Жұма, 20 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар (с.ғ.с.) орнатқан дінаралық келісім

02.08.2021
- Мемлекет және дін
0
274
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басқа дін өкілдерімен жасаған қарым-қатынасын Құрандағы «Кафирун» сүресіндегі «Сендерге өз діндерің, маған өзімнің дінім» аяты анық баяндайды. Ол замандарда Араб жазирасының халықтары түрлі дінді ұстанды. Олардың арасында христиандар, яхудилер, отпарастар, пұтпарастар және сол сияқты т.б. сенім ұстанушылар болды. Пайғамбардың осы замандарда басқа дін адамдарына көрсеткен толеранттылығы парасатты адам үшін үлкен ғибрат.

Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалаған дінаралық келісімін көріп, түсіне білмек үшін ислам тарихындағы «Мәдиналық келісім» атты парағынан мысалы келтірейік.

Әрине, мұсылмандардың көсемі бұдан бұрынғы Меккеде өткізген он үш жылында да басқа сенім иелеріне толеранттылық көрсетті. Мысалы, Исламды алғаш насихаттаған жылдарында да Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пұтпарастардың арасында өзінің әділдігі, сенімділігі мен төзімділігінің арқасында «Мұхаммед әмин» (сенімді Мұхаммед) атанған болатын.

Дегенмен, біз мединелік кезеңді жайдан-жай алып отырғанымыз жоқ, бұл уақытта Ислам мұсылман мемлекетінің ресми діні, ал пайғамбар заң шығаратын құқыққа ие болған.

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026

Сонымен «Мәдиналық келісім». Мәдиналық келісімді тарихшылар кейде «сахифа» деп те атайды. Арабша мағынасы – парақ деген сөз, яғни келісім парақ бетіне жазылған соң солай атылып кеткен.

Расында да, Мәдиналық келісім мұсылмандардың толеранттылығына анық мысал. Себебі, пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина шаһарына қоныстанған соң жай діни көсем ғана емес, ол енді мұсылман мемлекетінің саяси басшысына айналды.

Демек, мемлекеттің өзіне тиіс нақты шарттары мен заңдары қабылдануы тиіс. Ол заңдар ондаған жылдар бойы бір-бірімен соғысып, қырықпышақ болып келе жатқан түрлі тайпалар мен нәсілдердің арасын қосып, қоғамда бейбіт әрі достық қатынасты орнатуы қажет.

Дәлірек айтсақ, пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) міндеті – мұсылмандар, христиандар және яһудилер мен пұтпарастар жасайтын қоғамда бейбіт өмірді тұрақтандыру. Осы мақсатта дүниеге «Мәдиналық» келісім келді. Мұнда Мәдинада жасайтын әр тайпаның жауапкершілігі мен міндеттері анық көрсетілді: олардың бірінің-бірі алдындағы міндеттері мен шектеулері; ерекшеліктері мен қасиеттері және т.б.

Бұл келісімді – жаңа қалыптасып келе жатқан мұсылман мемлекетінің Конституциясы десек болады. Конституция барлық қауымдар мен тайпаларға тең. Мұның тармақтарынан ауытқыған немесе оны орындамаған әрекет – дінбұзушылық және опасыздық болып саналды. Осылайша Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірнеше дінді бір араға жинап, бір мемлекет, бір қоғам құра білді.

Келісімің бірінші және басты тармағы – Мәдина тұрғындарының барлығы – мұсылмандар және келісім жасасқан христиандар, яһудилер, пұтпарастар «біртұтас қоғам» деп жарияланды. Адамдардың ұлтына, шыққан тегіне, діні мен тіліне қарамастан барлығы Мәдинаның азаматтары саналды. Бүгінде дәл осы жағдайды полиэтносты және поликонфессионалды Қазақтан қоғамында қалыптасқан ахуалмен салыстыруға болады.

Мемлекетіміздегі конфессиялық және ұлтаралық жағдай, өзге елдердегі сияқты көбіне мемлекет ішіндегі және сырттағы саяси, экономикалық және құқықтық жағдайға тәуелді екені мәлім. Сонымен қатар, ол мемлекеттің ішіндегі 130-дан астам этносы бар ұлтаралық және 18 конфессиясы бар дінаралық қарым-қатынасқа да тәуелді. Сондықтан бұл тұрғыдан біздің мемлекетіміз қолына тәуелсіздік туын алған сәттен бастап қоғамдық-саяси және экономикалық тұрақтылығымен, түрлі ұлттар мен діни-сенім конфессиялар арасындағы татулық және бірлігімен ерекшеленіп отыр.

Бүгінгі Қазақ жерінде бөлінбейтін біртұтас «бір ел – бір тағдыр» концепциясымен үндескен жағдайдың арқасында тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұлттар мен діндердің өзара байланыстың тұрақты моделі қалыптасты деп дауыстап айта аламыз. Осы конфессияаралық тұрақтылық пен этносаралық бірлікті сақтау, оны одан әрі дамыту күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек.

Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ

Таңбалар: басты тақырыпконфессияаралық диалогТолеранттылық
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты
Жаңалықтар

Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

19.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Мемлекет және дін

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121224 бөлісті
    Бөлісу 48490 Твитерге 30306
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00