Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарға лайықты үмбет болайық!

19.10.2021
- Жаңалықтар, Ислам
0
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қадірлі мұсылман қауым!

Сіздерді ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала баршамызға Пайғамбар шапағатына бөленуді нәсіп еткей. Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін. Мәуліт мүбәрак болсын!

Исі мұсылман баласы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айын асыға күтіп, рухани басқосуларда Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтады. Мұндай игі дәстүр біздің елде де бірнеше жылдан бері жалғасын тауып келеді.

Асыл дінімізде тойланатын кез келген мереке ізгілік пен құлшылыққа, қайырымдылық пен жақсылыққа үндейді. Алла елшісінің дүниеге келген айында орындалатын амалдар мұсылман баласын тақуалыққа тәрбиелейді.

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026

Мәуліт – отбасылық мереке. Қасиетті Мәуліт айында отбасымызға ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі туралы насихат айтып, Алла елшісіне салауат жолдап, қарияларға құрмет көрсетіп батасын алу, балаларымызды қуанышқа бөлеу – мерекенің сәні мен мәнін арттыратын сауапты амалдар.

Алла Тағала қасиетті кітабымыз Құранда: «Аллаға шын мәнінде тәуекел етіп, Ақырет күнінен үміт етем деушілер үшін және Жаратқанды жиі-жиі еске алатын жандар үшін Алланың елшісі керемет өнеге бола алады» («Әл-Ахзаб» сүресі, 21-аят) деген.

Расында, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) лайықты үмбет болуға ұмтылған мұсылман үшін оның өмірінен алар өнегелер көп. Соның бірі – мейірімділік. Бұл туралы Құранда: «(Уа, Мұхаммед) Біз сені бүкіл әлемге рақым етіп жібердік» («Әнбия» сүресі, 107-аят) деп баяндалған. Бір сахаба Алла елшісінен дін дұшпандарына теріс дұға жасауды сұрағанда: «Мен лағынет етуші емес, рақым етушімін» десе, тағы бірде: «Мен бүкіл әлемге рақым, тақуа жандарға һидаят етіп жіберілгенмін» деген өсиетін қалдырған.

Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман қашан да айналасына мейрім танытып, шуағын шашып жүреді. Бес күндік өткінші өмірде бір-біріміздің көңілімізге қаяу түсірмей, керісінше жылы сөзімізді арнап, жылулық сыйлап, ағайын-туыс бауырларға, барша адамға дұға жасап, тілеулестік ниетімізді білдіріп жүргеніміз абзал.

Мәуліт айында барынша сауапты істерге ден қойып, құлшылық жасап, Алланың разылығын алуға асығайық. Әсіресе, Хақ елшісіне көбірек салауат жолдауды ұмытпайық.

Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік оның сүннетін берік ұстаумен, күнделікті ісіміз бен сөзімізде оның бізге қалдырған өсиетін басшылыққа алумен өлшенбек.

Алла Тағала өзіне лайықты құл, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) лайықты үмбет болуды нәсіп еткей. Әмин!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Таңбалар: басты тақырыпмәуліт мерекесіНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дін ғылымнан ажыраса, қоғам құлдырайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    63

Соңғы жарияланымдар

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00