Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Терроризм бабымен сотталғандар Абай өлеңдерін жатқа айтты

11.08.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
465
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қызылорда облысының Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде Абай өлеңдерін жатқа айтқан сотталғандар «Балқаймақ» дүкенінің өнімдеріне ие болды.

Бұл өнімдерді алуға Қорқыт университетінің PR-менеджері Талғат Меңдібайұлы сеп болып, облыстық жастар ресурстық орталығының директорының орынбасары Тілес Оспанұлы демеушілік жасады.

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай темір торға қамалғандар арасында кемеңгердің еңбектерін дәріптеуге арналған байқау жарыс түрінде өткізілді. Іс-шараға ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармаларын жатқа білетін экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азамаматтар қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл кезеңде сотталғандар ақынның табиғат лирикалары мен өнер-ғылымға арнаған шығармаларын нақышына келтіріп орындады.

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026

Екінші кезеңде Абайдың қара сөздерін оқып,мән- мағынасын ашып, ойшыл ғұламаның сөздерінен ғибратты ой түйіндеді. Ал үшінші бөлім шарты бойынша дана тұлғаның дара өмір жолы мен шығармашылығы бойынша дайындалған сұрақтарға жауап берді.

– Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандарды ұлы ойшылдың шығармашылығымен және өмірбаянымен таныстыру. Абай туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, оны ата-бабалар мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге үйрету. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Сол себепті оның шығармалары мен қара сөздерін сотталғандардың жатқа айтуы олардың түзелуіне үлкен септігін тигізетіні анық, – дейді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасар, әділет майоры Қайрат Олжабаев.

Жарыс нәтижиесінде Абайдың өмірбаяны мен қара сөздерін жатқа айтып, қойылған сұрақтарға толық жауап берген Н. есімді сотталған 1-орынды иеленді. Талғат Меңдібай бұл жазасын өтеушіге «Адамзаттың алтын тәжі» атты Мұхамед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірбаяны жайлы кітапты сыйға берді.

Ал екінші, үшінші орын алған сотталғандарға таза табиғи заттардан жасалған «Балқаймақ» дүкен өнімдері таратылды.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ойшыл, ақын, ағартушы, қазақтың қайталанбас дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының даналығы, жаза басып, жаңылған жандарды түзу жолға салуға игі әсері болғаны анық. Өйткені сотталғандар өткізілген іс-шарадан жақсы әсермен қайтты.

 – Бүгінгі жарыс маған ұнады. Ғұлама Абайдың қара сөздерінің мәні зор екен. Бұл жерде бос уақыт көп. Енді алдағы уақытта Абай қара сөздерін алдырып оқимын, – деді 8 жылға бас бостандығынан айырылған 22 жастағы азамат.

Таңбалар: Абай ҚұнанбайұлыбайқауСотталғандар
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Отанды сүю – жүректен» байқауы өтті
Жаңалықтар

«Отанды сүю – жүректен» байқауы өтті

17.12.2025
Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды
Жаңалықтар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды

25.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жат ағымдар Tiktok-ты торуылдауда

Жат ағымдар Tiktok-ты торуылдауда

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120992 бөлісті
    Бөлісу 48397 Твитерге 30248
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00