Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ ырымдарының жақсысы мен жаманы бар

30.08.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
2.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқы аса бай мәдениетке ие. Көшпенді ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінен ғасырлар сарыны еседі.

Ұлт мәдениетінің бір бұтағы – қазақтың ырымдары мен тыйымдары болып табылады. Ырымдарды алып қарасақ, жақсылыққа ұмтылу мен өмірге оң көзқараспен қараудың небір үлгілерін көреміз. Ата-бабаларымыз болашаққа сеніммен қарай білген. Алдағы жарқын күнге сенген.

Ұлтымыздағы жағымды ырымдар адамның өмірге құлшынысын арттырып, көкейге болашаққа деген сенім ұялатады. Мысалы: «Оң көзін тартса, қуанасың»; «Оң құлағын шуылдаса, біреу мақтап жатыр»; «Оң алақаның қышыса, амандасасың», «атың есінесе жолың болады», «шашалсаң май қабасың яғни дәмді ас ішесің», «нәресте еңкейіп, жол қараса, үйге қонақ келеді» деген ырымдарды осындай жақсы бағыттағы ырымдарға жатқызуға болады.

Ырымдардың бір парасында тәрбиелік маңызы бар жоралар кездеседі.  «Нанның қиқымын жесең – бай боласың», «пышақты жүзін шалқасынан қаратып қойма – сол үйдің малы пышаққа ілінеді», «нанның үстін баспа»; «тұзды төкпе», «жатқан кісіні аттама»; «үлкенге қарап керілме», «табалдырық баспа», «бейуақытта ұйықтама», «есік керме», «тізеңді құшақтама» деген ырымдар адамды тәрбиеге баулиды.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

Жаман ырымдарды жамандықпен байланыстырған. Қазақ бос бесікті тербетпеген. Балалы болмайсың дейді, таяққа сүйенбе дейді, қаза, қайғы шақырасың деген.

Бұлардың қай-қайсысында да тағылым мен тәрбие бар. Астарына үңілсеңіз, ғибрат көреміз. Ырым салт-дәстүрге байланысты. Ырымдар дініміз исламмен астасқан. Қазақтың ырымдарында Аллаға серік қоспаған. Ата-бабаларымыз  Алланың тура жолынан таймаған.

Асыл дініміздің қайнары қасиетті Құранда «Ниса» сүресінің 48-аятында: «Алла Тағала өзіне ортақ қосуды кешірмейді. Бұдан өзге қалаған кісісін кешіреді. Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнә болады», – делінген жолды бабаларымыз берік ұстаған.

Ырымдардың жақсы бағыттағы түрлері шариғатқа қайшы емес. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген асыл сөз бар. Адамға айтқан жақсы сөзге «Әмин, айтқаның келсің» деп жауап беріп, ізгі ниет білдірсе, еш қайшылығы жоқ. Бұл туралы Алла елшісі: (с.ғ.с.): «Жаназаға барғанда жақсы нәрсе айтыңдар. Шынында, періштелер айтқандарыңа «әмин» деп тұрады» деген.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) жақсы сөзді ерекше бағалағандығын тағы да «Сахих Бухари» атты хадис кітаптағы мына бір  риуаяттынан біле аламыз. Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Исламда Тияра жоқ (жаман ырымға балау жоқ). Ең жақсысы – Фә’л», – деген. Сонда қасындағылар: «Фә’л деген не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Ол сендердің әрбіреуіңнің еститін жақсы сөз», – деді.

 Яғни ислам жақсылықтың жаршысы, ізгі ниеттің қайнары десек, ырымдарымыздың астасып жатқандығын байқаймыз.

Ырымдарда тағылым бар екендігін осындай мысалдар арқылы көз жеткізе аламыз.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: салт-дәстүрырым
Бөлісу62Твитерге39Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік
Қоғам

Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік

24.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Базз Лайтер» секілді мультфильмдерді балаларымызға көрсетуді қолдайсыз ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120853 бөлісті
    Бөлісу 48341 Твитерге 30213
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1595 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00