Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызметкерлер төмен жалақы алады – Еңбек реформасына жаңа өзгерістер еңгізу керектігі айтылды

26.01.2022
- Жаңалықтар
0
93
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Халық партиясы еңбек қатынастары саласында реформа жүргізу қажет деп санайды. Бұл туралы депутат Ерлан Смайлов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Сөзінше, тұтыну шығыстарының рейтингінде Қазақстан Камерун мен Анголаның арасындағы орынға орналасқан. «Жұмыс істейтін кедейлік», азық-түлік пен қызмет көрсетудің жоғары бағасы, трансұлттық компаниялардың үстеме пайдасы және жұмысшылардың мардымсыз жалақысы кедейлік пен теңсіздіктің белгісі болып тұр.

Қазақстан Халық партиясы еңбек қатынастары саласында реформа жүргізу қажет деп санайды.

Елде жұмыс берушінің, әсіресе трансұлттық компаниялардың мүддесіне басымдық берілген. Салдарынан жүйелі теңгерімсіздік орнаған. Қызметкерлер төмен жалақы алады, олардың денсаулығына қауіп төнеді, ал өмір сүру сапасы жақсармайды. Ал мемлекетке мүгедектікке байланысты жәрдемақы төлеуге, моноқалалардың инфрақұрылымын қаржыландыруға, жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыруға тура келеді. Қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғауға жауапты бейінді мемлекеттік органдардың әлсіз позициясы, енжарлығы және дәрменсіздігі байқалады, – деді ҚХП депутаты Ерлан Смайлов.

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026

Депутат атағандай, азаматтардың жалақысының төмен деңгейі шығыс құрылымында азық-түлікке көп қаражат жұмсауға мәжбүрлейді.

Бұл кедейлік пен жан бағу арасындағы траектория. Ол жұмысшылар мен олардың отбасының сапалы өмір сүруін, дамуын жақсартпайды. Мұндай жағдайда халық елдің тұрақтылығы мен жаңғыруының іргетасы бола алмайды. Елдегі жалақының айырмашылығы баяғыда пұтқа табынушылыққа айналды. Өндірушілердің жалақысы ұлттық компаниялар мен холдингтердің «тиімді менеджерлерінің» жалақысынан және түрлі бонустарынан 10 есе төмен болуы мүмкін! Министрдің жылдық сыйлықақы түрінде 15 млн теңге алуы дұрыс емес. – деді мәжілісмен.

Ол 30 жылдық жұмыс өтілі бар қарапайым мұғалімге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 мың теңге сыйлық ақы беру тіпті орынсыз екенін айтты. Мұғалімнің қолына салықтық шегерімнен соң осы ақша тұтас тимейтінін де ескеру қажет.

ҚХП фракциясының депутаттары мемлекеттік саясаттың басымдығы еңбек адамы мен оның отбасының мүддесін қорғауы керек деп санайды. Бұл үшін еңбек саласында жаңа ұлттық саясат әзірлеуді ұсынды.

Қазақстанға жаңа саяси институт – еңбек құқықтары жөніндегі уәкіл қажет. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік институтын жаңғырту керек. «Ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу туралы» ХЕҰ № 131 конвенциясын ратификациялап, еңбекақы төлеу жүйесін реформалаған жөн. Бұған қоса, жалақы инфляцияның нақты деңгейіне сәйкес индекстеліп, азаматтардың бірқатар санаты үшін зейнетке шығу жасы төмендетілуге тиіс, – деді Ерлан Смайлов өзінің депутаттық сауалында.

Таңбалар: депутатқызметкер
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Депутаттарға арналған тұңғыш кәсіби кітаптың тұсауы кесілді
Жаңалықтар

Депутаттарға арналған тұңғыш кәсіби кітаптың тұсауы кесілді

19.10.2023
Жаңалықтар

Дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қолға алынды

06.10.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бұрмаланған ақпарат бүлікке бастайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120857 бөлісті
    Бөлісу 48343 Твитерге 30214
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1596 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00