Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қарилар байқауы-2021: жеңімпазға автокөлік табыс етілді

14.10.2021
- Жаңалықтар
0
101
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы мәресіне жетті.

74 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының құрметті азаматтары мен ел ағалары, сондай-ақ, дін жанашыры, жарысқа демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов арнайы қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Түркістан облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, сонымен қатар демеуші болған Бахардин Нұғманұлына алғысымды білдіремін.

Қатысушылардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасындағы Кәмілжан, Сәдуақас, Данияр, Ерсін және Жұманазар қариларға да рақметімді айтып, Алла жар болсын демекпін. Осы отырған жап-жас қариларымыз өздеріңіз секілді білімді, абыройлы азамат болып өссін!» деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен қарилар байқауының жүлде қоры бұрынғыдан да қомақты болды. Мәселен бас жүлде иегеріне жол талғамайтын шетелдік көлік берілсе, 30 пара бойынша финалдық кезеңге жолдама алған 5 қаридың екеуіне ынталандыру сыйлығы ретінде ұмра қажылығына жолдама берілді. Сондай-ақ 20 пара бойынша тартысты өткен байқаудың да төртінші және бесінші орын иегерлеріне қазылар алқасының шешімімен ынталандыру сыйлығы табысталды.

Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын (1 000 000 теңге) – Қуаныш Сейтқанов (Алматы қаласы, 29 жаста)

ІІ орын (700 000 теңге) – Ерболат Шаудырбай (Нұр-Сұлтан қаласы, 24 жаста)

ІІІ орын (500 000 теңге) – Әнуар Сырымұлы (Алматы аймағы, 20 жаста)

«10 пара» бойынша:       

І орын (1 500 000 теңге) – Гиесжон Абдикадиров (Павлодар облысы, 22 жаста)

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Әділет Саяжанов (Қарағанды, 27 жаста)

ІІІ орын (750 000 теңге) – Әбілхайыр Жұбан (17 жаста)

«20 пара» бойынша:

І орын (2 000 000 теңге) – Нұртілеу Сейтқасым (Қарағанды, 9 жаста)

ІІ орын (1 500 000 теңге) – Хабиболла Раушан (Ақтөбе, 19 жаста)

ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Исламнұры Игілік (Түркістан, 14 жаста)

ІV орын (700 000 теңге, ынталандыру сыйлығы) – Абдулбақи Абдилазиз (Алматы қаласы, 9 жаста)

V орын (500 000 теңге, ынталандыру сыйлығы) – Умайр Абдусаттар (Жамбыл облысы, 13 жаста)

«30 пара» бойынша:

Бас жүлде (автокөлік) – Әлібек Жалиев (Шымкент, 18 жаста)

ІІ орын (3 000 000 теңге) – Мансурхан Сарварханұлы (Алматы қаласы, 11 жаста)

ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Ниғматуллох Абдазимов (Түркістан, 14 жаста).

ІV орын (кіші қажылық) – Абуали Қалпашов (Ақмола облысы, 18 жаста)

V орын (кіші қажылық) – Бекзат Тасболатов (Ақтөбе, 18 жаста)

Жеңімпаздармен бірге байқауға қазылық жасаған елімізге белгілі қарилар Сәдуақас Олжабай (төраға), Кәмілжан Юлдашұлы, Данияр Жұмабай, Ерсін Әміре мен Жұманазар Садырхановқа Бас мүфти арнайы алғыс білдіріп, марапаттады.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған қарилар байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты байқау екі күн бойы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.


Таңбалар: басты тақырыпҚМДБТүркістан
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Басқа пәле – тілден

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00