Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни тұрақтылық – ел бірлігінің алтын қазығы

21.12.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
450
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде тәуелсіздік жылдарынан кейінгі руханиятымыздың қайта түлеуі қоғамдық-саяси ахуалға да өзіндік үлесін қосты. Сан ғасырлық тарихи, мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бөлшегіне айналып, өзіндік ықпалын тигізді. Халқымыз діни ұстанымын шешендік өнерінде, нақыл сөзінде, жыр-дастандарындары мен тұрмыс-салтында етене байланыстырып ажырамас құндылығына айналдырған. Отарлық кезеңде дінсіздендіру саясаты белең алған тұста да тұтас халықтың руханияттан қол үзіп қалмауының негізгі себебі осында.

Бейбіт аспан астында тең құқылы конфессиялар мемлекетіміздің мәдени дамуы мен саяси тұрақтылығына үлес қосуда. Зайырлы мемлекет ұстанымында дін мемлекеттен бөлек қарастырылғанымен, дін – адамзаттың санасындағы ажырамас сенімі екендігін ескергеніміз жөн. Қандайда бір ұлттың наным-сенімі, тарихи дүниетанымы мен ұлттық болмысының қалыптасуында үлкен мәнге ие. Ата Заңымызда көрсетілгендей: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Демек, егемен еліміз ұлтына, нәсілі мен сеніміне қарамай ортақ шаңырақ астында тең құқылы өмір сүру – толеранттылықтың негізгі қағидаларының бірі екендігін әлемге паш етті. Бас қалада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі әлемдегі дінаралық қатынасқа орасан үлес қосуда.

Дамушы мемлекеттің даму жолында жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптайтын, керегеңді сөгуді көздейтін түрлі топтардың әрекетсіз қалмауы бесенеден белгілі. Ал әлемдік саясатта жаугершілік соғысқа қарағанда адамдардың наным-сеніміне алауыздық ұшқынын тұтату әлдеқайда тиімді саналады. Мәселен, діни сипаттағы идеологиялық келіспеушілік салдарынан Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Шам елі мен Ауғанстандағы саяси тұрақтылықты шайқап, бейбіт тұрғындардың шеккен залалын әлемдік БАҚ жарыса жазды. Алысқа ұзамай еліміздегі Ақтөбе, Астана, Атырау, Тараз және Алматы қалаларындағы құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы ұйымдастырылған терактілер салдарынан қаншама қан төгілгені ел есінде. Әлемдік діндердің қайсыбірі болмасын бейбітшілік пен татулыққа үндейтіні мәлім. Ал діни сипаттағы лаңкестер қайдан шықты? Бұл сұрақтың жауабын біз әлгінде ғана бердік.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Кенияның мемлекет қайраткері әрі тұңғыш президенті Джомо Кениаттаның (1894-1978): «Батыстық басқыншылар келгенде олардың қолында Інжіл кітабы, біздің қолымызда аталарымыздан қалған жеріміз болған. Олар бізге көзімізді жұмып дұға жасауды үйретті. Көзімізді ашсақ біздің қолымызда Інжіл, олардың уысында жеріміз кетіпті», – деген сөзі бар.

Саналы ұрпақ ұлттық болмысымызға бояуы келіспейтін, өзгенің қаңсығы таңсық болудың соңы нендей зардаппен тәмамдалатынынан сабақ алса игі. Дана ата-бабамыз: «Бетеге кетсе – бел қалады, бектер кетсе – ел қалады, берекең кетсе нең қалады?!» – деген. Ал діни тұрақтылық – ел бірлігінің қазығы іспетті.

Қожахмет КЕҢЕСБЕКОВ,

Дін мәселелерін зерттеу

орталығының дінтанушы аға маманы,

Қызылорда облысы

Таңбалар: дінаралық татулықдіни тұрақтылықконфессияаралық келісімТолеранттылық
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025
Толеранттылық туы биікте желбіресін
Видео

Толеранттылық туы биікте желбіресін

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Зайырлы мемлекеттің құндылықтары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00