Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Аситана» деген не?

14.10.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Аситана» сөзінің түбірі парсы тілінде «табалдырық», «қақпа»», «есік» деген мағыналарды білдіретін «астан» сөзінен шығады. Осман империясы дәуірінде сопылық қауымдастықтардың (тариқат) орталығын немесе басқару кеңсесін «аситана» деп атау үрдісі қалыпасты. Cефефиттер мемлекетінде де ішінара рухани орталықтарға «аситана» термині қолданылды. Әсіресе, сопылық қауымдастықтардың рухани орталықтарын осылайша атау XVI-ХІХ ғғ. аралығында кең етек алды.

«Аситананың» басқа сопылық орындардан бір ерекшелігі, онда сопылық қауымдастықтың негізін саушы әулие шейхтің қабірі орналасатын. Сондай-ақ, «аситанада» сопыларға қажетті бөлмелер және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін. Мысалы, зікір салатын құжыралар, асхана, кітапхана, жатын орын, қонақ күтетін бөлме, намазхана, хилуиет, т.б.

Осман мемлекеті дәуіріндегі халық көп зиярат жасайтын осындай аситаналардың қатарына Кониядағы Мәулана кешені, Кыршехирдегі Хажы Бекташ Уәли кешені, Анкарадағы Хажы Байрам Уәли кешені, Изниктегі Әшрефоғлу Руми кешені, Кастамонудағы Шабан Уәли кешені т.б. жатқызуға болады.

Ал Ыстамбұл халифаттың орталығы болғандықтан, Осман мемлекетіндегі тариқаттардың мұнда да аситаналары бар болатын. Олардың қатарына – Мердивенкөйдегі Шахкулу Сұлтан (Бекташи), Кожамустафапашадағы Сунбул Синан (Халуати), Касымпашадағы Хасан Хусамеддин Ушшаки (Халуати) Үскідар Доғанжыдағы Азиз Махмуд Худайи (Жәлуати), Топханадағы Исмаил Руми (Қадари), Қарагүмрікте Нуреддин Жәрраһи (Халуати), Коскада Абдусалам (Сади), Касымпашада Әбурыза (Бәдәуи) т.б. аситаналарды жатқызуға болады.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Сопылық дәстүрде аситанадан бөлек өзге кішігірім орындарды «пір үйі», «зауия», «ханака», «дәргаһ», «текке» деп атайды. Аситананың олардан ерекшелігі – сопылық қауымдастықтың рухани орталығы әрі бас кеңсесі болуында. Сонымен қатар, аситана сопылық психотехникалық жаттығуларды жасайтын кешен болып саналады.

Ал зауия, ханака, дәргаһ, теккелер тұтас сопылық кешен емес. Оларда сопылық қауымдастыққа қажетті дүниелер түгел қамтамасыз етілмейді. Яғни, бір тариқатқа жататын жүздеген зауия, ханака, дәргаһ, теккелер болуы мүмкін.

Бірақ, тариқатта аситана (басты рухани орталық) біреу ғана болады. Аситананың медреседеден ерекшелігі, медреседе діни білім теориялық тұрғыда берілсе, сопылық орындарда діни білім теориялық һәм практикалық тұрғыда беріледі.

Қазақ тілінің сөздік қорындағы «астана» сөзі парсы тіліндегі осы «аситана» сөзінен шыққан. XVI ғасырдың аяғында Есім хан (1598) билік еткен кезден бастап Түркістан қаласындағы Ясауи тариқатының аситанасы (Әзірет Сұлтан кешені) Қазақ хандығының резиденциясына айналды. Яғни, Қазақ халқының діни-рухани  орталығы пен саяси орталығы біріктірілді. Сол дәуірден бастап мемлекеттің саяси бас қаласын «аситана» (астана) деп атау үрдісі қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас қаласы да «Астана» деп аталады.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: АстанаМұхан Исахансопылық
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Имам: «Нахшбандия» тармақтары – салт-дәстүрімізге залалы көп жат ағым
Ағымдар ақиқаты

Имам: «Нахшбандия» тармақтары – салт-дәстүрімізге залалы көп жат ағым

06.11.2024
Астана мешіттерінің жылдық қорытынды жиыны өтті
Жаңалықтар

Астана мешіттерінің жылдық қорытынды жиыны өтті

09.12.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ауған қазағы: «Қазақ үкіметі бізді алып кетпесе де, жастарымызды оқуға шақырса екен…»

Ауған қазағы: «Қазақ үкіметі бізді алып кетпесе де, жастарымызды оқуға шақырса екен...»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00