Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елге қайту орындалмайтын армандай көрінген – «Жусанмен» оралған репатриант

28.07.2021
- Ағымдар ақиқаты, Мемлекет және дін
0
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жанар (кейіпкердің өтінішімен есімі өзгертілді) – Сирияға күйеуінің артынан «жақсы» өмірді іздеп барған қаракөз қыздарымыздың бірі. Бейбіт мемлекеттің орнына қанқұйлы соғысты, әділдіктің орнына жауыздықты, қуаныштың орнына қорқыныш пен өлімді көрген келіншек Сирияда өткен бес жылдық өмірі жайлы Kazislam.kz порталына сұхбат берді.

«Дін жолына күйеуім үгіттеді»

Жанар болашақ жарымен колледжде бір мамандықта оқып жүргенде көңіл жарастырған. Көп ұзамай екі жас заңды некелерін қиюға шешім қабылдаған.

«Күйеуіммен танысқанда дін жайлы хабарым болмады. Ол сол кезде намаз оқып жүретін. Дін жолына күйеуім үгіттеді. Кездесіп жүргенімізде мен де намазға жығылдым. Кейін бір жыл жүріп, үйлендік, балалы болдық», – деп есіне алды Жанар.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Айтуынша, кейіннен жары жат ағымның жетегінде кетіп, 2013 жылы Сирияға аттанған.

«Күйеуім маған көп нәрсе түсіндірген жоқ. Бір жарым жыл бойы бізді сол жаққа шақырды. Басында баруға қорқып жүрдім. Кейін ол мұнда бәрі отбасыларымен бірге тұрып жатыр деген соң қасына баруға келістім», – дейді келіншек.

Сириядағы өмір

Сөйтіп Жанар күйеуінің артынан бір ұл, бір қызын жетектеп, Таяу Шығысқа аттанады.

«Бір түнде жиналып, Алматыдан Стамбұлға ұшып, ары қарай Сирияға кеттік. Сол кезде ұлым бір жарымда, ал қызым екі жарым жасар еді. Келгенімізде бас-басымызға пәтер берді, ай сайын төлем төлеп тұратын. Кейде тіпті азық-түлік әкеліп тастайды. Осында жүріп екі ұлымды босандым», – деді ол.

Айтуынша, 2016 жылдан бастап жағдайлары қиындаған.

«Пәтер дұрыс болмай, тіпті бір бөлмеде 5-6 адамнан тұратынбыз. Тамақтарымыз да таусылды. Жиі бомба тастау оқиғалары басталды, нағыз соғыста жүргендейсің. Оған қоса әділетсіз жағдайлар көп болды. Ислам жері, бәрі шариғатпен шешіледі деген ниетпен бардық, бірақ кейін көргеніміз тек әділетсіздік», – деп сөзін жалғады кейіпкеріміз.

Бір жылдан кейін Жанардың күйеуі қайтыс болды. Балаларымен жалғыз қалған әйел елге қайтудың амалын сол кезден қарастыра бастағанын айтады.

«2017 жылы күйеуімді жоғалтқаннан бері елге одан сайын қайтқым келіп, сағынып жүрдік. Елге қайту орындалмайтын армандай көрінген. Сол жерде жүріп үлкен ұлымнан да айырылып қалдым. Кейін күрдтерге тұтқынға түскен соң, елге қайтудың жолын қарастырдым», – дейді ол.

Елге оралу

Әл-Хол лагерінде жүргенінде Жанар «Жусан» операциясының болатынын таныстарынан естіген. Көп ұзамай тізім құруға келген қазақ азаматтарымен кездесіп, араға бір ай салып, «Жусан-3» операциясымен елге оралады.

«Артынан қазақтар келіп бізді алып кеткен кезде қатты қуандық. Өз елімізге келгенімізге шүкіршілік етеміз. Қазақстанға келгенде қызым алтыда, ортаншы ұлым төртте, кенже ұлым екіде еді. Елге келем деп дайын келгеннен кейін бе қиындық болмады. Басында бізге жаман сөз айтса, не болады деген ғана қорқыныш болды. Бірақ ешкімнен ешқашан ондай кемсіту естіген емеспін. Жақындарым да көмектесті», – дейді Жанар.

Қазақстанға келгелі Жанар курс тәмамдап, бухгалтер көмекшісі ретінде жұмыс істеген. Қазір Қарағанды облысының дін орталығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен айналысады.

Оның сөзінше, балалары да ортаға тез бейімделген. Жанардың үлкен қызы мектеп табалдырығын аттаса, екі ұлы балабақшада тәлім алып жүр.

«Басында қызым мектепке барғысы келмей, үнемі мені іздейтін. Кейін ақырындап үйренді. Сыныбындағы мұғалім де жақсы болып, өзіне жақын тартып жүрді. Қазір құрбылары бар, жақсы араласып кетті. Өткеніміз туралы ешкім сұрақ қоймайды. Кішкентай екі ұлымның жат өлкеде болғаны мүлдем есінде жоқ. Үйде де ол туралы сөйлеспейміз. Өткен нәрсені ұмытқымыз келеді», – дейді келіншек.

Бұл мақала Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен әзірленген. Оның мазмұны автордың жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

                                                                                          Әсел ИБАДУЛЛАЕВА

Таңбалар: "Жусан" операциясыбасты тақырыпдеструктивті діни ағымдарСирия
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Көшбасшыға тән әдептер қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00