Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орталық Азия және терроризм қатері

30.11.2021
- Ағымдар ақиқаты
0
628
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Орталық Азия елдерінде радикалды идеологияның таралуына белгілі бір сыртқы және ішкі алғышарттар бар. Кейбір сарапшылар діни-саяси белсенділіктің күшеюі теріс идеологияның таралуына себеп болуы мүмкін деп санайды.

Орталық Азия елдеріндегі экстремизмге экономикалық жағдайдың нашарлауы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі сияқты факторлар да себеп болатындығын ақпарат құралдарынан оқып-біліп жүрміз.

Айта кету керек, бүгінде Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін діни-саяси экстремизм жетекші орындардың бірін алатындықтан аймақтағы қауіп-қатерлерді жеткілікті деңгейде бірқатар параметр бойынша саралауымыз қажет.

Біздің ойымызша, аймақ елдерінің қауіпсіздігіне белгілі бір қауіп төндіретін сыртқы факторларға Ауғанстан, Пәкістан, Солтүстік Кавказ, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Ирак, Сирия сынды мемлекеттердегі діни сипатта орын алған жағдайларды жатқызуға болады.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Атап айтқанда, «Өзбекстан немесе Түркістан ислам қозғалысы», «Әл-Каида», «Ансарулла жамағаты», «Ислам Ирак және Левант мемлекеті» (ИШИМ), «Техрик-е Талибан және Пәкістан», «Джабхат-ан-Нусра» қозғалыстары.

Аймақ ішінде: «Хизб-ут-Тахрир», «Таблиғ жамағаты», «Салафия» (атын қолданушы) идеологиясын қолдаушылар, «Тәжікстанның исламдық қайта өрлеу партиясы».

Егер кезең-кезеңмен қарастыратын болсақ, қазіргі ислам атын жамылған радикалды діни ұйымдар діннің рухани базасын құрайтын элементтер – ислам фундаментализм жүйесімен тікелей байланысты екендігін айтады. Бұдан әрі, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдерінде дін идеологияға, кейін саяси құралға айналады.

Мәселен, бірнеше жыл бұрын «Өзбекстан Ислам қозғалысының жетекшісі» Тахир Юлдашев бұл қозғалысты нақты саяси күш ретінде өзбек билігінде ресми деп тануға ұмтылды, сондықтан олар, Өзбекстан басшылығымен келіссөздерге дайынбыз деп жариялаған болатын. Алайда Өзбекстан басшылығы оларды нақты саяси күш ретінде тануды жоққа шығарып, террористік ұйым деп санаған болатын. Себебі, «Өзбекстан Ислам қозғалысы» Ферғана алқабы аумағында, кейін барлық Өзбекстан аумағында басшылық жасап, Ислам мемлекетін құруға ұмтылуда.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, 2002 жылы қазанда «Өзбекстан Ислам қозғалысы» «Түркістан ислам қозғалысына» айналған және оның құрамына Тәжікстан, Қырғызстан және Қытайдан келген ислам фундаменталистері (ұйғырлар) кірген. Ұйымның мақсаты – таңдаулы аймақтарда ислам мемлекетін (халифат) құру.

Аталған қозғалыс содырлары «Әл-Каида» мүшелерімен бірге Шешенстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан аумақтарында жауынгерлік іс-қимылдарда кәсіби даярлықтан өтіп, Сирия, Ирак аумағындағы ұрыстарға қатысқан. Олар соғыс тактикаларын жетік әрі кәсіби түрде меңгеріп, әскери операцияларды таулы және күрделі ауа-райы жағдайларында сәтті жүргізген.

Олар экстремистік-террористік әрекеттер жасауға Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстан мен Қазақстанда заңсыз топ құрып, жаңа мүшелерді тартуға әрекет жасаған болатын.

Ал «Ислам мемлекеті» ұйымына Қазақстан және барлық Орталық Азия елдерінен 2 мыңға жуық содыр аттанған. Ал осы Орта Азия елдеріне төнетін қауіп – халықаралық террористік ұйыммен байланыс орнатқан осы адамдардың жаппай қайтып оралуы.

Сонымен қатар, ДАИШ ұйымына қатысты айтатын болсақ, кейбір авторлар террористік ұйымның Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтінін айтса да, Орталық Азия Республикаларынан көптеген жастар оларға мүше болған. Уақыт өте келе содырлар отанына оралып, экстремистік идеяларды таратып, жихадқа шығу туралы ойларын ортаға салып, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырған болатын.

Ал Орталық Азия республикаларында және Қазақстанда жұмыс істейтін салафиттерге (сәләфия атын қолданушылар) келетін болсақ, олар имамдарға, діни қайраткерлерге, басқару жүйесіне, жергілікті әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қарсы шығуда исламдық негіздерді ұрандату, ислам құндылықтарын нығайтамыз деген желеумен жасырынып, экстремизм мен терроризм әрекеттерін жүзеге асыруға әрекет жасайды. Біздің ойымызша, қазіргі неосалафизм – діни құбылысқа қарағанда саяси құбылыс. Сайып келгенде, исламның негізін нығайтудан гөрі нақты билікке жету жолдарын қарастырады.

Осыған байланысты Орталық Азия елдерінің және Қазақстанның өзара іс-қимылын үйлестіру маңызды. Әр елдің өз шекараларында қатерлерге қарсы іс-қимыл, ішкі қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру сынды жауапкершілікті аттыру арқылы тиімді қауіпсіздік деңгейін жүзеге асыруға болады.

 Р. ҚАЙЫРГЕЛДІ,

 Алматы қаласы Дін істері жөніндегі

басқармасының жанындағы «Кеңес

беру және оңалту» орталығының директоры

Таңбалар: басты тақырыпОрталық Азиятерроризм
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Маңғыстау: Мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00