Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бабалар аманатына адалдық қажет

26.03.2021
- Ағымдар ақиқаты
0
433
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Дiни алауыздық» деген ұғым қазақ даласында күнi кешеге дейiн болмаған. Өкiнiшімізге орай, соңғы жылдарда асыл дiнiмiздi жеккөрiнiштi етiп көрсететiндер жан-жақтан бой көтере бастады.

Күні кешеге дейiн бар қазақ бiр дiндi, бiр мәзһабты ұстанып келдi. Сенiмi де, мақсат-мүддесi де бiр болған. Ендi бүгiн әлемде түрлi мүдделер – жатпиғылды ағымдар көбейіп, дiнiмiзге әртүрлі жаман атаулар таңылуда. Жат ниетті ағым, қарапайым халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында қаншама айла-шарғыларын жасаумен әлек.

Хақ Исламның атын жамылған ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда. Әсіресе, қазақтың дүниетанымына сай келетін Ханафи мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндердің әрекеті байқалады. Ал, сондай теріс ниетті ағымдардың шырмауына түскен бауырларымыз хақ дін мен ағымның арасын ажырата алмай дал.

Жат ағым өкілдері қарапайым халықты қалай алдап-арбайды? Оның басты деген амал-тәсілдері қандай екеніне тоқтала кетейік.

Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026
  1. Кез келген діни ағым өз қатарына жаңа қосылған адамды ең алдымен психологиялық қысымға алады. Өздерінен басқаның бәрін адасқан санатына қойып, санасын улайды.
  2. Өз орталарына ерекше бір қамқорлыққа алғандай сыңай танытып, шынайы бір жанашырындай көрінеді. Үнемі оған көңіл бөледі, бұл нәрсе «ағымға жаңа қосылған адамның» жанына жағымды болады. Осыдан, діни түсінігі таяз, алданған адам, діні мен дәстүріне қарсы шығып, өз Отанына, ата-ана, ағайын-туыс, қоршаған ортасына деген өшпенділікті оятады.
  3. Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, қоғамнан бөлектене бастайды. Өз араларындағы «ұстазға» тәуелді болып қалады. Демек, осыдан кейін «періште ұстаздан» өзге жанның сөзін құлаққа ілу, осыған дейінгі уақытта өмір сүрген ортаның салтымен санасудың қажеттілігі көрінбей кетеді.
  4. Адамның ойлау қабілетін тежейтін тәсілдерді қолданады. Мәселен, «шектеулі ұстаздардың» бір сарынды уағызын ғана тыңдату. Бұл адам психологиясын тәуелділікке әкеліп соқтырады. «Тыңдарман» өзінің бұрынғы отбасынан алған тәлім-тәрбие, қадір-қасиеттерін бір сәтте жоққа шығарып, өзі түскен ағымға ұнамды бейнені қабылдап алады. Мұның соңы бөлінуден басқа ешнәрсеге алып бармасы анық.

Ел бірлігі мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет. Діни білімнен сусындаған кезде, бір діни мәселеге тап болған сәтте әркімге жүгінбей, арнайы дін мамандарынан кеңес сұрағанымыз абзал.

Әсіресе, ата-аналар балаға дін мәселесінде дұрыс бағыт сілтеп, мешіт қабырғасынан сауат ашуға кеңес бергені жөн дер едім. Егер ата-ана балаға имандылық тақырыбында дұрыс тәрбие беріп, оңды бағыт-бағдар көрсете алмаса, жат ағым өкілдері оны өз мүддесіне пайдаланып кетуі әбден мүмкін.

Сөзімді қорытындылай келе «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет. Сондықтан қазіргі таңда жас ұрпаққа рухани тәрбие берiп, дiни сауатын ашу үшiн барлық жағдайды жасауымыз қажет. Әрбір адамның жаны, өмірі – өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта, дұрыс бағытта ұстап тұру да – баршаға аманат екендігін ұмытпайық.

Д. САДЫРБЕК,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенті,

А. ҚҰРМАНАЛИЕВА,

ғылыми жетекшісі,

Дінтану және мәдениеттану

 кафедрасының меңгерушісі

                                                                                     филос.ғ.д., профессор

http://www.kaznu.kz

Таңбалар: басты тақырыпдіни ағымдарсекта
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14.03.2026
Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Вакцинациялық екпеден бас тартуға діни себеп жоқ!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120924 бөлісті
    Бөлісу 48370 Твитерге 30231
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00