Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда Мәуліт кеші өтті

10.10.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
455
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматы қаласы Республика сарайында «Мейірімді Мұхаммед ﷺ» рухани мәуліт кеші өтті. Рухани кештің ұйымдастырушысы – ҚМДБ Алматы қалалық Орталық мешіті.

Кешке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жиналған халықты құттықтап арнайы баяндама жасады. Алматы қаласы әкімінің құттықтау хатын қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов оқып берді. Мәуліт кешіне демеушілік жасаған кәсіпкер Бахреддин Нұғманұлы және зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаты мен имамдар қатысты.

Ақын, сазгер Жәкен Омаров жылдағы дәстүрмен пайғамбарымыздың өмірбаянын қазақ тілінде жырлап, биыл хижреттің 4-5 жылдар оқиғасын баяндады. Бұған дейінгі мәуліт мерекелерінде Пайғамбарымыздың балалық шағы, одан кейін пайғамбарлықтың келуі, миғражға көтерілуі, одан кейін хижреттің алғашқы жылдары мен Бәдір соғысы, Ухуд соғысы, хазреті Хамзаның шейіт болуына тоқталған болатын.

Мәулітке арналған мерекелік шарада «Өнер қырандары» театры ұжымы сахналық қойылымдар қойды. Бұл көріністерде Аллаға тәуекел ету, теріс қылықтардан аулақ болу, дұрыс дос таңдай білу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі т.б. мәнді дүниелер баяндалды.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

«Хас-Сақ» этно-фольклорлық ансаблі, Қанатбек Полатбек және Ринат Төре сынды эстрада әншілері иләһи әндер орындап, пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізді. Сонымен қатар Пайғамбар сүннетін өміріне темірқазық етіп өсіп келе жатқан жас жеткіншектер пайғамбарымыз жайлы поэзия оқыды. Пайғамбар өмірінен мол мағлұмат беретін көрме ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.

Биылғы рухани Мәуліт кешінің ерекшелігі көрермен сұрауы бойынша бір күнде екі рет қойылым көрсетілді. Таңғы және түскі қойылым барысында Республика сарайы көрерменге лық толды. Кеш соңында Бас мүфти рухани іс-шараның өтуіне демеушілік жасаған белгілі меценат Бахаридин Нұғманұлын «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медальмен марапаттады.

Сондай-ақ мерекелік бағдарламаға үлес қосқан белгілі жыршы Жәкен Омаровқа, «Өнер қырандары» мен «HasSak» ұжымына алғыс хатын табыстап, ризашылық ниетін жеткізді. Сонымен қатар билеттен түскен қаражаттан «Мәуліт сыйы» ретінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің жаңа ғимаратының құрылысына 4 000 000 теңгенің сертификаты берілді. Және де көмекке мұқтаж азаматтарға қаржылай сертификаттар табысталды.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша Республика бойынша 596-баспана, Алматы қаласы бойынша 20-баспана кілтін Түрксіб аудандық «Мекке» мешітінің имамы, 7 баланың әкесі Рахматулла Моллақағанатұлына табыстады.

Бұдан бөлек Алматы Орталық мешітінің жанынан ашылған онлайн Құран курсының белсенді ұстазына тосын сый ретінде ұмра қажылығының сертификаты берілді. Көрермендерге мәуліт кешіне арнайы жазылған «Пайғамбарымызды ﷺ танисыз ба?» кітабы мен мүфтияттың төл басылымы «Munara» газеті және «Иман» журналы тегін таратылды.

Шараның басты мақсаты – пайғамбарымызға салауат айту, оның асыл қасиеттерін дәріптеу, халық арасында имандылықты насихаттай отырып, тұрақтылық пен тыныштыққа үндеу болып табылды.

Қайнар көзі: azan.kz
Таңбалар: мәулітмәуліт кешіНаурызбай қажы Тағанұлырухани кеш
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Құранмен қауыштырған Рамазан» атты рухани кеш өтті
Жаңалықтар

«Құранмен қауыштырған Рамазан» атты рухани кеш өтті

13.02.2026
Ораза кестесі – 2022
Жаңалықтар

Ережеп – берекелі ай

22.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Еңбектің қайсысы жақсы?

Қазақстандықтардың еңбек құқығы қалай қорғалады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120854 бөлісті
    Бөлісу 48342 Твитерге 30214
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1596 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00