Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ат қоюға атүсті қарама

25.01.2021
- Қоғам
0
501
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Балаға ат қою – өмірде бір-ақ рет болатын ұлы рәсім әрі сүннет амалдың ең мүкәммәл берігі. Қазақ халқы бұл рәсімге аса құрметпен, бірақ сақтықпен қараған. Он ойланып, мың толғанып, бір ұйықтап, бір түс көріп, тіпті аянмен балаға нәм берген.

Ат қоюда халқымыздың даналығы бірінші орында болған. Қазыққа байланған ат іспеттес, балаға арнаған есімге оның тағдырын, келешегін, болашағын байлаған.

Әлбетте, ол дәуірдің ат қоюшы ата-әжелердің ақ баталы имани есімдері бүтін бір елге заң болған, қарсылықсыз бір ауыздан құптаған. Қазірде ол заңдылық артта қалып, ат қою рәсімі заманауи әке мен анаға өткен. Бөгдеге еліктеуден болар, есімінің мағынасын ел түгілі өздері де түсінбей жатады.

Бүгінде азан шақырылған есімді ауыстыру сәнге айналды. Жалпы, есім өзгертуді адам өміріндегі құбылысты бұрылыс деп санауға болады, яғни тағдырды басқа арнаға бұру. Уақытында дұрыс есім берілмесе немесе ұялу ыңғайсыздығы туындаса, есімін өзгерту ықтияры әрине дұрыс. Оның өзі қандай жағдайда, мәселен мұсылман балаға өз дәуірінде қандай да бір халыққа зұлымдығы өткен дінсіздің есімі білместікпен берілсе ғана есімді өзгерту міндет.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Ал, қазіргі қазақи есімдерді өзгерту, оны арабшаға ауыстыру не болмаса арабша тіркемелерді есімнің алды-артына қосу, болмаса шетел тіліне ыңғайлау құр ғана әурешілік.

Ғасырлар бұрын қазақи дәстүрдегі аталарымыз балаға есім беруде екі нәрсеге тірелген. Мәселен, қай руға тиесілі екендігін білдіретін Жалайыри немесе Наймани, Қыпшақи деген тіркемелерді қосқан. Екіншісі туған жеріне қарай Түркістани, Әл-Фараби дегенді тіркеген.

Бүгінде дәл осы «әл» мен «и» дегенді тіркеу жөнсіз. Себебі, бұл үлкен еңбек сіңірген, тарихқа есімдері ойылып жазылған әрі иман мен исламның туын көкке көтерген, өздері батыл, сүйектері асыл, сөздері ақыл, есіміне лайықты ғұмыр кешкен, атына заты сай, хат қалдырған аталарымыздың үрдісі.

Ал, бүгінгі қазақи әдемі есімін қанағат тұтпаған еліктеушілер осы үрдісті жалғастыруға ең болмаса рухани дайын ба? Еліктемесін демеймін, еліктесін. Алайда, ислами тұрғыда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың көзін көрген яғни жанында бір күнін өткерген рухы мықты сахабаларға, үлкен табиғиндерге, тіпті пайғамбарға, одан бергі қазақтың небір-небір ғұламаларына еліктегісі келсе, алдымен олардың өмірімен таныссын, сосын иманға келсін, одан кейін білімге ұмтылсын, қала берді мінезін түзесін, арасында ағайынмен тату болсын, барынша қоғамға сыйымды болсын.

Міне, сонда ғана бүгінгінің мүмін Ибраһимі, діндар Әбу Ханифасы, ғалым әл-Фарабиі, ақын Ахмед Яссауиі, гуманист Абайы бола алады. Ал, «өзім білем» мен «өз еркімге» салынып, ұлылардың есімімен істейтіні күнә, айтатыны жаман сөз, баратыны клуб, айналысатыны зина болса, онда оның кім болғаны?

Есімнің тағдырға берер өзіндік пайдасы мен ықпалы бар. Сондықтан бабаларымыз ұлылардың жолына салу үшін, ұрпағына Кітапқа қарап пайғамбарлар есімін, тарихқа қарап батырлар, жыраулар, ақындар есімдерін ниеттеген.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өзі «Балаға ат қоюда мұқият болыңдар, көркем есім беріңдер» демеді ме? Бұл бекерден бекер емес! Керек десеңіз, есім зерттейтін антропонимика ғылымы да осы ұлы сөзге сүйенеді. Адам есімі неғұрлым көркем болған сайын, адамның өзі де көрікті, өмірі де көңілді болады делінеді.

Ел ішінде пайғамбарлар есімі балаға ауыр болады деген сәл қате ұғым бар. Негізінде, пайғамбарлар есімімен аталған балаға ұрсып, жекуде ата-анаға ауыр тимес үшін, шариғат тіркемені қарастырады. Мәселен, Ибраһим есіміне Абайды тіркеген. Осы тіркемемен біздің данышпан Абай атамыз әлі күнге жадымызда.

Бұдан басқа, жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі Сағд ибн Әби Уаққастың есімін аталарымыз Сәдуақас деп ана тілімізге ыңғайлаған. Мұхаммедті Махамбет, Ибраһимді Ыбырахым (Ыбырай), Хасан мен Хусейнді Асан мен Үсен, Айшаны Қайша, Фатиманы Бәтима деп есімдеген.

Негізінде, ат қоюда мен осы екі нұсқаны ұсынар едім. Ал, енді осындай тіркессіз балаға Мұхаммед есімі берілсе, «Муха» деп, Ибраһимді «Ибо» деп ойнап та, қалжыңсыз да қысқартуға болмайды.

Жалпы, қазақ болып туылып, мұсылман болып қайтамын деген ниеттегілерге айтарым, жақсылап ұғыныңыздар, қазақы есімдеріңіз өздеріңізге Құдай берген құт, өйткені бұл өз қаныңыздан тараған өзек.

Мұсылмандық – есімде емес, жүректе, иманда, мінезде. Қазақтың көзден, сөзден, тілден қорғаныш есебінде аталған Қиқым, Итаяқ, Жаманбала, Сасықбай, тіпті Көтібар мен Майкөтендер де бұ дүниеден мұсылмандықтан жиренбей, иманмен өткен. Ендеше, өзімізді өзегімізден теппейікші, ағайын!

Нұрлан қажы БАЙЖІГІТҰЛЫ,

дінтанушы, имам

Таңбалар: ат қоюәдет-ғұрыпбасты тақырыпНұрлан Байжігітұлысалт-дәстүр
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Нұр Мүбарак" студенті - ММА-дан чемпион

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00