуелсіз бірнеше мемлекеттің орнығу кезеңі ретінде есте қалды.

Біз талай-талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен, көкке өрмелеген биік-биік таулар мен ұшы-қиыры жоқ жазира жазық далада түлеп ұшқан халықпыз. Осынау тауларындай асқақ, даласындай дархан халықтың алтын босаға – Атамекенінде тәуелсіздік туы бейбіт күн шуағымен желбіреп тұр. Бодандықтың бұғауынан босаған бүгінгі бостандықтың өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалмағаны анық.

Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025

Бүгін, міне отыз бір жылдығын тойлап отырған тәуелсіздігіміз, егемендігіміз халқымыздың сан ғасырлар бойғы көздеген мұраты еді. Тағдыр басқа салған жоқшылық пен ашаршылықтың, қуғын-сүргіннің құрбаны болған, елім аман болсын деп қан майданда қаза тапқан боздақтардың арман-тілегі қабыл болды. Тоталитарлық жүйенің қаһарынан қорықпай қайсарлық көрсеткен, ұлттық намысты қолдан бермеуге бел буып шыққан Желтоқсан жастарының ой-ниеті де осы еді.

Қазақстан халқы, Конституцияда айтылғандай, тоталитаризмнен, зорлық-зомбылықтан, кіріптарлықтан дербес тіршілікке, әлеуметтік татулыққа көше отырып, екі ғасыр тоғысында жаңа мемлекеттік құрылымын анықтады. Батыл түрде деморатиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Бізде президенттік республиканың үлгісі таңдап алынды.

Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың арқасында қоғамдағы тұрақтандыру үрдісінің оң нышандары байқала бастады. Билік тармақтары арасында қатынастардың аса маңызды мәселелері шешілді. Әлеуметтік-экономикалық саладағы нарықтық реформалар кең өрісті сипат алып, ұлтаралық татулық нығайып отыр.

Экономикадағы қалыптасқан жағдайдан шығып, бүгінгі күннің өтпелі кезеңінің болмай қоймайтын қиыншылықтарын жеңу үшін бізге әлі көп тер төгуге тура келеді. Заң шығару саласында да осыған байланысты қыруар жұмыс бар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, өзіміздің отандық тауар өндірушілерімізді қолдауға, шетелдік инвестицияларды тартуға, қылмысты ауыздықтауға, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қатысты әділ заңдар қабылдауымыз қажет.

Егемендік – ел таңдауы. Отанның азаттығынан, тәуелсіздігінен асқан дәулет жоқ. Тасқа қашалған тарихта, көне дәуірден жеткен даусыз дерек те ерте заманның өзінде қазақ жерінде іргелі мемлекет болғандығын, оның өз уақытына лайық шаруашылығы, терең мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Ешкімге дес бермеген, ешнәрсеге мойымаған халқымыз бертінде тап болған бодандықтың бұғауынан босап, еркіндік туын қайта тікті.

Ендеше, аңсап жеткен арманнан ешқашан, ешқандай жағдайда ажырай алмаймыз. Ең алдымен, бұл үшін өз ішімізде ауызбірлік керек. Бірлігі бар елдің іргесі берік болатынын ілгері заман көрсетті. Өзімізді өзіміз, бірімізді біріміз құрметтей білуіміз, түсіне білуіміз керек, сонда ғана өзгелердің айбары алмайды, мейіріміз биік болады. Саяси өмірдегі пікірталас ауызбірлігімізге нұқсан келтіріп, тыныштықты бұзатын шекке жетпеуі тиіс. Ішкі тыныштық біздің зор байлығымыз, үлкен ырыс-берекеміз. Болашақ несібенің бәрі осыдан бастау алады. Алыс-жақын шетелдердегі болып жатқан жарамсыз оқиғалар осыны бағаламаудың кесірі.

Егемендіктің, тәуелсіздіктің іргетасын биіктете түсу бүгінгі жастардың үлесіне тиері анық. Сондықтан жастар тәрбиесі – келешек үшін маңызды мәселе. Әрбір адамның бойында өз Отанына деген патриоттық сезімі бәрінен жоғары тұрғаны абзал. Егемендік бүгін аш, ертең тоқ жағдайға қатысты ұғым емес. Оның бәрі ішкі шаруа, өзіміз түзей алатын іс. Ол біздің ұрпақтың ғана меншігі емес, оны біреуге бере салатын, айырбастай салатын нәрсе емес. Ол мәңгілік ұғым. Келешек шексіз жалғаса беретін ұрпақтардың да меншігі, бізден бұрынғы әруақтардың да меншігі.

Қорытындылай келе, бүгінде қалың қауымның жаңа дүниеге деген сенімі нығайып келеді, шынайы демократия тынысын, замана лебін еркін сезіне түстік. Ең бастысы, елдің бүтіндігі, тыныштығы, бірлігі сақталса, көздеген көкжиегімізге жетеріміз анық. Тәуелсіздігіміздің тірегі де осы.

Д. ТҰРСЫНБАЙ,

теолог маман

Раушан НАРБЕК

Таңбалар: азаттықбасты тақырыпегемендіктәуелсіздік
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды

06.10.2025
Пара беру мен жемқорлықтың зардабы
Қоғам

Пара беру мен жемқорлықтың зардабы

01.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Боздақтар рухына құран бағышталды

Боздақтар рухына құран бағышталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою