Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елордада алаяқтық қылмыстың жаңа түрі пайда болды

02.07.2021
- Жаңалықтар
0
131
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елорда сақшылары көпбалалы аналарды алдаумен айналысып келген топтың үстінен тергеу бастады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпбалалы аналарды әлеуметтік төлем туралы жалған хабармен алдап келген Шымкент қаласының екі тұрғынын ұсталған. 24 жастағы жігіт пен қыз елорда тұрғындарына қоңырау шалып, өздерін Халыққа қызмет көрсету орталығының әлеуметтік төлемдер бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып отырған.

Сенімге кіргеннен кейін олар мемлекет көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем жасап жатқанын айтып қуантқан. Ол үшін көпбалалы ана «әлеуметтік төлемнің 10% мөлшерінде айыппұл берешегін төлеуі қажет» болған.

Алданған аналар орта жолда айнып кетпес үшін күдіктілер айыппұлды төлеу үшін жеке сот орындаушылары палатасының қызметкеріне хабарласу керектігін айтып, жалған нөмірлер ұсынған. Ақша аударылатын шот сол нөмір арқылы берілген. Опық жеген аналар ақша аударғаннан кейін күдіктілер нөмірлерін ауыстырып отырған.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

«Алаяқтардың схемасына елордалық көпбалалы екі ана ұрынып, жалған шоттарға 40 мың теңгеден ақша аударған. Қазір күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тергеу басталды. Айып дәлелденсе, олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп жазылған департаменттің дерегінде.

Полиция қазір қомақты әлеуметтік көмек түскені туралы алдамшы ақпараттар көбейгенін, соның дені алаяқтық схемалар жасау үшін таратылатынын ескертеді.

«Әдетте өзін халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстыратын қаскүнемдердің алдауына түсетіндер көп. Мұндай алаяқтықтың кейбір белгілері:

– қалыпты абоненттік нөмірден қоңырау шалу;

– төлқұжат деректерін сұрау;

– түсініксіз айыппұлдар бойынша берешек бар екенін айтып бопсалау;

– бөгде нөмірден SMS кодын жіберу, (1414 емес);

– ақша аудару қажет шоттарды ұсыну», – делінген полиция мәліметінде.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті осындай әрекеттердің құрбаны болмау үшін мынадай қарапайым сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

– ХҚКО қызметкерінің аты-жөнін, филиалдың мекенжайын біліп, ХҚКО-ның ресми нөмірінен қоңырау шалуды сұраңыз;

– егер бейтаныс адам сіздің жеке куәлігіңіздің суретін жіберіп, түпнұсқаны көрсетуді сұраса, сенуге асықпаңыз. ХҚКО қызметкерлері клиенттерге ешқашан қоңырау шалмайды, барынша жақын орналасқан ХҚКО бөліміне жүгінуді сұрайды;

– жеке сот орындаушысының аты-жөнін біліп, оны ресми сайттан табуға болатын тізімнен тексеріңіз.

Таңбалар: алаяқтықбасты тақырыпқылмыс
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Осман империясы не себепті құлады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00