Жексенбі, 11 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мереке ҚҰЛКЕНОВ: Сән-салтанаты, байлығы тасыған жерден қазақ тілін таппайсың

11.12.2020
- Сұхбат
0
282
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Сізбен ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күні  қарсаңында сұхбаттасудың реті ке­ліп тұр. Мұндай ұлттық мейрамдары­мыз­ды тойлауда нені ескерген жөн?

– Тәуелсіздік алғалы, Құдайға шүкір, қа­­зақтың рухын көтеретін мейрамдар кө­бейді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Со­­ның ішінде Тәуелсіздік жарияланған күн­­нің әрине, орны бөлек.

Дегенмен сол азат­тығымыз үшін жанын пида еткен, жа­заға тартылған боздақтарымызды еске ала­­тын күніміздің жөні бір басқа. Сон­дық­тан ойланып-толғанып бұл ұлық мере­кеміз­дің мән-мазмұнын, ұйымдастырылуын өз­герту қажет деп ойлаймын. Қазақ үшін дербестік алған күннен ар­тық ұлы той, ұлан-асыр қуаныш болмақ емес. Алайда Желтоқсан көтерілісі оның кө­­­леңкесінде қалмауы тиіс. Қайта оның маз­мұнын қоюландырып, салмағын арт­тыратын тағдырлы тақырып – Желтоқсан.

Атал­ған оқиғаны қазіргі жастар ұмыта бас­тағандай. Себебі біз кеңестік жүйеге қарсы 1986 жылғы бас көтеруді айтуды сиретіп барамыз.

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

06.05.2025
Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

01.05.2025

Екіншіден, Желтоқсан көтерілісі жай­лы жақсы көркем шығарма туған жоқ әзірге. Болашақта жазылар деп сенемін. Се­бебі қаламгерлер уақыт өте келе, жаңа көз­қараспен қайта қорытып, ерекше дүниелер ту­ғызады.

– Әңгіме ұлттық мейрамдарымыз жай­лы болып отырғанда туатын сауал, жал­пы осы той, тойшылдық саяса­ты­ның әлі де қазаққа берері мол деп ой­лай­сыз ба?

– Әрине, бұл үлкен саясат. Мәселен, 2020 жыл дүниежүзі халқына, соның ішінде қа­заққа да өте қиын жыл болды. Ви­рус­тың беті әлі қайтпай тұр. Соған қара­мас­тан Президентіміз өзі бас болып, ғибратқа то­лы мақала жазып, ұлы Абайдың туған кү­нін тамаша атап өттік. Абай даналығын жас ұрпаққа сіңіруге Үкіметтен бастап қа­рапайым адамдарға дейін атсалысты. Әл-Фара­бидің 1150 жылдығы мен Алтын Ор­-д­а­ның 750 жылдығы да аталып өтті.

Ерек­ше айтар жайт – Алтын орданы мектеп оқу­лықтарына дұрыстап енгізуіміз қажет. Ол біздің шын тарихымыздың бастауы. Скиф-сақтардан басталатын тарихымыз өз ал­дына, қазақтың қазақ болып қ­а­лып­тасуында Алтын Орданың үлесі үлкен. Ал­тын орданың негізін қалаған Жошы қазақ же­рінде жатыр. Оның ұрпақтары Еділ-Жайық бойына қан­шама қалалар салды. Ол – біздің тарихымыз. Қазақ мемлекеті – Ал­тын орданың тікелей мұра­гері. Демек, Ал­тын Орданың 750 жыл­дығы – төл мере­ке­міз.

Қазақтың тойшылдығында бір тұр­ғыдан асыра сілтеп жіберетін көлеңкелі тұс­тары да жоқ емес. Бірақ біз секілді ба­тыр­ларын, жазушылары мен өнер адам­дарын, ғалымдарын елеп-ескеріп отыратын ха­лықтар дүниеде көп емес. Тіпті, алпауыт көр­шіміз Ресей де көптеген жазушыларын ұмыт қалдырды. Баяғыдай мықты қалам­гер­лерін ұлықтап жатқан жоқ. Бұл орайда қа­зақ қаламгерлерінің мерейтойлары ата­лып өтіп келе жатқаны – тікелей Қазақстан Жазу­шылар одағының ең үлкен жұмыс­тары­­ның бірі.

– «Ана тілі» газетінде бас редактор бол­дыңыз, сосын сол газеттен бастап бі­раз басылым құрамына енетін «Қа­зақ газеттері» серіктестігін басқар­дыңыз. Ал қазір сол қызметтен кетке­ніңіз­ге де бір мүшел (12 жылдан асты). Мемлекеттік тіл саясатында ілгерілеу бай­қала ма?

– Мемлекеттік тіл саясаты, айта-айта жаңа­ғы әзірде өзің де айтқандай әбден жауыр болған тақырып. Солай екен деп қа­зақ қаламгерлері айтпасқа тағы лажымыз жоқ. Тіл үшін күрес сонау Әлихан Бөкей­ха­нов, Ахмет Байтұрсынов заманынан жал­ғасып келеді. Сол заманнан мұсылман мек­­­тептерін ығыстырып, азайтып, орыс мек­тептерін ашу ісі үздіксіз жүргізілді. Ол Жәңгір ханның, Абай мен Шәкәрімнің тұ­сында Патша үкіметі арнайы қаржы бөліп, қол­ға алған шаруа.

Ұлт тілін қолданыстан шы­ғару мәселесін кеңестік идеология аса іс­керлікпен жалғастырды. Кеңес Одағы ұрпақ­ты орысша тәрбиелеуге жетпіс жылда үл­кен еңбек сіңірді. Соны көріп өстік.

Ме­нің қорқатыным – сол үрдіс әлі жалғасып келе жатқандай. Өз тілімізді қолдауға тым сыл­быр, немқұрайлы қараудан айыға алмай ке­леміз. Мемлекеттік тіл саясаты – Президен­ті­міз өзі басында тұрған мемлекеттік саясат. Сон­дықтан оған қатты көңіл бөлуіміз қа­жет.

Өзің айтқан газетте жұмыс істеп жүрген жыл­дарда, әр облыста тіл басқармалары бар еді. Қазір солардың біразы жабылып қалды. Неге олай? Түсініксіз. Кезінде үлкен қоғам құрыл­ды. Оның жұмысы да бар мен жоқтың ор­тасында. 2020 жылға дейінгі арнайы бағ­дарлама бойынша Қазақстан халқы биыл жүз пайыз қазақша сайрап кету керек бола­тын. Олай болмады. Өкінішке қарай бұл тұ­жырым үлкен мінберден айтылған бола­тын.

Мемлекеттік тіл туралы заң мен бағ­дар­ламалар меніңше 70-80 пайыз орын­дал­ған жоқ. Қазақстанда бірде-бір заң қазақша жа­зылған емес. Тіл туралы заң қазақша жа­зылды деп мақтанатындар бар. Өтірік. Өті­рік екенін мен білемін.

Бұл бағытта ілгерілеу бар ма дейсің, іл­герілеу мектептен, балабақшадан басталады. Кезінде Иманғали Тасмағамбетов бала­бақ­шаларды түгел қазақшалайық деді. Ол жа­салмады. Барлық облыстың іс қағаздарын мем­лекеттік тілге көшіру туралы да бас­тамасы болған. Батыс облыстар соған көше бас­таған. Қазір қайтадан орысшаға ауысты. Іс қағаздарын  да алдымен орысша жазып, қазақшаға аудару, аудармашы ұстау үрдісі де аталмыш саясаттың ілгері басқан аяғын кері кетіретін қиямпұрыс әрекет.

Мемле­кет­тік қызметкер ме, ол іс қағаздарын мем­ле­кет­тік тілде сауатты жүргізуге міндетті. Күні бүгін дүкендерде, орталықтарда, мей­рамханаларда хабарламалардан ас мә­зіріне дейін бәрі-бәрі орысша. Сән-сал­тана­ты, байлығы тасыған қандай жер бар, сол жерде қазақ тілі жоқ. Өйткені ондай құры­лым­ның егесі – үлкен олигархқа қазақ тілі ке­рек емес. Ал заң бәрімізге ортақ. Соларды мойындатпай жағдайымыз жақсармайды.

– Латын әліпбиіне көшу жайында күдік-күмән жоқ емес. Ең бастысы, Ре­сей ықпалына қатысты бұл шаруа аяқ­сыз қалмас па екен деген де қаупіміз бар (?)

– Олай болғанда Тәуелсіздігіміз қайда қа­ла­ды? Басталған іс тоқтамайды деп ой­лай­мын. Кирилицамен шыққан мұрала­ры­мыздан қол үзіп қаламыз деушілер бар. М­е­ніңше қате пікір. Технология дамыған қа­зіргідей заманда, жалғыз күнде сол ал­фавитке ауыстырып аламыз.

Ал әліпбидің мемлекеттік тілге әсері жайына келсек, ал­дымен қазақ тілділер, сосын орыс тілділер де кезең-кезеңімен өтеді деп ойлаймын. Сонда бір алфавит болады. Осы біртұтастық мем­лекеттік тілдің де пәрменділігін арт­тыруы тиіс.

– Сіз соңғы жылдары Қазақстан Жазу­шылар одағында жұмыс істеп жүр­сіз. Енді ұлттық әдебиетіміздің қам-қарекетіне ауыссақ. Баспагер ре­тінде немістермен және басқалармен ара­ласып жүргеніңізді білеміз. Оларда әде­биеттің дамуы, кітап бастыру ісі қа­лай жолға қойылған? Солардың ізі­мен жүретініміз анық қой.

– Әлемдік ақпарат құралдарында «Қағаз бетіне шыққан әдебиеттің күні өтіп барады» деген пікір айтылып жүр. Меніңше ұшқары ай­тылған сөз. Кітапсыз адам баласының мә­дениеті дамымайды. Ал қазақ қалам­гер­лері басқаша ізденуіміз қажет. Қалай бол­ғанда да қазіргі заманауи әдебиетке жа­қындай түспей болмайды.

Еуропада не­міс­тер бар, басқасы бар әдебиеттері өсу үстінде. Өмір­дің тек қара жағын жазуда да емес, жар­қын беттерін көрсетуде де олар алға озып кетті. Өте ауыр, адамның жан дүние­сіне тиетін психологиялық туындылар бой көр­сетуде. Фантастиканы да жан-жақты да­мытуда. Бізде фантастикалық шығар­ма­лар мүлдем жоқ. Психологизм, қым-қуыт оқиғалы детектив бәрі-бәрін дамытуымыз керек-ақ.

Қазақ балалар әдебиеті де біртүрлі бір жерде тұрып қалғандай, әлде өз шеңбе­рін өзі айналып қана жүргендей әсер қал­дыра­ды. Сол мені қатты ойландырады. Кітап, баспа мәселесіне келсек, шетел­дерде жазушы баспамен келісімшартқа оты­рады. Мысалы, америкалық Элизабет Кос­това деген жазушымен, «Тарихшы» деген романын шығару үшін 23 елдің баспагерлері келісім­шартқа отырған. Оның ішінде орыс­тар да бар. Сондай-ақ еліміз кітап дү­кен­­де­рінің кез кел­генінен табуға болатын Милан Кун­дера деген тегі чехословакиялық, бірақ Францияға кетіп қалып французша жазған жа­зушы бар. Оны да орыс баспагерлері шы­ғарған. Орыс баспагерлерінің артықшылық­та­ры көп.

Қазір әлемге бейтаныстау бір жазу­шы Нобель сыйлығын алса, ертеңінде со­ның шығармалары орысша шығып жата­ды. Олар солай қалыптасқан. Біздер олардың қа­сын­да дүниежүзі халықтарының тілде­рін­дегі небір керемет шығармаларды, өз тілі­мізге әлі күнге аудара алмай жүрміз.

Орыс­тарды асырап отырған ТМД елдерін­дегі оқырмандар. Орысша кітап данасы да азай­ды. Бес-алты мың. Ұзағанда он мың. Қа­зақша мықтағанда 100-200 кітап өтеді. Жақ­сы кітаптарға жарнама керек. Қазақ те­леарналары кітап жарнамасына ден қой­са, кітап өтер еді. Ол да тауар ғой. Со­ның ар­қасында баспалар дамып, авторлармен келісімшартқа отыратын халге жетер едік. Халықтың рухани деңгейі көтерілер еді. Ұйымдастыра алсақ, талай жетістіктерге же­туге мүмкіндігіміз бар. Қалай дегенмен де, өз тізгіні өз қолындағы елміз ғой.

Әңгімелескен Дағжан БЕЛДЕУБАЙ

Таңбалар: басты тақырыпқазақ тілілатын әліпбиімемлекеттік тіл
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Алланың 99 есімін атап шыққан адам жәннатқа кіреді..."

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74081 бөлісті
    Бөлісу 29632 Твитерге 18520
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2460 бөлісті
    Бөлісу 984 Твитерге 615

Соңғы жарияланымдар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою