Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Баубек САҒЫНДЫҚ: Салалық медианың ең ұтымды жері – бір тақырыпқа қызығатын ортаны қалыптастыру

12.12.2022
- Сұхбат, Таңдаулы
0
367
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі қоғам жаңа кезеңге бет бұрып жатқанда салалық журналистиканың алатын орны бөлек. Себебі сапалы контент қоғамның сұранысына айналып отыр. Әмбебап тілшіден қарағанда бір саланы жетік меңгерген маманның артықшылығы жөнінде журналист Баубек Сағындық айтып берді.

– Қазіргі қоғамға салалық журналистика қаншалықты қажет деп ойлайсыз?

– Соңғы оқиғаларға және жалпы үрдіске байланысты медиа ортада қазақ тілді аудиторияның саны артып келе жатыр. Сондықтан аудиторияға сай ақпаратта көбеюі қажет. Қазір таза қазақша ақпарат іздейтін тұтас буын өсіп келеді. Сондықтан соған сай салалық журналистика немесе әртүрлі салаға сай ақпарат ұсына алатын медиа міндетті түрде қажет.

Сондай-ақ ақпарат көзі тек сан тұрғысынан емес, сапа тұрғысынан дамуы және өсуі керек. Ал сапалы контенттердің көбеюіне сала бойынша оқыған журналистердің үлесі көп болады. Мысалы, экономиканың терминдерін біле бермейтін журналистке қарағанда сол саланы шемішкедей шағатын маманның артықшылығы көбірек болатыны айтпаса да анық.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

– Ал оның қандай артықшылықтарын айтып бере алар едіңіз?

– Салалық медианың ең ұтымды жері – бір тақырыпқа қызығатын ортаны (community) қалыптастыру. Сондай-ақ медианы қаржыландыру жағынан да бұл тиімді деп ойлаймын. Яғни әркім өзіне қажет, қызық болған ақапарттың шығып тұруына немесе медианың дамуына қаржылай көмек көрсетуге, контентті сатып алуға ыңғайлы болатын еді. Салалық медианың ең артықшылығы осы тұрғыдан деп ойлаймын.

Салалық журналистиканың ең үлкен артықшылығы – нақтылық. Мысалы, бүгінгі күннің журналисі жалпы қоғамда қандай мәселе қызу талқыға түсіп жатса, қай тақырып халықтың назарын өзіне бұрса, сол жөнінде бірден жазып кетеді. Тілші қазір қоғамның қызығушылығын сай тақырыпты маңызды болып тұрған сәтінде  ұсынып үлгеруі тиіс. Одан кейін жазылған материал қажеттілігін жоғалтады. Яғни  тақырыпты ашу үшін бір-екі күн, кейде бір жұма ғана уақыты болуы мүмкін. Әрине, егер журналист шын кіріссе, кез келген тақырыпты ашып жаза алады.

Десек те, сол саланың жілігін шағып, майын ішкен сала журналистері секілді терең бойлай алмайтыны даусыз.

– Енді мамандық таңдайын деп жүрген жастар неден қателеспеулері керек?

– Мамандық таңдайын деп жүргендерге айтарым: қазір бұрынғыдай «міндетті түрде оқу керек» деген түсінік ескіргенін айтқым келеді. Ең бастысы өзіңізге ұнайтын және аймағыңызда бар, сұранысқа ие мамандық таңдау қажет дер едім.

Егер мүмкіндігіңіз болса, мектеп бітіргеннен кейін тіпті 1 жыл демалыс алуды (gap year) ұсынар едім. Қоғамды, ортаны бақылап, тағы да бір жыл қосымша ҰБТ-ға дайындалып, тіл оқып дегендей…

– Сонда бір жылдың ішінде оқуға деген қызығушылығы жоғалып кетуі не болмаса қатарластарынан артта қалып қалуы деген жағдаяттар өміріне әсер етпей ме?

– Керісінше бағамдауға, қажет саланы таңдауға көбірек мүмкіндік болады деп ойлаймын. Себебі қазір ата-ананың ұсынысымен, қоғамның айтуымен оқуға түсіп, кейін өзі ұнатқан мамандықты қайта оқып жатқан студенттер көп. Бұл қырынан қарағанда бір жыл емес, одан да көп уақытты жоғалтып алу ықтималдығы бар. Бүгін таңдаған мамандық – ертеңгі күннің жемісі.

– Әңгімеңізге рахмет!

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: Медиа саласы
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Аида Балаева Түркиямен медиа саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Жаңалықтар

Аида Балаева Түркиямен медиа саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

07.11.2023
Мемлекет және дін

Діни контентті жариялауда сақтық керек

12.07.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Өскемен өңірлерінің имамдары жылдық есеп берді

Өскемен өңірлерінің имамдары жылдық есеп берді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00