Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өзін-өзі жеңу дегеніміз не?

07.06.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
942
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақта «Мыңды жеңген – батыр емес, өзін өзі жеңген – батыр!» деген ғажап мәтел бар. Бұл мәтелде халқымыздың мұсылмандық танымы тайға таңба басқандай анық көрінеді. Сонымен «Өзін өзі жеңу» дегеніміз не?

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес.

«Мен» менен «менікінің» айырылғанын

Иманды интернеттен іздегендер

Иманды интернеттен іздегендер

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес», – деп Абай хакім айтпақшы, адам болмысы екі негізгі бөліктен тұрады: тән және жан, діни терминмен айтсақ: нәпсі мен рух. Ішпек-жемекті, қызық-құмарды, мақтан-мәнсапты, дүние мен билікті аңсап тұратын, еркіне жіберсе, өзі Құдай болғысы келетін Нәпсіміз бен ар-ожданды басшылыққа алып, абырой биігіне, адамшылыққа тартатын Рухани табиғатымыз арасында келіспеушілік, тіпті қарама-қайшылық пен текетірес бар. Осы екі болмыстың, екі қуаттың арасындағы тартыс – тіршіліктің базарын қыздырып тұр әрі өтер сынағымыздың да негізгі мазмұны осы.

Қасиетті Құранда «нәфс әммәра» деген атаумен берілген, мағынасы «жамандыққа бұйырушы нәпсі» дегенді білдіретін бөлігімізді тәрбиелеп, аяттарда айтылған «сөгіс беруші», «тынышталған, тазарған нәпсі» дәрежесіне жеткізу; сөйтіп нәпсімізді рухымызға бағынышты халге түсіріп, періштелік-рухани қасиеттерімізді жетілдіру, адамшылығымызды арттыру – «өмір – күрес» сөзінің бір қыры, шынайы мазмұны.

Иә, қара басының құмарлықтары мен пенделік мақсаттарын қанағаттандыру үшін дін талаптарына, халал-харамға мән берместен әрекет етуші адам өз Нәпсісінің құлына айналады. Нәпсінің құлы – адамның қоры. Өйткені ол бұл дүниеде өзіне-өзі жат болып, адамшылық майданында мат болғаны өз алдына, Ақыретте өкініш пен азапқа қалатыны анық. Ал рухани өзегін танып, ар-иманына бағынған адам – шынайы азат жан әрі екі дүниеде де еңсесі биік, есебі түгел болмақ! Осы екі қуат арасындағы күрес дінімізде «үлкен жиһад» деп аталады. Осы шайқаста Рухы нәпсісінен үстем түскен жеңімпаз Ер атанады!..

Адам өз өмірінде осы екі болмысының біріне бағынып, екеуінің бірін тірлігіне өзек-орталық (центр) етіп ғұмыр кешеді. Пенде шіркін тағдыры алдына тартқан бір мәселеге қатысты екіұдай күйге түсіп, өзімен өзі алысып жүреді. «Нағыз мені» – Рухы бір жаққа, «жалған мені» – Нәпсісі екінші тарапқа тартқылап, іштей арпалысқа түседі. Ақыры ар-иманы мен ақыл дәрежесіне сәйкес бір шешімге келіп, таңдауын жасайды; сөйтіп тағдыр-талайын айқындайды.

Ендеше «Өзін өзі жеңген» деген тұжырымның мағынасы – «Рухы нәпсісін жеңген» деген сөз немесе «нағыз Мені жалған менін жеңген» деген сөз. Өзіңді жеңу – тән құмарларын ғана емес, жалқаулық, тоңмойындық, қорқақтық, тәкаппарлық пен көреалмаушылық, дүниеқоңыздық секілді кертартпа сипаттарың мен кемшін көңіл қалауыңды да жеңу, тізгіндеу. «Рухани даму», «Тұлға болу» дегеніміз – осы үрдіс.

Иә, данышпан бабаларымыз адамшылықтың, ерліктің, батырлықтың өлшемі – дене күшінде емес, рух асқақтығында екенін, ар-иманның жағында екенін осы асыл сөзімен түйіндепті. Осы сөзге тоқтаймыз һәм басымызды иеміз! Осындай Батырлық баршамызға нәсіп болсын!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: ақылАлғадай Әбілғазыұлынәпсі
Бөлісу23Твитерге14Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шыдамдылық пен сабырсыздық
Ғибратты әңгімелер

Шыдамдылық пен сабырсыздық

25.08.2025
Сұрақ-жауап

Нәпсіні тізгіндемесе, не болмақ?

23.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Имандылық пен адалдық – мұсылмандық сипат

Имандылық пен адалдық - мұсылмандық сипат

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Иманды интернеттен іздегендер
Видео

Иманды интернеттен іздегендер

23.09.2025
Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою