Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кері қайтарылмайтын дұға

25.03.2022
- Қоғам
0
9.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Сәййдул л-Истиғфар» (Истиғфарлардың мырзасы) деген дұғасы туралы не айтқанын білесіз бе? «Кімде-кім бұл дұғаны шын жүректен сеніп, күндіз уақытында оқып, күн батпай бақилық болса, ол жәннат иелерінен болады. Күн батқаннан кейін оқып, таң атқанға дейін бақилық болса, ол жәннат иелерінен болады». (Бұхари, «Диават», 2; Тирмизи, «Диават», 15)

Ендеше бұл қандай дұға және сөйлемдеріне тоқталуды жөн көрдім.

  1. «اللّهمَّ أَنْتَ رَبِّيِ Аллаһумма әнта Рабби» (Аллаһым, Сен менің Раббымсың) Мені жоқтан бар етіп, тіршілігіме қажетті болған барлық нәрсені жаратқан, ризық-несібемді берген, ауырсам шипа берген Сенсің. Алған демімді Сен берген күшіңмен ғана аламын, тамырымда аққан қан да сенің нығметің. Жүрегім сенің қалауыңмен ғана соғады. Менің өлімім де, өмірім де сенің қолыңда.
  2. «لا إِلَه إِلاَّ أَنْتَ Лә иләһә иллә ента» (Сенен басқа тәңір жоқ)

Сен жалғыз Раббымызсың, жалбарынатын, құлшылық ететін, дұға ететін, үміттенетін және қорқатын жалғыз өзіңсің. Мен сенен басқа ешкімге құлшылық етпеймін. Тек өзіңнен ғана көмек, қолдау сұраймын, Саған сенемін, Саған бас иемін.

  1. «خَلَقْتَني وأَنَا عَبْدُكَ Халақтәнии уе әнә ғабдуке» (Сен мені жараттың, мен сенің құлыңмын). Мен өздігімнен жаратылған жоқпын, Сен мені жараттың және сен мені өзіме таныттың. Мен сенің құлыңмын, мен сенің құлың болғанда өзімді бақытты сезінемін. Саған құлдықтан бет бұрсам, ол менің адасқаным.
  2. «على عهْدِكَ و وعْدِكَ ما اسْتَطَعْتُ, Ғала ғаһдика уә уәғдикә мә истәтәғту» (Күшімнің жеткенінше менің сенімен жасаған келісіміме және берген уәдемде тұрамын) Адамның рухы осы әлемінде болғанда «Мен сенің Раббың емеспін бе?» деп сұрадың, біз бірге: «Иә, сен біздің Раббымызсың», – дедік. Сосын бізді дүниеге жіберіп, бізге жауапкершілік жүктеп сеніп тапсырдың. Біз «иә» деп айтқан сәттен бастап мен сізге берген уәдеме адалмын. Ара-тұра жаным мен шайтанның соңынан ерсем де, аяғым сүрініп, жолда тұрып қалсам да, мен сенің жолыңнан қайтқан емеспін, саған деген құлшылығымды тастаған емеспін.
  3. «أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ ما صنَعْتُ Әғузу бикә мин шарри мә санағту» (Жасаған күнәларымның жамандығынан Сенен пана тілеймін) Мен ғибадатымнан ұзақ уақыт бойы нәпсіме және шайтанға еріп күнә жасаған шығармын. Бәлкім саған табынудан бас тартқан да кезім болған шығар. Кейде құлшылығыма немқұрайлық танытқан шығармын. Кейде сен тыйым салған арам нәрселерді де істеген шығармын, Осы істеген күнәларымның әрқайсысы екі өміріме де зиян тигізетінін білемін. Біліп те білмейде істеген күнәларымнан Сенен пана тілеймін. Жүрегімді қарайтатын, сенімімді теріске шығартатын және жолымды адастырудан Сенен пана тілеймін.
  4. «أَبوءُ لَكَ بِنِعْمتِكَ علَيَ ، وأَبُوءُ بذَنْبي Әбу ләкә биниғмәтикә ғәләййә уә әбу бизәнби» (Маған берген нығметтерің, менің болса [осы нығметтерге қарсы] күнәларымды мойындаймын). Сен маған шексіз нығмет бердің, санына жете алмадым және шегін де білмедім. Сен менің жаратылыстың ішіндегі ең ардақтысы еттің. Сен менің жүрегіме иман бағыш еттің. Ақыл, көз, құлақ, қол, аяқ бердіңіз. Әрбір нығметіңе өмір бойы шүкіршілік етсем, сәждеден басымды көтермесем де, бұл нығметтерді өтей алмаймын. Осы нығметтерге шүкіршілік етудің орнына, қанағатсыздық еттім. Маған бергендеріңді көрмей, бермегендеріңді сұрадым. «Неге мынау менде жоқ, мынау неге жоқ?» дедім. Осылайша кейде мен күнә жасадым және оны мойындаймын.
  5. «فَاغْفِرْ لي ، فَإِنَّهُ لا يغْفِرُ الذُّنُوبِ إِلاَّ أَنْتَ Фәғфир ли фәиннәһу лә Яғфиру Әз-зунубу иллә әнтә» (Мені кешір, өйткені күнәларды Сен ғана кешіресің). Сен Ғаффар және Ғафурсың, күнәларды кешіресің. Сәттарсың, жамандықты жасырасың. Сен Тәууәбсың, тәубе етіп, Саған бет бұрғандарды қабыл етіп, тәубе есіктерін ашасың. Жан көмейге жетіп, күн батыстан шыққанша тәубе есігің ешқашан жабылмайды. Олай болса, мені кешір. Не істесем де, істеген күнәмды кешір.

Сен Елшің арқылы бізді шақырған және бұйырған: «Айт: [Раббың айтты:] Ей, [күнә жасап] өздеріне зұлымдық жасаған құлдарым! Алланың мейірімінен үмітіңді үзбе! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Күдіксіз Ол кешірімді, ерекше мейірімді». (Зүмер сүресі, 53 аят)

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Міне, ешқашан жабылмайтын Алланың мейірім есігінің алдында тұрмын. Мені де сол есіктен ішке кіргізе гөр! Мені өз кітабың Құран Кәрімнің мынандай сипаттайтын құлдарыңның қатарына ал: «Уа, тыныштық тапқан нәпсім! Раббыларың сендерден, сендерде Раббыларыңнан разы болып қайтыңдар. Менің құрметті құлдарымның қатарына кір және менің жәннатыма кір!». (Фәджр сүресі, 27-30 аят).

Дұғаның толық нұсқасы: «اللّهمَّ أَنْتَ رَبِّيِ اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي ، لا إِلَه إِلاَّ أَنْتَ خَلَقْتَني وأَنَا عَبْدُكَ ، على عهْدِكَ و وعْدِكَ ما اسْتَطَعْتُ ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ ما صنَعْتُ ، أَبوءُ لَكَ بِنِعْمتِكَ علَيَ ، وأَبُوءُ بذَنْبي فَاغْفِرْ لي ، فَإِنَّهُ لا يغْفِرُ الذُّنُوبِ إِلاَّ أَنْتَ»

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

PhD Докторы

Таңбалар: басты тақырыпДұғажәннатИсатай Бердалиевтілек
Бөлісу230Твитерге144Бөлісу29Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қағбаға бет бұру, тәуап ету – оны пұттар қатарына қосу емес пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00