Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сұрақтарыңды қой, жауап берейін»

07.11.2022
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
630
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл әңгіме ардақты сахаба Халид ибн Уалидтен (р.а.) риуаят етіледі: «Бірде Мұхаммед пайғамбарымызға  (с.ғ.с.) бір араб кісі келіп: «Уа Алланың елшісі, мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», – деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Сұрақтарыңды қой, мен жауап берейін», – деді. Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауаптарды берді:

– Адамдардың арасындағы ең білімдісі болғым келеді?

– Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

Ағым түбі – алауыздық

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026

– Адамдардың ең байы болғым келеді?

– Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.

– Ең әділетті кісі болғым келеді?

– Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

– Адамдардың ең жомарты болғым келеді?

– Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

– Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?

– Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.

– Иманымның қуатты болғанын қалаймын?

– Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.

– Алладан шын қорқатын адам болғым келеді?

– Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.

– Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді?

– Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тыйыл, бойсұнушылардын боласың.

– Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын?

– Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.

– Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын?

– Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.

– Күнәларымның азайғанын қалаймын?

– Көп тәубе ет, күнәларың азаяды.

– Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?

– Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.

– Барлығынан күшті әрі қуатты болғым келеді?

– Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.

– Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?

– Үнемі дәретпен жүр.

– Қиямет күні Алла Тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді?

– Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.

– Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын?

– Тыйылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.

– Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын?

– Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.

– Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?

– Көз жасы, итағат ету және ауру.

– Алла қай амалды жақсы көреді?

– Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.

– Алла қай амалды өте жек көреді?

– Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.

– Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?

– Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.

– Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?

– Қайғы-мұңға жолыққанда сабыр ету.

– Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) сүйіктісі болғым келеді?

– Алла мен оның Елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, – деп жауап берді».

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Бөлісу15Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Бисмиллә» сөзінің түп мағынасы қандай?

«Бисмиллә» сөзінің түп мағынасы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00