Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Nusuk платформасы арқылы умраға бару жеңілдейді

27.09.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
396
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сауд Арабиясы бүкіл әлемнің құлшылық етушілерін қолдауға арналған «Nusuk» атты интеграцияланған мемлекеттік цифрлық платформаны іске қосты.

Қажылық және Умра министрі Тауфик әл-Рәбианың сөзіне қарағанда, аталған жобаның Қазақстанды да қамтуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елге жасаған сапары қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді.

«Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамып келеді. Бізді жоғары мәртебелі Президент мырзаның екі ай бұрын Сауд Арабиясына жасаған сапары қуантты. Бұл сапар өте жемісті болып, көптеген келісімге қол қойылды. Келешекте бұл келісімдер екі ел қарым-қатынасына серпін береді деп ойлаймыз. Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастың тығыз екенін айта отырып, мен Қажылық және Умра министрі болып тағайындалғаннан кейінгі екінші сапарымды сіздерге жасап отырғанымды атап өткім келеді. Яғни, бұл менің осы лауазымдағы екінші сапарым болып тұр.

Сондай-ақ екі елдің тығыз байланысының бір мысалы ретінде Қазақстан азаматтарының Сауд Арабиясына сайт арқылы немесе Сауда Арабиясының Елшілігіне бару арқылы электронды виза алып, қажылық жасай алатынын келтіруге болады», – дейді министр.

Періштелер зиярат ететін үй

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025

Сонымен қатар доктор Тауфик әл-Рәбиа екі елдің арасында тікелей әуе рейстерін ашу арқылы Nusuk жобасын қолданушы қазақстандықтардың сапарын одан әрі жеңілдете түсу жоспарда бар екенін жеткізді.

«Бұл істе біз Қазақстан Үкіметімен бірге бүкіл шараларды қарастырып жатырмыз. Fly Nas компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. 2023 жылы осы бағытта жаңалық болады. Бірақ бұл біз әуе тасымалында тек Fly Nas компаниясымен ғана әріптестік орнатамыз деген сөз емес. Есігіміз бәріне ашық – Сауд Арабиясының компанияларына да, Қазақстан компанияларына да ашықпыз. Келешекте Қазақстан мен Сауд Арабиясының қалалары арасында әуе тасымалын дамытуды жоспарлап отырмыз. Бүгін мен Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесу өткіздім. Сол кезде осы мәселені талқыладық. Сондай-ақ біз екі елдің әуе компанияларының әріптестігін дамыту, екі елдің арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелерін сөз еттік. Министр мырза бұл идеяны қолдап, келешекте міндетті түрде аталған мәселені зерделеп, тікелей әуе қатынасын енгізетінін мәлім етті», – деді Сауд Арабиясының өкілі.

Қажылық және Умра министрінің айтуына қарағанда, пандемия алдында Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясының электронды визасын беру жолға қойыла бастаған. Енді аталған жобаны Nusuk мемлекеттік платформасының аясында өрістетудің мүмкіндігі туып отыр.

«Электронды визаны бірнеше минуттың ішінде алуға болады. Кейінгі уақытта Қазақстаннан келетін туристердің саны артып отыр. Жыл басынан бері Сауд Арабиясына сіздердің елден келген құлшылық етушілердің саны 36 мыңға жетті. Жоғары мәртебелі король Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың Үкіметі корольдігіміздің екі қасиетті қаласы Мекке мен Мединаға, басқа да қалаларымызға бүкіл әлемнен келушілерді тартуға үлкен мән береді. Сондықтан біз бүкіл мұсылмандарды, сондай-ақ Қазақстанның барша азаматтарын өз елімізде көргіміз келеді.

Nusuk мемлекеттік платформасын Умра сапарын қалай орындауға болатынын сипаттайтын орын деуге болады. Сондай-ақ жаңағы айтып отырған электронды визаны қалай алуға болатыны, қосымша қандай жерлерге саяхат жасауға болатыны туралы толыққанды ақпарат табуға болады. Бұл – барша әлем жұртына арналған платформа. Бірақ оның іске қосылатыны туралы мәлімет осы жерде тұңғыш рет жарияланып отыр.

Nusuk мемлекеттік платформасы қазір Умра сапарын жасауға және Мекке мен Мединаға саяхат жасауға арналып отыр. Ал Қажылық үшін басқа платформа мен басқа бағдарламалар бар»,- деп түсіндірді доктор Тауфик әл-Рәбиа.

Айта кету керек, бұл Nusuk платформасы Сауд Арабиясының туризм жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, Visit Saudi экожүйесі шеңберінде қызметтердің толық ауқымын ұсыну үшін, соның ішінде визалар, рұқсаттар, брондау процестері мен рәсімдерін жеңілдету үшін іске қосылған. Сонымен қатар Мекке мен Мединаға келетін мұсылмандардың тәжірибесін жақсарту мен байыту үшін түрлі пакеттер мен бағдарламаларды ұсынады.

Сонымен қатар, Nusuk мемлекеттік платформасында Сауд Арабиясындағы қызықты нысандарға баруды сапалы жоспарлап, көлік іздеу, маршрут түзу қызметтерін, интерактивті карталарды пайдалануға болады.

Платформа қызмет көрсетуші ұйымдарға да өз қызметтерін Умрада құлшылық етушілерге электронды түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Сол арқылы жеке секторға қолдау көрсетедi. Ал қажылықты жоспарлау бағдарламасының қызметтерi Nusuk платформасына толықтай ауыстырылғанға дейiн Maqam платформасында көрсетіледі.

Қайнар көзі: inform.kz
Таңбалар: қасиетті сапарСауд Арабиясыумра
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Мәдени байланыстарды дамыту мәселесі тақыланды
Жаңалықтар

Мәдени байланыстарды дамыту мәселесі тақыланды

25.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дархан Қыдырәлі: Жұртшылықты тек ресми деректерге сенуге шақырамын

Дархан Қыдырәлі: Жұртшылықты тек ресми деректерге сенуге шақырамын

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою