Геннадий Головкин чемпиондық жекпе-жегіндегі жеңістен кейін үстіндегі қазақы шапанын шешіп, қарсыласы Риота Муратаның иығына жапты.
Инатаграмдағы парақшасында қазақстандық чемпион ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде: «Өзіңе құрметім ерекше. Чемпионға тән мінез көрсеттің! Аригато!» деп жазды.
Қазақы шапан киген Мурата енді «Мұрат» болды!