Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Садақа – өмірді өзгертетін амал!

28.09.2021
- Қоғам
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ауыл тұрғыны болғасын қалаға анда-санда қыдырып келгенде көшеде қайыр тілейтіндерге 5-10 теңге салғаныммен садақаның мән-маңызын ұғына қоймаппын.

Өмірімізге интернет дендеп енгесін әлеуметтік желілерде науқас балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсете бастадық.

Ешқандай есепсіз, өзімізге он есе қайтады-ау деген оймен емес, садақа екенін білместен жанашырлықпен көмек жасап жүрдім.

Бірақ Алла өзімізге он есе, мың есе қайтарып жатты. Оған дәлелді өз өмірімнен және әлеуметтік желідегі достарымның қуанышты жаңалықтарынан келтіре аламын. Біреулер үй алып жатты, біреулер көлік алып жатты. Осындай жақсы жаңалықтарды оқыған сайын осының барлығына берген садақалары себеп болды ма екен деп ойлап қоямын.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Садақа беру жайлы үндеулер көбейген сайын садақаның маңызын ұға бастадық, қайырымды адамдардың да саны көбейді.

«Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, көмек сұраған жандардың аянышты тағдырларын оқып жаным жабырқап қалғанымен, көмектесетін адамдардың қатары көптігін көріп қуанып қаламын. Қаншама бала көптің көмегімен ем алып дерттерінен айығып жатқаны жайлы жақсы жаңалықтарды оқып жатамыз. Мың теңгеге баспана атты үндеу жариялап әр адамның садақасынан жиналған сомаға мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген азаматтардың бастамасы да құптарлық іс.

Қазір күн сайын садақа беруге тырысамын.

Садақа беру тіленшіге тиын беру ғана емес екенін енді ұғынып жатырмын.

Садақа беру өміріңді өзгертеді екен. Жақсы адамдармен жолықтырады, күтпеген ризықтарға қауышасың, адамгершілікке, бауырмал болуға тәрбиелейді. Айта берсем, садақа берудің пайдасы ұшан-теңіз.

Садақа беру жайлы хадистерде не айтылады, соған тоқталайық.

Садақа беріп қиыншылықтан құтылыңдар.

Бұл дүниеде берілген мал-мүлік Алланікі, оны о дүниеге әкете алмайсың. Бір күнде тақыр кедей болып байлықтан да, абыройдан да айырылуың мүмкін. Сондықтан сол дүние-мүлікті, Алланың берген ризығын Алланың жолына жұмса. Кедейді тойдыр, мешіт сал, мектеп сал.

Садақа берген адамның ризығы көбейеді.

Жақсы сөз де садақа.

Жақсы ой мен жақсы ниет те садақа.

Өлілерге қайта тірілер күн туса, әр күнін садақа берумен өткізер еді. Себебі олар садақаның сауабын ақыретте түсінгендер.

Сауабын дүниеден өткен әке-шешесіне бағыштап берген садақаның сауабы оларға барады және өзіңе де сауап жазылады.

Қазір дүниеден өткен әке-шешемнің атынан күн сайын садақа беріп жүрмін. «Жылы сөз де – садақа» демекші, жылы сөйлеуге тырысам.

Құрметті достарым! Бұл дүниенің алдамшы қызықтарына алданбай тірі күнімізде садақа берейік. Сауабын әке-шешемізге бағыттайық, мұқтаж жандарға баспана алуларына, ауруларынан емделуге жәрдем берейік. 

Дəулет СЕРІКБАЙ

Таңбалар: Дәулет Серікбайсадақа
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дін жолында дүниесін жұмсау дегенді қалай түсінеміз?

22.11.2025
«Уақып – сарқылмас сауап» республикалық форумы өтті
Жаңалықтар

«Уақып – сарқылмас сауап» республикалық форумы өтті

09.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121103 бөлісті
    Бөлісу 48441 Твитерге 30276
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00