Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламда жануарларға мейірімді болу жайында не айтылған?

08.07.2021
- Сұрақ-жауап
13
2.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Исламда жануарларға мейірімді болу жайында не айтылған?

Жауап: Жалпы адам баласы парасатты жан болғандықтан тек адамдарға емес, жануар атаулыға және өзін қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауы, жанашырлық танытуы міндетті.

Ал жануарларға келсек, мұсылман адам жануар атаулыға да мейірімді. Пайғамбар өзінің үмбетіне осыны өсиет еткен. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімінің кеңдігі сонша, ол тек адамдарға ғана емес, жануарларға да ерекше мейірімді еді. Оларға дұрыс қарауды сахабаларына да ескертіп отырды.

Мысалы, жануар көтере алмайтын жүкті оларға артуға, оларды жазалап, қол көтеруге тыйым салатын. Әрі жануарға ауыр тиетін түрлі нәрселерді жасауды құп көрмейтін.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні бір жануарды кезіктірді. Әлгі жануардың иесі оның бетіне таңба қойған болатын. Таңба жаңа басылғандықтан бейшара жануардың мұрнынан түтін шығып жатты. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сол кезде осыған дейін мүлде жасамаған бір нәрсе істеді. Әлгі жануарды осындай халге түсірген иесіне қарғыс айтты. Одан соң жануарлардың бетіне таңба салуға тыйым салды (Мүслім).

Келесі риуаяттан да пайғамбарың жануарға деген мейірімін көруге болады: Бір адам бауыздайтын жануарын жерге жатқызып, көзінше пышағын қайрап жатты. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл нәрсені көрді де, қатты қынжылды. Одан соң әлгі адамға бұл ісінің қаншалықты бұрыс екенін былайша түсіндірді:

«Оны екі рет өлтірмекшімісің? Пышағыңды оны жерге жатқызбас бұрын қайрасаң болмас пе еді?!» (Табарани).

Жануарға мейірімді болған адам, оларды жаратқанның мейіріміне ие болады. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

«Алла Тағала  шөлдеген итке су берген мейірімді құлына жұмақ нәсіп етеді; ал мысығын аштан өлгенше қамап қойған мейірімсіз әйелді тозақтық қылады» (Бұһари).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Бөлісу52Твитерге32Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Ислам банкі тек мұсылмандарды қаржыландыра ма?

08.12.2023
Сұрақ-жауап

Құран естісем кейде көзіме жас келеді, бұл қалыпты жағдай ма?

29.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылман – исламның айнасы

Пікір 13

  1. okapov жазған:
    4 жыл бұрын

    Жалпы адам баласы парасатты жан болғандықтан тек адамдарға емес, жануар атаулыға және өзін қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауы керек.

    Жауап беру
  2. molyaa жазған:
    4 жыл бұрын

    Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік болмаса, күллі әлем мағынасыз маңып, хаос белең алар еді. Өйткені, ғаламдағы барлық нәрсе мейіріммен жаратылған, мейірім саясында белгілі бір тәртіп пен үйлесім арқылы мән табады.

    Жауап беру
  3. Санат666 жазған:
    4 жыл бұрын

    Дінімізде мысықты қамап ұстап, аштан қатырған әйелдің қылығы оны тозаққа жетелегенін, хайуандарды тірідей нысана қылып, қарақшыға тіккендерге, малдың маңдайына таңба басқандарға қарғыс айтылатынын ескертіп, тілсіз хайуандарға жақсы қарауды міндеттейді.

    Жауап беру
  4. Максат жазған:
    4 жыл бұрын

    Кез келген зияны жоқ жәндіктің көзін жоюға, өлтіруге тыйым салынған. Тек зияны тиген жағдайда ғана өлтіруге рұқсат етілген. Ислам діні тек жақсылыққа бастаушы.

    Жауап беру
  5. dariga_11 жазған:
    4 жыл бұрын

    Жалпы жер бетіндегі кез келген дәстүрлі дін тек жақсылыққа үндейді. Сондықтан әрбір дінді ұстанушы жан адамдар мен қатар жануарларға деген қатынасын түзеу қажет.

    Жауап беру
  6. Нариман жазған:
    4 жыл бұрын

    Адамзат жердегі жаратылыстардың ең ақылдысы болғандықтан жануарларға және өзін қоршаған табиғи ортаға мейіріммен қарап, жанының бір бөлшегіндей күтуі қажет.

    Жауап беру
  7. Амир жазған:
    4 жыл бұрын

    Всем нам необходимо беречь братьев наших меньших. Они беззащитны и нельзя допускать к ним жестокое обращение, это грех.

    Жауап беру
  8. Фатима жазған:
    4 жыл бұрын

    Қайсыбір дінде болмасын жануарларға мейіріммен қарау керек екендігі айтылады. Дегенмен, қазіргі жағдайларға қарап қарның ашады. Жануарлар тұрмақ адамдарға аяусыздық танытып жатқан заманда өмір сүруге мәжбүрміз. Бұлай болмайды. Адам өзінің «адамдығын» сақтап қалуы үшін айналасындағы адамдарға,жануарларға қатынасын түзетуі қажет!

    Жауап беру
  9. Гульнур жазған:
    4 жыл бұрын

    Кімге болмасын мейірімділікпен, жанашырлықпен қараған адам ешқашан опық жемейді. Сондықтан, ең алдымен бойымыздағы адами құндылығымызды тұншықтырып алмас үшін айналаға,тірі жандарға жақсы көзқараспен қарау маңызды болып саналады.

    Жауап беру
  10. Altynay жазған:
    4 жыл бұрын

    Тек исламда емес жалпы адамгершілік қасиеті бар адамның мейірімділігі өшпейд деп ойлайм, қазіргі таңда жануарлардан бұрын адамдарға неше түрлі қастандық жасап жатқан қатыгездер барғой.

    Жауап беру
  11. Айбар жазған:
    4 жыл бұрын

    Әрбір тіршілік иесі мейірім мен адамгершілікке зәру. Жануарларға мейірімді болған адам айналасына да,қоршаған ортаға да мейірім таныта алады

    Жауап беру
  12. Altynay жазған:
    4 жыл бұрын

    Ия жануарларға де ерекше мейірімділікпен қарау қажет тіпті бізге ол бұйырылған. Қазіргі таңда балалардың мысық, иттердің қандай азапқа салып жатқандарын көреміз. Недеген қатыгездік деп ойлаймын осының бәрі тәрбиеде. Жалпы баланы дұрыс діни тәрбиелесе нағыз азамат болып шығад деген ойдамын.

    Жауап беру
  13. Алихан жазған:
    4 жыл бұрын

    Жүрегінде мейірімі бар әрбір тұлға өзінен әлсізге әділетсіздік жасамас. Жануарлардан еш зиян келмесе де оларға қатыгездік көрсету тұлғалық деңгейдің төмендігін көрсетеді.

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00