Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діннің өзегі – сабыр

15.08.2022
- Ислам
0
756
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дін – адамзат тарихында жаратылысынан бері бар әрі барлық дәуірде адаммен бірге жасасып келе жатқан ұлы күш. Адамның ішкі сұранысында әлденеге сеніп өмір сүру әуелден бар қажеттілік. Сол себепті діннің адамзатқа ықпалы қазір де өз күшінде.

Адамзат тарихында жекелеген дінсіз адамдар болғанымен, дінсіз қауым, дінсіз қоғам болмаған. Қазірге дейін шамамен 10 мыңнан аса дін мен діни наным-сенімдер болған. Жер шарында 8 миллиардқа жуық адам болса, солардың 85%-нан астамы қандай да бір діни сенімді ұстанады. Ал 50%-нан астамы христиан діні мен ислам дінін ұстанып өмір сүруде.

Ғалымдар өлімге шара табылмайынша, дінге деген мұқтаждық жойылмайтынын айтады. Кезінде дін бар болғаны сауатсыздықтан, табиғат күштері мен өмірдегі қиындықтардың алдындағы шарасыздықтан туындаған деп айтушылар да болған. Бірақ уақыт көрсетіп отырғандай қазір жан-жақты дамыған әлемде де дін өмір сүріп келеді.

Дін – адамзат қоғамының ажырамас бөлшегі. Ал осы дінді қазіргі күнде қалай түсінудеміз? Барлық діндердің мақсаты – адамзатты ізгі іс жасауға шақыру. Ал барлық діндердің ұқсас жері – ақырет, жұмақ, тозақ секілді ұғымдар бар.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Ислам дінінде ең алғашқы түскен «Алақ» сүресі «Иқра», яғни «оқы» деп басталады, сол себепті білім алу мұсылман адамға парыз деп түсініп жатамыз. Ислам бейбітшілікті қалайды деп жер-жерде түрлі деңгейде конференциялар өтіп жатыр. Бірақ неге ислам дінінің алғаш тамыр жайған жері Таяу Шығыста әлі күнге дейін қантөгіс пен аштық, ауру мен бесіктен белі шықпаған балалар қалам алуға емес, қаруға асығады. Ол жақты алмай-ақ өзімізге келер болсақ, «әлхамдулиллах мұсылманмын» деп өз ата-бабасының ұстанған салт-дәстүрін жоққа шығаратын келте балақты діншіл азаматтардың қатары көбеюде.

Әлеуметтік желі арқылы Құдайдың атын пайдаланып қалың бұқараның қалтасындағы соңғы тиынына дейін алдап тартып алып жатқан оқиғалар қаншама. Осы оқиғалардың барлығы Шәкәрімше айтқанда: «Жаман тәпсір жайылып жер бетіне, дін десе тұра қашты есті азамат» дегеніндей көптеген адамдардың діннен жерінуіне алып келуде.

Ал шын мәнінде дін дегеніміз не? Осы ұғымды қазіргі күнде кім қалай түсінуде және кезінде ата-бабамыз қалай түсінді, осы сұрақтарға жауап бере кетуді жөн көрдік. Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) мақтаған адам бойындағы асыл қасиеттің бірі – сабырлылық, ұстамдылық. Ақын Жүсіп Баласағұн «Құтты Білік» атты еңбегінде жыр жолдарымен былайша жеткізіпті:

«Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа!

Күйіп-пісіп, өзіңді отқа құлатпа.

Қай істе де жоғалтпағын сабырды

Ұстамдылық үйірер мал бағыңды» деп сөзден маржан түзіпті. Ақыл іздеген жанға осы жыр дастанды ұсынар едік.

Қ. ҚОСМАХАНОВ,

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы

Таңбалар: дінисламсабырсабырлылық
Бөлісу18Твитерге11Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Ислам

Исламдағы жастар тәрбиесі

07.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

ҰҚК: Лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы жұмыстар күшейтілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00