Жұма, 10 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ихсан ілімі жайлы не білеміз?

31.01.2022
- Қоғам
0
90
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі техника мен технологияның қарыштап дамыған заманында, аумалы-төкпелі кезеңде, құндылықтар құлдырай бастағанда адамдық болмысымызды жоғалтпай, тура жолдан адаспағанымыз абзал. Асыл дініміз исламды берік ұстанып, иманымызды күшейту арқылы ғана зор жетістікке жете аламыз.

Десек те, осы ізгі жолда мұсылман адамның бойынан жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттері көрінуі керек. Әрине, жетістікке жетуде ихсан ілімінің алар орны айрықша екенін айтып өткеніміз ләзім.

Жалпы, ихсан ілімі қазақ халқына жат емес. «Ихсан» сөзі шынайылық деген мағынаys білдіреді. Мәселен, мұсылман адам Алла тағала өзін көріп тұрғандай құлшылық жасауы керек. Жаратушы алдында қорқыныш пен үміт қатар пайда болып, намазды жауапкершілікпен, шынайылықпен оқуымыз қажет.

Бірде екі дүниенің сардары, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларымен сұхбат құрып отырғанда бір кісі келіп, ихсан ілімі жайлы сұрайды. Сонда пайғамбарымыз: «Сен Оны көріп тұрғандай Аллаға құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады» деп жауап береді. Осы хадистен біз ихсан ілімінің негізі шынайылықта, жүрек қалауымен әрекет ету екенін аңғарамыз.

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

03.10.2025

Қаратал ауданындағы қала, ауыл имамдары, мешіт жамағаттары рухани кемелдену жолына бастайтын істердің ұйытқысы болып жүреді. Қалтасы қалың азаматтар кедей, көпбалалы отбасыларына азық-түлік, көмірін түсіріп беріп, қол ұшын беруде. Мүгедек, мүскін жандар да назардан тыс қалған емес. Әрине, осының бәрін ихсан ілімі аясында жасалып жатқан ізгілік, жақсылық, игілік дегеніміз жөн.

Рухани дүниеден материалдық құндылық басымдау болып тұрған заманда ихсан ілімін насихаттаған абзал. Аллаға шүкірлік қылып, пайғабарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауат айтып, иманымызды күшейту арқылы біз ихсан ілімінің маңызын тереңірек түсінеміз.

Өйткені, Аллаға тәубе мен тәуекел қылған адам қиын сәтте сабыр сақтап, байсалды әрі парасатты қалпынан айнымайды. «Әнфәл» сүресінің 29-шы аятында: «Әй, мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет (білім) береді әрі жамандықтарыңды жойып, жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі», – делінген.

Жалпы, ихсан ілімі ерте заманнан мұсылмандық жолды таңдаған қазақ халқы үшін таныс ілім. Бір айта кетерлігі, ихсан ілімінің кемелденуіне Түркістан діни мектебінің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи бабамыз бен оның шәкірттері айтарлықтай еңбек етті. Тарихтан мысал ретінде Қжоа Ахмет бабамыздың туған ұлы Ибрахимді қастандықпен өлтірген адамға қызын қосып, астындағы мініп жүрген атын беруінен біз тақуа жанның сабырлы, дегдар адам болғанын байқаймыз. Ол көне түркілік дәстүрлер мен Ислам дінінің құндылықтарын біте қайнастырып, ел ішіндегі мәдени, діни қақтығыстардың арасынан тура жол тапты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ихсан – тәрбие негізі» атты мақаласында: «Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттырып, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіретті күшті Хақ Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтардың бірегейі де осы – ихсан ілімі» деген болатын.

Расында, ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін мектеп. Тақуалық дегеніміз – әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу, аз сөйлеу, қорғану, күнәлі істерден аулақ болу, ұятты амалдардан сақтану, Алла тағалаға құлшылық қылып, өзгелерге жақсылық жасау.

Бірде тақуалық туралы сұраған адамдарға сахаба Әбу Һурайра (а.с.): «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жолмен жүріп көрдіңіздер ме?» – деп сұрайды. Сонда әлгі адамдар: «Иә, өттік», – деп жауап береді. Сахаба: «Олай болса, сол жерден өткенде не істедіңіздер?» – деп қайыра сұрақ қояды. «Тікеннен сақтанып өттік», – дейді олар. Сонда Әбу Һурайра: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», – деген екен.

Ислам діні көркем мінез бен әдептілікке негізделген. Адам әдепті болса, соншалықты сүйкімді болмақ. Ихсан ілімі көркем мінез бен адам бойындағы әдептілікті қалыптастырып, жақсы жолға бастайды. Біз біреулерге жақсылық жасау арқылы, жұмсақ сөйлеп, игі істер атқару арқылы ихсан іліміне жақын бола түсеміз.

Мәселен, үлкенге сәлем беру, науқастың көңілін сұрау, көршіге жақсы қарау арқылы біз игі қасиет иесі атанамыз. Сонымен бірге жомарттық танытып, кешірімді болсақ, нұр үстіне нұр. Адамның қадірін түсіретін өтірік айту, ғайбат сөйлеу, көре алмаушылық, туысқаннан қарым-қатынасты үзу секілді жаман әдеттерден аулақ болғанымыз абзал.

Бір сөзбен айтқанда, ихсан ілімі – адам баласын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйрететін ілім. Бұл ілім қоғам үшін аса маңызды әрі ғибратты тәрбие жолы.

Әбудардан ТАЛАСБАЙ,

Үштөбе қаласының бас имамы,

Қаратал ауданы,

Алматы облысы

Таңбалар: басты тақырыпиманИхсан іліміқұлшылық
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды

06.10.2025
Пара беру мен жемқорлықтың зардабы
Қоғам

Пара беру мен жемқорлықтың зардабы

01.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ақпан айында қандай діни күндер мен мерекелер бар?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады
Қоғам

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда ғұсыл алынады?

09.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою