Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ибадийа – харижилердің бүгінге жеткен сарқыты

17.10.2022
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
690
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ибадийа – харижи фирқасының ішіндегі ең ымырасыз және күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан діни топ саналады.

Бұл фирқаның негізін Абдуллаһ б. Ибад қалады. Мәруан б. Мұхаммед халиф болып тұрған шақта оған қарсы көтеріліс жасайды. Көтерілісті жаншу үшін Мәруан әскер жіберіп, Тихама мен Сананың арасындағы «Тәууала» деген жерде екі жақ кескілескен соғыс жүргізеді.

Жалпы, Харижи өкілдері халифатқа қарсы дүркін-дүркін көтерілістер жасағанмен, ашық майданда үнемі жеңіліске ұшырап отырған. Олардың халифатқа қарсы күресі партизандық және террорлық жағдайда өрбіген.

Ибдаийа фирқасының діни көзқарастарына тоқталар болсақ:

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

а) Бұлардың пікірінше мұсылмандардан болып, өздеріне қарсы болғандар не мүшірік, не мүмін саналмайды. Оларды кәпір деп санайды. Бірақ, олар сенімдік тұрғыдан емес, нығмет тұрғысында кәпір. Өйткені, олар Аллаға қарсы келіп, Оған деген сенімінде ақау болған деп біледі.

б) Өздеріне қарсы келушілерді өлтіру дұрыс емес. Олар Ислам жамағаты саналады. Алайда, халифтің әскері бұдан тыс саналады. Бірақ, Ибадийа өкілдері бұл көзқарасын ашып айтпаған. Өздеріне қарсы келушілерді өлтіру және олардың мал-мүлкіне қол сұғудың да харам екенін жасырып ұстаған.

в) Өздеріне қарсы келіп соғысқан мұсылмандардың тек қана ат-көлігі, қару-жарағын ғана олжа ретінде алды. Олар өздеріне қарсы келушілердің асыл заттарын кері қайтарып беретін.

д) Өздеріне қарсы келушілермен үйленуге болады. Және олармен өз арасында мирасқорлыққа да рұқсат берді.

С. Хизметли өз шығармасында Ибадийа фирқасы туралы былай дейді: «Ибадийа фирқасының көзқарасы бойынша иман мен ислам біртұтас. Сондықтан іс-әрекет иманның бір бөлігі саналады. Яғни, ғибадаттар мен іс-әрекеттер иманнан. Сол себептен Құран бұйрықтарын орындамаған немесе тыйым салған нәрселерінің бірін жасаған адамды иманнан шыққан деп санаған».

Дегенмен, Ибадийа өкілдері уақыт өте келе көзқарастарын өзгертіп, үлкен күнә жасаған мұсылманнның мүшірік емес, нығмет күпірлігін жасағанын айтып, оның тәухид мүшесі екенін көрсеткен.

Аллаға иман, илаһи сипаттар, пайғамбарлық және тағдыр сенімдерінде әһлі сүннетпен бір көзқараста болды. Олардың әһлі сүннеттен басты ерекшелігі – ақырет күнінде Алланың көрінбейтінін және халифтің Құрайыштан болуы шарт емес екенін алға тартуы болатын. Ибадийа фирқасын ұстанушылар өз жақтастарын дос (аһли-уалаят), өзгелерді дұшпан (аһли-бараят) деп жариялайды.

Ибадийа фирқасы қәзіргі кезде Араб түбегінде Оман, Солтүстік Африкадағы Ливия, Тунис, Алжир және Мадагаскарда кеңінен таралған. Олардың пікірінше өздерінің фирқасында болмағандар кәпір емес, бірақ нығмет күпірінде, яғни олар ақырет күні тозаққа барып, азап шегеді. Бұл жағдайдан құтылу үшін ибадилерге қосылып, күнәларынан тәубеге келу керек.

Бүгінгі күні Аззабе деген саяси қайракер тарапынан басқарылатын ибадийа фирқасы «жақсылыққа үндеу, жаманшылықтан тыю» қағидасына аса зор мән береді.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: деструктивті діни ағымдар
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік
Видео

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік

17.06.2025
Дауаны даладан іздеткен дағуат
Видео

Дауаны даладан іздеткен дағуат

25.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл күшейтілмек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00