Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шетелдегі діни білімнің артықшылығы

25.11.2021
- Мемлекет және дін
0
331
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еліміз армандаған егемендігіне қол жеткізгеніне міне, тура отыз жыл толып отыр. Отыз жылда экономикалық саяси өзгерістермен қатар елдің руханият саласында да едәуір өзгерістер орын алды. Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретінде заң жүзінде бекіткен мемлекет. Зайырлылық дегеніміз  қоғамның кез келген мүшесіне оның ұстанған діни-сенімі, нәсілі, көзқарасына араласпайтын еркіндік беретін ұстаным. Зайырлылық – «атеизм» емес, адамның діни-сенім бостандығына кепілдік беру.

Оның дәлелі ретінде еліміздегі рұқсат етілген діни бірлестіктердің барлық дерлігі өз жұмыстарын еш қысымсыз жүргізуі. Тарихқа терең үңілсек қазақ халқы мың жылдан астам уақыт мұсылманшылықты өз күнделікті тұрмыс тіршілігінде басшылыққа алып отыр. Салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, ұлттық болмысымызға айналған ата-дінімізді үйрену үшін ата-бабаларымыз орта ғасырда шетел асып білім алатын.  Ол кезеңде орта Азия өлкесі ғылымның орталығы болды. Бұхара, Самарқанд, Отырар, Тараз, Түркістан, Сығанақ қалалары Ислам ғылымының ошағына айналды. Осы жерден білім алғаннан кейін барып білімін тереңдету үшін ғана ата бабаларымыз шетел асып сапарларға шыққан. Дей тұрғанмен мүлдем шетел асып білім алмау керек деген тұжырым дұрыс емес. Себебі шетелде діни білім алу емес, жалпы білім алу үшін сапарға шығу Ислам дінінде өте құптарлы сауапты іс саналады.

Шетелде білім алудың артықшылығы өте көп. Сол білімнің пайда болған жеріне барып, түпнұсқадан оқу және басқа да шетелден келген білімді жастармен білім алмасып, білімі терең ғалымдардың білімінен сусындау секілді артықшылықтары бар. Сол секілді зиянды тұсы да жоқ деп айта алмаймыз. Өйткені діни иммунитеті қалыптаспаған және дәстүрлі қазақи танымы болмаған жастарымыздың жат ағымның етегіне еріп жатулары осы себеппен болып отыр.

Өз елінде бастауыш діни алмаған адам, шетелге барғанда ақ-қарасын ажырата алмау себебінен сол жақтағы деструктивті тәлім тәрбие беретін ортаға қосылып кетуіне ықтималдылық жоғары болып отыр. Сондықтан шетелдік оқу орындарында білім алғысы келген азаматтар әуелі діни танымын отандық білім ордаларынан қалыптастырып, содан кейін ҚР Дін істері комитеті мақұлдаған шетелдік университтерге барып жалғастырғаны абзал. Ал білімді Қазақстанда емес, шетелдегі оқу орындарында діни білім аламын деген кез келген азамат Діни басқармадан арнайы жолдама рұқсат алуы керек. Немесе ресми тіркелген діни оқу орнын бітірген болуы керек. Бұл істер орындалмай азаматтар өз еркімен ешкімнің нұсқау бағытынсыз оқуға аттанар болса, күмәнді ортаға қосылып кетуі кәдік. Сондықтан діни білім алмас бұрын өзінің тұрғылықты жерінінің бекітілген дін мамандарымен ақылдасып шешкен дұрыс болады. Себебі қазір жат діни ағымның білім беру жүйесі өте қатты дамып, жастарды өздеріне арбап отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында діни кадрларға қажеттілік туындап жастарымыз шетел асып білім алуға жан-жаққа кетті. Нәтижесінде діни білімі бар азаматтар көбейді. Соның себебімен елімізде діни оқу орындары ашылды. Бірақ қазір шетел асудың қажеттілігі қалмады. Өйткені өзімізде де жоғарғы оқу орындары ашылып, шетелден ғалымдарды алдырып шәкірттерге білім беріліп жатыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздегі дін мәселесіне байланысты орын алған осы бір өзекті мәселелер арнайы тоқталып:

«Ел азаматтарының шетелде діни білім алуының реттелмеуі, олардың деструктивті діни идеологияның жетегінеде кетуіне және өз елінде маман ретінде сұранысқа ие болмауына әкеп соқтырады. Шетелдің күмәнді діни оқу орындарына оқуға кеткен қазақстандықтарды елге қайтару проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты азаматтарымыздың шетелдік діни білім беру ұйымдарында теологиялық білім алу тәртібі реттеуді талап етеді. Ел азаматтарының Қазақстанда діни білім алуы мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет», – деп көрсеткен еді.

Осыған орай елімізде тұңғыш рет Мысыр елімен келісім арасында 2001 жылдан бері ашылған Нұр-мүбарак Ислам Мәдениеті Университеті елімізге жоғарғы білімді білікті дін мамандарын дайындап келеді. Университет жанында Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығы құрылған. Орталықтан көптеген ғылыми оқулықтар жазылып, исламтану саласында зерттеулер жүргізіліп келеді. Одан өзге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты тоғыз медресе жұмыс жасайды. Және Құран жаттау орталықтарының жұмысы бір ретке қойылған. Осының барлығы ел тәуелсіздігінің дін бостандығы саясатының жемісі болып отыр.

Осындай білім орталықтары болған себепті қазіргі жастар шетелге барып білім алмай өз елімізде терең діни білім алуға мүмкіншілік алып отыр. Азаматтарға білімін жетілдіру мақсатында магистратура немесе докторантура оқу бағытында шетелдік университетте білім алуларына да жағдай жасалған. Соның ішінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен келісімге отырған әлемдік деңгейде білім беру жүйесі бар Мысыр еліндегі Әл-Әзһар университеті және Түркия еліндегі Хасеки имамдар дайындау академиясы бар. Аталмыш оқу орындарын тәмәмдаған білікті дін ғалымдары қазіргі таңда еліміздің діни саласын дамытуға өздерінің сүбелі үлестерін қосып жатыр.

Жат діни ағымның алдын алу үшін бірінші кезекте осы жастарамыздың шетелде діни білім алуын бақылау қажет. Сол мақсатта елімізде діни оқу орындары ашылды. Елімізде дәстүрлі ислам мектебін қалыптастырып, ата-бабамыздың ұстанған сара жолын жастар арасында дәріптеу керек. Абай мен Шәкәрімнің білім сол кезде жастарымыз шетелдің мәдениеті мен танымына еліктемей ұлттық болмысын сақтайды. Діни кекілжің белең алмай, толеранттылық түсінік қалыптасады. Адамның алған діни білімі қай елде алып келсе де ел арасында алауыздық емес, ынтымақ ауызбірлікті сақтауға жұмсалу керек. Кезінде ел арасында білімі мен данагөйлігімен аты шыққан Науан хазірет, Марал ишан, Мәшһүр Жүсіп, Пір Бекет бабаларымыз діни білімі терең болды. Сонымен қатар олар халықтың салт-дәстүріне танымына қарсы шықпады. Өздерінің білімін халық арасында таратты. Қазіргі жастар қазақ даласында өткен осындай дін қайраткерлерінің өмірінен үлгі, ғибрат алуы керек.

Бахитжанов Ержан
Дін істері басқармасының Дін
мәселелері жөніндегі
ақпарттық-талдау
орталығының теолог маманы

 
 
 

Таңбалар: зайырлылықзайырлылық қағидаларыруханияттарихтәуелсіздік
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
«Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты симпозиум өтіп жатыр
Жаңалықтар

«Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты симпозиум өтіп жатыр

18.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дінаралық татулық – рухани-ғұрыптық қауіпсіздіктің маңызды аспектісі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00