Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Асхат Оралов партияның AMANAT деп аталуының 7 себебін көрсетті

01.03.2022
- Жаңалықтар
0
91
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін партиямыздың кезектен тыс 22-ші Съезі онлайн форматта өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысты.

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тура 23 жыл бұрын 1 наурызда партияның құрылтай Съезі өткенін білесіздер. Дәл осы күнге орайластырылған бүгінгі жиынның партия тарихындағы орны бөлек. Себебі біз бүгін партия төрағасының 28 қаңтарда өткен Съезде модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарламаны талқыладық, оны Съезд делегаттары бірауыздан мақұлдады, – деп жазды Оралов.

Осыған орай Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы Фракциясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын Amanat деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді, партияның жаңа атауын Съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп санаймын, – деп жазды ол.

Асхат Оралов партияның AMANAT деп аталуының себебіне қысқаша тоқталып өтті.

Біріншіден, «AMANAT» – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия.

Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік.

Екіншіден, «AMANAT» – халық мұрасын сақтаушы партия.

Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы.

Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның ірі міндеттерінің бірі.

Үшіншіден, «AMANAT» – мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия.

Халық ұғымында «аманатқа қиянат жасалмайды», яғни аманатты сақтаушы партия мүшелері – ең әуелі мемлекет мүддесіне адал азаматтар.

Төртіншіден, «AMANAT» – сайлаушылар аманатын орындайтын, халық үніне құлақ асатын партия.

Халықтың үні – сайлау кезінде азаматтардың талап-тілегі мен партияға тапсырған аманаттары. Олар сайлауалды бағдарламаға енгізілді. Партия сайлаушылардың аманатын орындау арқылы елге қызмет етеді. Барлық аймақтардағы қабылдау бөлмелері мен қоғамдық кеңестері арқылы халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, билік органдарына жеткізіп, оң шешім қабылдануына ықпал етеді.

Бесіншіден, «AMANAT» – қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтайтын, барша азаматтарға тең мүмкіндік беруді қолдайтын партия.

Біз бір-біріне қолдау білдіретін, мықтылары әлсіздерге жәрдем беретін, әлеуметтік әлсіз топтардың мүддесін қорғайтын қоғам құруға ұмтыламыз. Аманат сақталған жағдайда қоғамда адамдар арасындағы бауырмалдық, сенім мен мейірім күшейеді, ел ішінде ырыс-береке ұялайды.

Алтыншыдан, «AMANAT» – отбасы құндылықтарын, қоғамдық бірлікті насихаттайтын партия. Тәуелсіз Қазақстанды өркендететін келер ұрпақ болғанда, зиялы, көзі ашық, тәрбиесі көркем ұрпақты тәрбиелеу – ата-ананың, қоғамның және мемлекеттің мойнындағы аманат. Сондықтан партия отбасы институтының берік болуына, ұлттық бала тәрбиесіне, ана мен баланың құқығының қорғалуына баса назар аударады.

Жетіншіден, «AMANAT» – мемлекетті басқаруға көрсетілген сенім.

Бір ұжымның қызметкерлері – басшыға, сайлаушылар – партияға, халық – Президентке аманат.

Парламентте, жергілікті мәслихаттарда конституциялық басымдыққа ие, Үкімет пен жергілікті атқарушы билікті қадағалайтын партия ретінде мемлекетті дамытуға, оны озық елдердің қатарына қосуға, халық тұрмысын жақсартуға күш саламыз. Осы мақсат жолында партия Президенттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыру үшін оған жан-жақты қолдау көрсетеді. Жаңарған партиямыз атына заты сай болады деп сенемін. Алғыс айту күні құтты болсын! Мемлекет пен халық игілігіне жасаған қызметтеріңіз үшін мың алғыс, – деп жазды Асхат Оралов.

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрандағы мемлекеттілік және егемендік теориясы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00