Оқу жылының басында Жаңаөзенде хиджаб мәселесі үлкен дауға түскен болатын. Шамамен алпысқа жуық оқушы бастарына орамал таққандары үшін сабаққа бара алмағандығы хабарланған.
Осындай жағдайларға байланысты Ағарту министрі Асхат Аймағанбетов орамал тағуға байланысты пікірін білдірген болатын. Бұны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салды. Министр зайырлы мемлекетте өмір сүретіндіктен, инклюзивті қоғам болу керектігімізді алға тартты. Қоғамда бірі қыз балалар жастайынан орамал тағу керек десе, енді бірі мектепте бірыңғай мектеп формасының болуын құптады. Кереғар екі жақты ұстанымға қоғам жаңашырлары моральдық тұрғыдан өз ойларын білдірді.
Қоғамдық кеңес мүшесі Рүстем Ашетов кейбір ата-аналар мектепке балаларын жібермейді деген жай сылтау дейді. Мың жерден ата-анасы болса да баланың білім алу құқығынан айыруға ешкімнің хақысы жоқ екендігін алға тартты. Оған байланысты арнайы заңның да бар екендігін айтты.
– Онлайн оқытып жатырмыз деп, шындығында ешқандай оқытып жатқан жоқ. «Білім алмай жатқан қыздардың саны артуда» деген бос сөз. Бұл не сонда?! Вахабисттер қыздарын мектепке жібермеуінен қорқып, солардың ығына жығылу ма? Мемлекеттік ұстаным мен білім беру ордаларындағы ішкі тәртіп – әр түсініктегі топтардың талаптарына қарай ойыса беретін болса, бұл қандай мемлекеттік ұстаным?! – деді Рүстем мырза.
Ал белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы жоғарғы сыныптағы қыздардың басын жауып жүруіне рұқсат беріп, жастарына сай жарасымды, заманауи, арнайы бас киім үлгісін бекіту керек екендігін айтты.
– Сосын әлеуметтік желіде жиі айтылып жүрген «қазақта тұрмысқа шыққанға дейін қыз баласы орамал тақпаған» деген аргумент орынсыз деп ойлаймын. Дәл осы принципті негізге алар болсақ, күйеуге шыққан қанша келін үйде де, түзде де орамалын басынан тастамай тағып жүр? Қанша әйел кісі кимешегін киіп жүр? Тарихта қыз баласының орамал тақпауының әлеуметтік өзіндік себептері бар болғаны түсінікті мәселе. Қазір заман өзгерді. Қазақта болмаған талай дүниені еш қымсынбастан жасап жүрміз. Ал басқаларға жүре бермейтін талапты неліктен дінге бет бұрғандардан ғана талап етіп отырмыз? – дейді дінтанушы.
Бұл мәселе Айнұр Әбдірасылқызы кейбір адамдар тарапынан түсінбеушіліктің болмауынан дейді. Мысалы: «Діни атрибутика қолданылмайды» деген сөз тұр ғой, осы талаптар да норма емес пе». Біз айтар едік, мектеп формасын сақтау деген ұғымның өзі басқа ешбір атрибутиканы қолданбау дегенді білдіреді. Және бұл тек дінге қатысты емес. Біз соны дұрыс түсінуіміз керек. Мектеп формасын сақтау деген талап – бұл алабөтен хиджапқа келген жау емес. Мемлекет заңына қарсылықтың өзі діннің негіздерін дұрыс түсінбеуден туындап отыр.
Ал өнертану ғылымдарының докторы Молдияр Ергебеков өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларының бірінде бала мен діннің қарым-қатынасы көбінесе оның ата-анасының дінге қарым-қатынасына қарай қалыптасатынынан дейді.
– Десек те баланың рухы әрдайым еркін. Басын орамалмен тұмшалау – ешбір баланың өз қалауы емес. Сондықтан да балаларымызды 18 жасқа келгенге дейін діни символдардан алыс, еркін түрде өсіруіміз керек.
Алайда кейбір ата-аналардың осынау қысымшыл іс-әрекетіне мемлекет те қысымшыл іс-әрекетпен жауап бермеуі керек. Өйткені білім алу – адам құқы! Басына орамал тағылғаны немесе тартқызылғаны үшін қыз балаларымыз жазаланбауы керек! Өкінішке қарай, қазірге дейін осы бір мәселенің құрбаны – қыздарымыз. Хәм екі жақты құрбан. Біріншіден, ата-анасы тарапынан жасалатын қысымның құрбаны. Екіншіден, мемлекет тарапынан жасалатын қысымның құрбаны.
Бұл қатеге бір жақты болса да тоқтау жасауға ұмтылып жатқан білім министірлігінің бастамасын қолдаймын. Қандай жағдайда да мемлекет қамтушы (инклюзив) болуға міндетті. Сол кезде басты функцияларының бірін іске асырады, – деді ғылым докторы.
Сонымен қатар қыздарымыздың білім алуы – олардың келешектері үшін өте маңызды және бәрінен бұрын елді сүю, адамның сол елдің азаматы ретінде сезіне алуынан бастау алатынын алға тартты.
Көпті көрген асыл тұқымның келіні Зейнеп Ахметованың айтуынша, қазақтың қызы тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Кəмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, шашақты сорабақ, моншақты қасаба, жырға деген сондай əдемі бас киімдер болған. Шаштарын он күн тарап бес күн өрген деген, шаш күтіміне көп көңіл бөлген. Қолаң шаш, сүмбіл шаш, қара шаш, алтын шаш – соның бəрі қыздың шашы. Сонда не мұсылман болады екенбіз деп соның бəрін жерге көмуіміз керек пе? – деді.
Балжан ӘБДІРАШ
Дінтанушы ағаның пікірімен келісемін, қазіргі заманға сай етіп тағуларына неге рұқсат бермеске, егер мектеп формасын сақтау деп қатаң талап ететін болсаңыздар неге оны іс жүзінде орындалуын қадағаламайсыздар. Дін бәріне ортақ, Шариғаттың заңдары, Құранның парыздары да бәріне ортақ, мемлекет мемлекет болып бөлінбейді ол жерде. Қыз бала балиғат жасқа толған соң әурет жерін жабуы, намаз оқуы парыз.сол секілді ұл бала да шариғатқа толды ма, намаз парыз. Балиғат жасқа толды дегеніміз, ол қазіргі переходной возраст, яғни баланың ойына шайтанның араласуы. Яғни ол амалдар еліміздің ұстанатын басты мазхабы бойынша жүзеге асса неге біз одан сонша үрейленіп қауіп көреміз. Бұған қарсы болып отырғандардың барлығы жоғарыда отырған шенеуніктер, әрине олар үшін ұлттық құндылық емес, батыстық құндылық жоғары. Қазіргі қалалық мектептерге барып көріңізші, 1 сағат отырсаңыз жетеді. Мектеп формасының қалай сақталатынын көресіз. Менің түсінігімдегі мектеп формасы, арнайы тапсырыспен тігіліп, әр мектеп бекітіп, бір үлгідегі киімді алу,соны кию. Қазіргі мектеп формасын мен қысқаша былай түсіндірем: белый верх, черный низ..міне, бүгінгінің мектеп формасы ОСЫ!!! Мектеп формасының сақталуын талап еткен соң, оған қойылатын шарттар да айқын болуы керек. Қазіргі 7-8 сыныптан бастап оқушылардың, әсіресе қыз балалардың астына киген юбкаларымен жыртығыңды да жамай алмайсың? Кәрістің киноларындағы қыздардай тізеден жоғарыға дейін гольфик киіп, көтетінен бір елі түсетін юбка киеді!!!! Неге осылармен күреспейміз? ертең қыздарына бір жамандық болса, телеарнаға шығып жылап отырады. 13 жаста, 15 жаста ана атанды деген қайдан шығады? Шаштарын қызыл сары бояп жүрген қыздар қаншама! Сонда бұл мектеп оқушысының мектеп формасы мен білім алушының сырт келбеті ме сіздер бекіткен???? Ал шаштарын жабамыз десе, үрейленесіздер. Көтендерін ашып жүргенше, бастарын жауып, етектерін жинап жүргені жақсы емес пе? Арлы, ұятты қыздардың өскені ұлттың болашағы үшін өте маңызды? Тарихтан да білеміз, қыздары арлы, тәрбиелі елді жаудың басып алуы қиын! Сондықтан мектеп формасын бекіткен кезде, нақты сантиметрлік өлшеммен белгілеуін сұраймын!
Баланың сырт келбетіне де талаптар бекітілуін сұраймын! Бұл бала құқығын кемсіту емес, бұл тәрбие! Ел болам десең бесігіңді түзе!!!
Әр оқу жылында ата-анамен келісімге отыру, яғни баланың мектеп формасының талаптарын және сырт келбетіне қатысты талаптарын сақталуын қамтамасыз етуді жүктеу, кері жағдайда 3 мәрте ескертумен айыппұл салу керек, тәртіпке көнбесе жеке меншік мектептер әр қадам сайын бар! Бұл неден туындап отыр, себебі қазіргі таңда бала алдында да, ата ана алдында да мұғалім дәрежесі төмен! Қазір мұғалімнің сөзін сөйлейтін ата-ана жоқ! Баласы мектепке көзі-қасын бояп, тырнағын өсіріп келсе де, «қой» дейтін ата – ана жоқ! Сондықтан мектеп формасының сақталуын ата-анаға да құжат жүзінде міндеттеу қажет !! Мектеп тарапынан талап етіліп, ата ана жағынан орындалуы керек!
Ар орамал мәселесін жалпы ұлтқа қатысты мәселе ғой? 18 млн халқы бар қазақ елінің білім жүйесіндегі бұл 30 жылдан бері бір шешімін таба алмай келе жатқан мәселе не үшін осы санаулы ғана адамдардың пікірімен, шешімімен ғана шешілуі керек? Мүмкін осы орамалды қыздарымыздың ішінде небір болашағы зор, ел атын шығаратын дарынды қыздар өсіп келе жатқан шығар! Білім алуына, не мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмесе, Ата заңымыздың 14-бабының 2) тармақшасы қайда қалды: Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Ал осы діни атрибутикаларын мектепке тағуға рұқсат бермеу, ол кемсіту емес пе? Сондықтан бұл жалпы халықтық мәселе, орамалдарына бола балалардың білім алуын шектеуді санаулы ғана адамдардың пікірімен шешпей, жалпы халықтық сайлауға салынсын!!! Демократиялық, жаңа Қазақстанның азаматы ретінде бұл мәселенің жалпы халықтың даусына салып шешуді сұраймын!!! Және бала құқығы мен мектептегі тәртібін қадағалауға байланысты мектептерде бала омбудсмені лауазымын енгізуді деп сұраймын!!!!!
Иә, сіздің пікіріңізбен келісеміз. Дегенмен бұл мәселеге мемлекеттің заңдылықтарының аясында нақты шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ алдағы уақытта Діни басқарма да бұған қатысты өз пәтуасын шығаратын болады.
Біз дін зайырлы мемлекетпіз. соған байланысты мектеп жарғыларында формаға қатысты анық әрі нақты жазылған. діни атрибутикаға жататынның барлығына рұқсат ЖОҚ. Мектеп формасы барлығында бірдей болғаны дұрыс. Өйткені ертең ислам діні атрибутикасына рұқсат берсек баска да діндер елімізде жұмыс аткарып жүрген оларда заң бойынша өз құқықтарын талап етеді. өз діндерінінң атрибутикаларын мектепке алып келеді. Мектеп ол білім алатын жер емес діни мекеме сияқты болып кетеді. сол үшін ең әуелі білімге көңіл бөоген жөн.
Зайырлы мемлекет болғанымызбен, елімізде бәріне ортақ заң бар. Қазіргі оқушылардың негізгі міндеті – білім алу. Мектеп қабырғасында алауыздық тудырмау үшін бірыңғай форманың болуы маңызды
Мектепте өз формасы болған дұрыс. Өйткені жағдайы жақсылар күнде әр түрлі модада киім киіп келіп жүрсе жағдайы онша еместер оларды көре алмай неше түрлі әрекетке түсуі мүмкін. Отбасыда жан жал туындауы мүмкін, сабақ үлгерімі нашарлауы мүмкін, өзін психолгиялық түрғыдан баскалардан төмендетіп жіберуі мүмкін. Ол деген балағаның психологиясына әсер етіп жамай алмайтындай жара болып калуы мүмкін.
Әрине, қоғамда отбасылардың деңгейі әртүрлі. Оқушылардың материалдық құндылықтарын бөліп жармау үшін мектеп формасы бірыңғай болуын талап ету дұрыс қадам. Бірақ қыздардың шаштары жинақы, сондай-ақ заманауи бас киім киіп жүруіне қарсы шықпауымыз керек.
барлығының айтып откандары орынды негізі. әр кімдікі өзіне дұрыс. сондада осы мектеп формасы орамал хиджаб деп шу туындатып жүргенде білім мәселесін ұмытпағанамыз жөн. қалай болсада бала білім алу керек. егер өздері тұрып жүрген оқып жүрген мемлекетінінң заңы баскама соған бағыну керек деп ойлаймын. өйткені ислам дінінде оқы білім ал делінген ең бірінші очередьте. Және де басшыға бағыну керек қарсы шықпау керек делінген. Сол үшін басқа жолдарын қарастырып балаларымызға ыңғайластырып білім тәрбие берейік
Иә, мемлекеттің халқына қойған талаптарын орындау дінде де құпталады.
Әділ басшыға
Хиджабты Орамалды елімізде ешкім тиым салып отканы жоқ. тек біріңғай тәртіп орнатып жатыр. тәртіп болған дұрыс негізі. Мектеп қабырғасына келгенде біріңғай мектеп формасымен кіріп оқып шыққаннанй кейін өз дінінің киімін кие беруге рұқсат делінген. Сол үшін ата аналарға айтарым балаға есі кірмей тұрып өз ойларыңызды діни идеологияны мийына құймай уакыты келгенде өз еркіне беріп таңдауға мүмкіндік еріңіздер. Сіздер тек не дұрыс не бұрыс екеніне бағыт бағдар беріп тұрсаңыздар сол жетеді
Расымен, бала балиғат жасқа толғанына дейін орамал тағуына күштеп итермелеуге болмайды. Ең бастысы, әурет жерлерін жауып жүрсе, қоғамда зорлық-зомбылық азайар еді.
Орамал ол діни атрибутикаға жата ма сонда? Кадімгі қазақтың орамалы?
Иә, жатады. Себебі, асыл дінімізде балиғат жасына толған қыз балаларымыз шашын жауып жүруі керек деп жазылған.
Ия сол ушин балигат жасына толган кыздарга мектепке заманауи улгиде шаштарын жауып журулеринк руксат берсе деп ойлаймн казир коптеген мемлекеттерде бул он шешимин тауып жатыр . Алла жазса жаксы шешим болады деп ойдаймын