Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абай және шығыс даналығы

30.01.2021
- Қоғам
0
562
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде біздің Абайдың «толық адамы» туралы айтқанымыз далаға кетіп жатқандай көрінеді. Бейне ешкім ештеңе айтпағандай. Біз бар болғаны таудың түбінде тұрып алып оның биігіне қарап тамсана беретіндейміз. Бір сәт болса да алыстан қарауға, басқа бір биіктен де зер салуға болатын еді ғой…

Ал біздің бар сүйенгеніміз – Абайдың өз сөзі. Айтатынымыз – Абай сөзі жайлы түсінігіміз. Біз бұрын-соңды ғұмыр кешкен данышпандардың қашанда үндесіп, тілдесіп жататынын ескермейміз.

Абайды әлемдік өредегі кемеңгер дейміз, бірақ әлемдік өреде оқымаймыз. Әлемдік өре деп отырғаным аталмыш постмодернизм, ол деген Борхес айтқан «әлемдік кітапхана». «Әлемдік кітапханада» Лао Цизыны оқып отырып та Абаймен тілдесуге, Абайға жақындай түсуге әбден болады.

Мені мұндай ой шығыстың көне философиялық ойларымен ұшырасқан сайын мазалайды. Біз неге әліге дейін Абай туралы зерттесек, кеңестік кезеңді шиырлай береміз, ары кетсе оның діни өлеңдерін талдағандай боламыз?

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Өйткені біз ақиқатты айтпағанда, оған жеткізетін тілді – шығыстың сөйлеу тілін жоғалтып алдық. Біз бүгінде үнемі біржақты, кесіп, нүктесін қойып сөйлейміз. Бұндай тіл әдепкі дүниеге жараса да, киелі түсініктерге, тылсымға, ақиқатқа жарамайды.

Ақиқат ешқашан біржақты болмайды, әсіресе фәни дүниеде. Қарапайым мысал үшін: шығыс тіліндегі «жоқ» ештеңе жоқ дегенді білдірмейді, сол сияқты «бар» дегені де бәрі бар, қамтып жатыр дегенді білдірмейді.

Сол үшін де Абай толық адамға тоқталудан бұрын «Әрбір хадиске айтылатұғын қадимге тағриф болмайды» деген. Біз кімбіз? Біз бар болғаны «жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарап танитұғын пендеміз». Бұлар Абайдың «толық адамына» да тікелей қатысты.

Біз білеміз: хаким құдай жолы, мұсылмандық жолы «Аллаға ұқсаумен» – өз бойымыздағы құдай жаратқан ұсақ сипаттарымызды Алланың ұлық сипаттарына ұқсатып кемелдендіру ниетінде болумен табылатынын айтады. Ол үшін әуелі Алланың сипаттарын түсініп, тану керектігін ескертіп, құдайлық сипаттар жайлы біраз сөз жазып, талдап, ашықтайды.

Сүйенгені екі дәлел: бірі – ақылға тиянақ болу үшін керекті нақыли дәлел: Құран, хадис. Енді бірі – санаға жарық түсіріп тұратын ақылдан туатын ақыли дәлел: тұтас әлем, табиғаттағы хикмет.

Тапқаны – үш хасләт: ғылым, рахым, әділет. Бұлар жайлы басқасын қоя тұрып, «бұл айтылмыш үш хасләттің иелерінің алды – пайғамбарлар, одан соң –  әулиелер, онан соң – хакимдер, ең ақыры – кәміл мұсылмандар» дегенді айтсақ та жеткілікті болар. Демек дін де осы үшеуінен болады.

Абайдың «толық адамының» да осы үш сипатқа бекем байланғанына күмән жоқ. Ол туралы айтылып та, жазылып та келеді. Бірақта бұның да бір-екі шарттары бар екен.

Бірінші шартын біз Абайдың «рас болса, һәммаға бірдей раст болсын, алалаған раст болама, һәм ғадалат бола ма?» деген сөзі деп білеміз. Бұнда сөз өзіңіз де біліп отырғандай сопылық туралы. Әрине, біз осы тұстағы Абайдың сопылық жайлы ойларын түгел баяндап отырмаймыз.

Бәрімізге аян: сопылық елдің бәрі ұстай алатын жол емес, бұл оның қиындығынан бұрын, қалай болмасын белгілі мөлшерде болса да тәркі дүниелігінде.

Ендеше  «…күллі адам тәркі дүние болып, һу деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болар еді». Бастысы пенделіктің кемелдігі: Аллаға да, адамға да махаббат етіп, хақтың ризалығын, адамның пайдасын ойлаумен болатын болса, онда ол тек әулиелікпен емес еді. Басқа да ғылым, өнер сияқты жолдар да бар еді. Демек кемелдік – бәрімізге ортақ жол.

Екінші шартын: «Мөлшерін білмек – бір үлкен іс» деп алдық. Есіңізде болар, хәкім сопылық туралы сөйлеп кеп, бұл тәркі дұниеліктің екі себебін атайды. Бірі, дүниеге алданып, ижтиһатының шала қалуынан қорқудан болса, енді бірі, жұртты нәпсісінен суынып, Алланың жолына қарай тарта ма деп өзін құрбан етіп, жанымен ұрыс қылудан, олай болса бұл да «жұртқа қылған артық махаббат» дейді.

Абай артықша махаббаттың өзін дұрыс деп таппағанын сеземіз. Неге олай? Себебі өлшеусіз махаббат тек Аллаға ғана тән. Дүниедегі барлық зат өлшеммен жаратылған. Бұл махұлқаттың тағдыры. Ол өлшемнен асудың бәрі батыл. Адамға деген махаббат та солай, өлшемінен асса, ол адамның өзіне жасаған қиянаты болмай ма?

Ендеше «қиянатшылдыққа бір қарар тұрған адам – я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман» деген хәкім сөзі басымызға келмей ме?! Сол үшін де «мөлшерін білмек – бір үлкен іс».

Біз толық адамның бар екенін білеміз, оған барлық адамның жолы ашық екенін білеміз. Тек сол жолға қадамды кім басады, кім баспайды, ол өз таңдауындағы дүние. Біз толық адамның кім екенін білмейміз, себебі толық адамды таразылайтын біз емес, хақ қана.

Себебі уақыт бар, өзгеріп жатқан заман бар. Оған ілесе талап та, өнер де өзгереді. Адам нәсілі аталмыш үш сипатты қазық етіп, адамға пайдалы, Аллаға махаббаты тағы да өрістер ашады…

Біздің бар білеріміз: құдай ісінің, дүние ісіне ұқсамайтыны. Бұл жолда пенде баласының бар таянар, сенер дүниесі – «…Құдай тағала әрдайым қарайтын қалпы», сабырлы жүрегі. Осы ретте Шәкәрімнің «жетпесең де – алғаның» дегенінде көп сыр бар.

Енді қараңыздар! «Енді біліңіздер, ей перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол Алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз (шексіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ ол жолға жүруді кім өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді (саналмайды, тек делінеді). Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса – өзің ниһаятлысың, ол құдайдың жол емес» дейді хәкім.             Рухани қайнар көзі мейілінше лайланған, содан әлі де есеңгіреп жүрген Қазақстанға, жасынан коммунистік елде өсіп, тілін «теріс оқумен» ашқан мына бізге, Абай әлемі, оның ар жағындағы тұтас шығыс әлемі, өзінің сырлы қақпасын әзірге аша қоймас па екен?

Абай бұлағынан таңдайын жібіткен әр адам, оның қайнарына, Асқар Сүлейменов айтқандай, тазарамын деп барса игі. Бағындырамын, бағымды асырамын деп барғанға Ескендірге бұйырған «көз сүйек» қана бұйырып жүрер. Ілім қақпасы махаббатпен ғана ашылса керек.

Сондықтан да Абай бізге шығыстық дәстүрмен «жүрегімнің түбіне терең бойла» деп өсиет қалдырыпты.

Ерсұлтан ӘЛАЙДАР,

Қожа Ахмет Яссауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университетінің

3-курс студенті

Таңбалар: Абай Құнанбайұлы
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды
Жаңалықтар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды

25.11.2025
«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Жаңалықтар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

03.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Месут Өзил әр ойын алдында дұға жасайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00