Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ер адамның гинеколог болып істеуі күнә емес пе?

31.07.2021
- Сұрақ-жауап
0
850
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Медицина мамандығын үйрену – парыз кифая. Яғни бір адам оны орындаса, басқасының мойнынан жауапкершілік түседі.

Бұл мамандықты ер де, әйел де таңдай алады. Алайда, әр медицина саласының өзіндік діни тұрғыдан шариғи әдептері де болады.

Имам Әбу Сулайман әл-Хаттаби: «(Шариғатымызда) ер кісілерге қаратып айтылған үкімдер әйелдерді де қамтиды. Тек оларға жеке-жеке дәлелдер келген орындардың жөні басқа»[1] дейді.

Гинекологтардың жұмысына кісі әуреті де кіретін болғандықтан, әуретке көз салу жайлы шариғи көзқарастарға тоқталып өтсек. Алла Тағала Құранда былай дейді:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

«(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын»[2]

«Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын»[3] деп бұйырған.

Демек шариғатымызда бөгде кісінің әуретіне қарау – харам. Алайда, өте зәрулік жағдайда дәрігерге науқастың ауырған жеріне қарауға рұқсат етіледі [4].

Өйткені Алла Тағала қатты ашыққан кезде харам болған өлексе, шошқа етін жеуге басқа еш жолы болмай, өзіне қатты зиян тиетіндей жағдайда зәрулік үшін рұқсат берген. Бұл «Зәрурат кезінде тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі», «зәрулік белгілі мөлшерімен ғана мөлшерленеді» [5], «қажеттілік жалпылай да, жалқылай да зәруліктің орнына жүреді» [6] деген фиқһи қағидаларға негізделген.

Алла Тағала Құранда: «Сендерге дінде қиындық қылған емес»[7] – деген.

«Әл-Ихтияр» атты кітапта: «Ер дәрігер емдеу әдісін әйел кісілерге үйретуі тиіс. Себебі ер кісінің әйелге қарағанынан әйелдің әйелге қарағаны жеңілдеу әрі бүліктен аулақ болады. Ал оған мүмкіндік болмаса, онда шамасы келгенше көзін тыяды. Екі қабат әйелді босандырып жатқан акушер әйел де барынша көзін тыюға әрекет етеді»[8] – деп келген.

Хатиб әш-Ширбайни: «Емдік мақсатында науқасқа қарау – қан алу, хижама және ем жасау ісі секілді. Тіпті жыныс мүшесі болса да рұқсат (емдеуге қажетті жеріне дейін қарауға болады). Өйткені мұндай жағдайды харам дейтін болсақ, онда қиындыққа тап болады. Сол үшін ер кісі әйелді, әйел ер кісіні емдеп жатқанда жанында махрамы, күйеуі немесе сенімді бір әйел болуы талап етіледі»[9] – деген.

Осыған орай, гинекология мамандығын әйелдер таңдауы керек. Өйткені әйелдің әйелді емдегені барлық тараптан дұрыс. Ал оған мүмкіндік болмаса, науқасты қарау барысында шариғи әдептерді сақтай алатын сенімді ер кісінің гинекология мамандығын таңдауында оқасы жоқ. Ол жұмысты кәсіп етіп, қызметін жалғастыруға болады. Бірақ әйелдерді емдеу сәтінде жоғарыда атап өткен шарттарды орындауы тиіс.

[1] Мәалиму әс-сунани, 1/79.

[2]«Нур» сүресі, 30-аят.

[3]«Нур» сүресі, 31-аят.

[4] Марғинани, әл-Һидая шарху бидаяти әл-мубтади, Абдулхай әл-Ләкнауи түсіндірмесі, 7/191.

[5] Ибн Нужәим, әл-Әшбәһу ән-нәзайыр, 73.

[6] Ибн Нужәим, әл-әшбәһу ән-нәзайыр, 78.

[7] «Хаж» сүресі, 78-аят.

[8] Маусули, әл-Ихтияр ли тағлили әл-мухтар, 4/109.

[9] Әл-Иқнағ, 3/379.

Таңбалар: Дәрігер
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қажы дәрігердің ерлігі
Қоғам

Қажы дәрігердің ерлігі

15.02.2025
Жаңалықтар

COVID-19: Науқастарда кездесетін тағы бір симптом анықталды

08.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00