Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еркінбек ШОҚАЙ: 300-ден астам адамды деструктивті пиғылынан қайтардық

17.06.2021
- Ағымдар ақиқаты
0
468
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сәләфтардан қауіп сейілген жоқ

– Деструктивті діни ағымдағы азаматтармен жұмыс істеуге имамдардың ынтасы жоқ сияқты көрінеді. Олармен тілдесіп, көзқарасын өзгертуге шамаларыңыз жете ме?

– Бұл бағытта мемлекеттік органдарен бірлесе жұмыс істедік. Түзеу мекемелерінде отырған немесе адасып жүрген азаматтармен жұмыс жүргізе алатын, жан-жақты жауап беруге білімі жетеді деген 8 имамды бекітіп бердік.

Соңғы үш жылда деструктивті бағытты ұстанған 300-ден астам азаматты райынан қайтарып, көзқарасын түбегейлі өзгерттік. Ал, бейімделген адамдардың саны екі мыңға жуық.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Діни ағымнан жапа шектік деп әйелдер де келеді. Салыстырмалы түрде айтқанда көбінесе жігіттердің саны басым.

– Өздерін мұсылман санайтын ағымдар көп. Олардың қайсысы қазақ қоғамы үшін қауіптірек?

– Әлі де сол сәләфтерден қауіп бар. Олармен жұмыс істеу қиын. Диалогқа келмейді. Тек бір жақсы жағы, салафизмге қамқорлық көрсететін елдердің қолдауы азайды, оларға деген көзқарас әлемде өзгерді. Елімізде насихаттаушы түрлі дерек көздері азайды, уағызшылары баяғыдай белсенді емес.

Салафизмге қамқорлық көрсетіп отырған – Сауд Арабиясы. Олардың діни идеологиясы Мухаммад ибн Абд аль-Уаххабтың ұстанымы болды. Оның отбасы, ұрпақтары – шейхтер. Солар арқылы, муфтилері, діни тұлғалары арқылы салафизм жалғасып жатыр.

Сосын, ешқандай кітабы, ғылыми негізі жоқ тәңіршілдер секілді үгіт-насихаттайтындар ақырындап көбейіп жатыр ма деп қорқам. Осылар елді бөлуі әбден мүмкін.

– Қоғам «сақалдылар» деп ат берген азаматтардың жаппай ұялы телефон жөндеуінен астар іздеуге бола ма?

– Адамның сыртқы келбетіне қарап үкім беруге болмайды. Қысқа балақты, сақалды болса да сөйлесу, әңгімелесу арқылы оның ұстанымын анықтау арқылы баға беру керек.

Ал, сәләфилердің ұялы телефон жөндеу қызметіне кетуі – табиғи жайт. Көбінің интеллектуалды қабілеті, сауаты төмен. Әкімшілік жұмысқа тұруға көбінің дипломы жоқ, көбі ЖОО оқымаған. Бұны мен осында ғана емес, Атырау облысында жұмыс істегенде де байқадым. Сондықтан олар құжатты, сауаттылықты, қабілетті талап етпейтін орындарда жұмыс істеуге мәжбүр. Ол табиғи процесс.

Қазақстанда діни көшбасшы жоқ

– Ислам елдерінде діни көшбасшылар бар. Ғұлама ойшыл, батыр, елге сөзін өткізе алатын тұлғалар қазақ даласында да аз болмаған. Муфтиятта, сіздердің орталарыңызда діни көсемдер бар ма? Қазақстанда діни көшбасшы, діни қайраткер деп кімдерді атауға болады? Халық Мұхамеджан Тазабек пен марқұм Әбдіғаппар Смановтың уағыздарын тыңдап келді…

– Дәл қазір Қазақстанда, елімізде діни көшбасшы жоқ. Ал дін исламға, асыл дінімізге қызмет жасап жатқан білімді азаматтар деп Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлын, Кентаудағы медрессенің директоры Арман Қуанышбаевты, Ерсін Әмірені, ғұламалық жолдағы Бауыржан Әлиұлын айтуға болады. Ерлан Ақатаев деген бауырымыз өзінің жақсы уағыздарымен көзге түсіп жүр. Бұлар аят-хадистерді қазақиландырып, әдемілеп жан-жақты түсіндіре алатын тұлғалар.

Мұхамеджан ақындығы, шешендігі, әрі діни сауаты арқылы танымал болды. Ал ұлтқа жан-жақты білімі бар, халықтың алдына шығып сөйлей алатын, өзін тыңдата алатын діни көшбасшы керек. Ең бастысы діни элитаның арасында беделі болуы керек. Бірақ, ондай діни көшбасшы бізде қазір жоқ, ондай адамды көріп тұрған жоқпын.

– Біздің Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, болмаса ұлттың тәуелсіздік жолында, оның ішінде дінімізді сақтауда күрескен батырлар, тұлғаларымыз мешітте, жұма намазында, уағыздарда неге айтылмайды? Неге арабтардың дін жолында күрескен адамдары ғана насихатталады?   

– Оның себебі, уағызшының біліміне, батырларды, даламыздағы діни қайраткерлерді оқығандығына, тарихты білетіндігіне байланысты. Оны жоғарыдағы Бауыржан Әлиұлы дінмен байланыстырып айта алады. Ақпараты, зерттеуі көп. Кім қалай үйренеді, солай уағыз айтады. Яғни, медреседе, университетте өз ұлтымыздың тұлғалары туралы білім алмаған.

Имамдардың көбі өздерінің оқыған, көбірек үйренгеніне байланысты. Университетте, медерседе ол туралы ақпарат алмаған соң, базасы қалыптаспаған соң оны уағызға қосып айта алмайды. Сондықтан ұлтымыздың діни тұлғалары туралы медреседе, дінтану сабақтарында көбірек оқыту керек. Имамның, болашақ маманның бойына сіңіріп өсіре алатын болсақ, оны қызмет барысында қолдана алады. Жұмада тақырыпқа сәйкес болса батырлардың, діни қайраткерлердің өнегелі сөздерін неге айтпасқа?! Шәкәрімнің, Мәшһүр Жүсіптің өмірбаянын, шығармаларын оықытып, діни мамандарды тәрбиелеу керек алдымен.

Сұхбаттасқан Әмірболат Құсайынұлы

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдареркінбек шоқай
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әлем назарындағы «Жусан»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00