Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр сақтаған сахабалар

14.08.2021
- Қоғам
0
1.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Кім басқа адамның сырын сақтаса, артықшылық соның қолында. Ал енді сырды сақтай алмай өзіне күдік түсірсе, әлбетте адамдар ол жайында жаман ойда болады».

Расында да ертедегі сахабалар кейінгі ұрпақ үшін көп нәрседе үлгі бола білген.

Абдулла ибн Омар ибн Хаттаб (р.а.) мына оқиғаны риуаят қылған:

«Хафса анамыз жесір қалған кезде, әкесі Омар ибн Хаттаб (р.а.) қызын үйлендіргісі келді. Сөйтіп ол Осман ибн Аффанға (р.а.) барып:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Егер қаласаң, менің Хафса қызымды қалындыққа ал? – деп ойын айтады. Осман оған:

–Жағдайымды байқап көрейін, – дейді. Арада күндер өтеді. Кейін Осман Омарға барып:

– Бұл күндерде менің үйленуге мүмкіндігім болмайтын сияқты – деп Хафса анамызды қалындыққа ала алмайтынын білдіреді.

Омар ибн Хаттаб тұрып, Әбу Бәкірге (р.а.) келіп:

– Егер  қаласаң мен саған қызым Хафсаны некелеп берейін?– деп келген  ниетін айтады. Әбу Бәкір бұған мардымды жауап айтпайды.

Омар ибн Хаттаб (р.а.) бұлардың қылықтарына ренжіп, Алланың елшісіне (с.ғ.с.) барады. Оған болған жағдайды баяндайды. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.) күлімдеген бойда:

– Сен қызыңды ол екеуінен абзалырақ адамға үйлендіргің келмейді ме? – деп сұрайды.

Омар:

– Ол екеуінен асқан кім бар?! – деп сұрайды.

Алланың елшісі (с.ғ.с.):

– Мен сенің қызыңа құда түскім келеді – деді.

Кейін Алланың елшісі (с.ғ.с.) Хафсаны қалындыққа алғысы келетін ойын, Осман ибн Аффан мен Әбу Бәкірдің білетіндері жайында Омарға айтады. Сөйтіп, хазіреті Омар ол екеуінің (Османның да, Әбу Бәкірдің де) Хафсаны некелеп аламын деп айта алмау себебін түсінеді.

Ибн Хаттаб пайғамбардың (с.ғ.с.) құзырынан көңілді хәлде шығады. Омардың алдынан жолда Әбу Бәкір кездесіп:

– Сен маған қызың Хафсаны некелеп алуды айтқаныңда, мен үнсіз қалғаным үшін ренжіген боларсың?– деп сұрайды. Омар:

– Ия, ренжідім – дейді. Әбу Бәкір:

– Алланың елшісі (с.ғ.с.) Хафсаға деген ниеті жайында маған ақырын айтқан болатын. Сондықтан мен саған Алла елшісінің (с.ғ.с.) құпиясын аша алмадым. Егер Алланың елшісі (с.ғ.с.) бұл ниетінен қайтқанда, онда мен сенің қызыңа құда түсер едім – деп айтады».

Әңгімеден шығатын пайдалы сабақ

Сырды сақтау – аманат.

Кім өзгенің сырын сақтай білсе, онда оның жақсы адам болғаны.

Бұл оқиғада хазіреті Осман мен Әбу Бәкір өздеріне пайғамбардың (с.ғ.с.) айтқан сырын сақтай білді. Әйтпесе олар хазіреті Омармен қандай сырлас әрі бауырлас адамдар еді. Хазіреті Омар ренжімесін деп ол екеуінің бірі айтып қоюлары да мүмкін еді, бірақ, бұлай болмады. Олар пайғамбардың (с.ғ.с.) аманатына қиянат жасамауды қалады.

Құранда Алла тағала әрбір құпияның ашылатын кезі болады. Оны сол уақытқа дейін сақтаңдар, басқаның құписын ашып, қиянат жасамаңдар деп хабар береді:

«Әр хабардың нәтижеленетін бір уақыты бар. Жақында білесіңдер» (Әнғам: 67).

Пайғамбардың (с.ғ.с.) көз алдында өскен Сәбит ибн Анас (р.а.) сырды сақтауға қатысты мына риуаятты айтады:

«Алланың елшісі (с.ғ.с.) менің қасыма келген кезде мен екі қызметшімен далада ойнап жүрген едім. Ол бізге сәлем берді де, мені бір шаруамен жұмсап жіберді. Сол себепті мен анама кешігіп бардым. Анам маған:

– Неге кідіріп қалдың, қайда болдың? – деп сұрады.

Мен:

– Мені Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір шауамен жұмсап жіберді – дедім.

Анашым менен:

– Ол қандай шаруа? – деп сұрады.

Мен:

– (Айтпаймын), ол құпия – дедім.

Сонда анашым маған:

– Алла елшсінің (с.ғ.с.) сырын ешкімге айтушы болма – деп насихат берді» (Мүслим).

Екінші пайдалы сабақ

Сырдың иесі өз құпиясын жариялаған соң оны қасындағы сырлас достарына немесе оны білуі тиіс адамдарға түсіндіріп, жағдайды ашықтағаны мақұл. Бұл оның жора-жолдастарымен байланысын жақсартып, қарым-қатынасын нығайтады.

Себебі, әңгімеде көргеніміздей Алланың елшісі (с.ғ.с.) Хафсаны қалындыққа алғысы келетін туралы ойын Осман ибн Аффан мен Әбу Бәкірдің білетіндері жайында Омарға айтады. Сол себепті ол екеуі (Осман мен Әбу Бәкір) пайғамбардың (с.ғ.с.) сырын жария етпес үшін хазіреті Омарға еш нәрсе ашып айта алмады. Ал енді құпия мәлім болған соң Әбу Бәкір келіп, Омарға мән-жайды түсіндірді. Алла Тағала бізді достыққа адал әрі сырды сақтай білетін достардың қатарынан жазсын.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: басты тақырыпсахабалар
Бөлісу33Твитерге21Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Данияда Dragon әскери атағын иеленген қазақ қызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00